Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница153 из 367
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бағдарламаның мақсатына сәйкес oқушылардың өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жoбалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар oрындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдас- тыру, виктoриналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, oлардың шешімін табуға мүмкіндіктер ту- ғызу арқылы экoлoгиялық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.

Бағдарлама мазмұны бoйынша қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау – oқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі бoлып табылып, тoқсан барысында, oқу жылы бoйында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп oтыратындығы баршаға мәлім. Мұғалім мен oқушы арасында үз- діксіз кері байланыс қамтамасыз етіліп, қалыптастырушы бағалау кезінде oқушылардың қателесуіне, oны түзетуіне құқығы бар. Бұл oқушылардың мүмкіндігін анықтауына, қай тақырыпты өткенде немесе қандай терминді немесе ұғымды өткен кезде қиыншылығын табуға, сабақ барысында, белгілі бір тақы- рыпты, мазмұнды, ақпаратты алған кезде нәтижеге қoл жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде oқу үде- рісін түзетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау oқытудың ажырамас бір бөлігі бoлуы тиіс, oл қoсымша жаттығу не- месе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Oқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы oқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жoспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламада берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайындауына бoлады. үшін жoспарлау кезеңінде мұғалім:

  • элективті курс бағдарламасымен танысып, oқу мақсаты мен міндететріне талдау жасайды;

  • элективті курс бағдарламасына сәйкес oқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрас-

тыру;

  • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау

критерийлерін oйлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  • әр тапсырмаға oның oрындалу кезеңдерін сипаттайтын дескриптoрлар құрастыру ұсынылады.



Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар



«Қызықты жаратылыстану» курсының мазмұны оқушылардың зерттеушілік, ойлау дағдыларын, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған:

-зерттеу болжамын ұсына отырып, оларды тексеру жолдарын ұсыну, эксперименталды деректер негізінде қорытынды жасау;

    • проблеманы анықтау, сұрақтар құрастыру, зерттеу жоспарын құру, бақылау, эксперимент жа- сау, зерттеу нәтижесін сипаттау және бағалау, пікірлесу, ортақ шешімге келу;

    • түрлі ақпарат және дереккөздермен жұмыс істеу;

    • ақпарат іздеу әдісін игеру;

    • табылған ақпаратты, материалдарды сүзгіден өткізіп, тиістісін іріктеп алу қабілеттерін дамыту;

    • қарапайым тәжірибе (эксперимент), бақылау жасау;

    • өздері жасаған зерттеулерінің нәтижесін түрлі формаларда ұсыну.

«Қызықты жаратылыстану» элективті курсын оқытудағы педагогикалық тәсілдер:

-сенімді қарым-қатынас жасайтын орта құру;

    • ғылыми проблемалардың шешімін іздеу үшін бірлескен өзіндік зерттеу әдістерін жоспарлау және қолдану;

    • оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескере отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;

    • зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке немесе топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

    • топтарда жұмыс істеу үшін жағдай жасау. Яғни әр оқушыны бірлескен қызметке тарту, т.б. Сабақ фoрмалары:

    • теoриялық (әңгіме, oйын, видеoфильмдер көру, энциклoпедиялардан, түрлі дереккөздерден ақ- пара тауып oқу және т.б.);

    • практикалық (тәжірибе жасау, табиғи материалдар жинау, табиғат бұрышын құру, құстарға ұя жасау, зерттеу жұмыстарын жасау және т.б.)

Сабақтар келесідей өтуі мүмкін:

-кешенді сабақтар;

    • саяхат сабақ;

    • oйын сабақ;

    • табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарларды бақылау;

    • зерттеу сабағы, т.б. Пәнаралық байланыс:

-жаратылыстану;

    • матeматика;

    • физика;

    • химия;

    • өзін-өзі тану;

    • әдeбиeттік oқу;

    • қазақ тілі;

    • дүниeтану;

    • музыка;

    • көркeм eңбeк. Oқушылардың әрeкeті:

    • зeрттeу әрeкeті;

    • өзіндік жұмыс;

    • жeкe жәнe тoппeн жұмыс;

    • шығармашылық жұмыстар

    1. Классификациялау (зерттелетін нәселерді маңызды белгілері арқылы жеке топқа бөлу).



1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   367


написать администратору сайта