Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница155 из 367
    1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    ҚЫЗЫҚТЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


    4-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    АХМЕТОВА АЙЖАН НУРГАЗЫЕВНА


    М. Базарбаев атындағы №138 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіржазғандар:Жумaбaевa A.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық универcитетінің

    «Бacтaуыш білім беру бaғдaрлaмaлaры» кaфедрacының жетекшіcі, п.ғ.д., профеccор

    Алыпкелова А., 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.


    Түсініктеме хат мазмұны


    Қазіргі таңда жетекші мемлекеттердің білім беру жүйесінде жалпы орта білім берудің құрылы- мында және оқыту мазмұнында білім беру философиясы мен әдіснамасы жаңарып, білім беруді басқа- рудың тиімді жолдары қарастырылып, оқыту мен тәрбиелеу процесіне жаңа технологиялар енгізіліп,

    оқушылардың танымдық белсенділігі мен сындарлы ойлауын қамтамасыз ететін білім беру моделіне көшу, рухани адамгершілік, денсаулық сақтау, экологиялық тәрбие беру рөлі күшеюде.

    Өркениеттің дамуымен адамдардың табиғатқа ықпалы анағұрлым жoғары деңгейде әсер етуде. Жер шарындағы қазіргі жағдайды ғалымдар экoлoгиялық дағдарыстан шығудың жoлдарын қарастыру қазіргі басты міндеттердің бірі бoлып oтыр. Oсы қазіргі таңдағы бірінші oрында тұрған ғаламдық мә- селелердің бірі экoлoгиялық дағдарыстардың алдын алу адамдардың мақсатты бағытта oйластырған іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Оқушыларға ғылыми-жаратылыстану білім беру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жаратылыстану - заманауи ғылымының білім жүйесінің құрам- дас бөлігі болып табылады. Заманауи жаратылыстану негізгі жаратылыстану ғылымдарын келесідей топтастырады:

    • физика, химия, физикалық химия;

    • биология, ботаника, зоология;

    • анатомия, физиология, генетика;

    • геология, метеорология, физикалық география;

    • астрономия, космология, астрофизика, астрохимия.

    Осыған орай ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы мен өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалып- тастыру маңызды болуда.

    «Қызықты жаратылыстану» элективті курсы оқушылардың қойылатын сұраққа өз бетімен жауап іздеуіне, дербес жаңалықтар ашуға, заттардың белгілерін анықтауға, мәселелі жағдайларды шешуге, ойлау іс-әрекеттерін жандандыруға үйрету, ой-өрісін арттыратын іс-әрекеттер арқылы жаратылыста- нуға деген қызығушылықты тудыру, алған білімдерін бақылау мақсатында түрлі тапсырмаларды орын- дауға негізделген.

    Бағдарламаның өзектілігі. «Ғажайып жаратылыстану» элективті курсының мазмұны қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, қоршаған ортаны қорғау туралы қолжетімді біліммен қамтамасыз ете отырып, оқушыларға қарапайым зерттеулер жасауға, жоба жұмыстарын жасауға үйретуді көздейді. Сонымен қатар оқушылардың бақылау, зерттеу, зертханалық жұмыстар мен тәжірибелер жасауына да тапсырмалар берілген.

    Қазіргі әлемде экология мәселесі өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелер- дің біріне айналып отыр. Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проб- лемаларының бірі. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша бағ- дарламада экология мәселесіне арнайы бөлім арналған. Сонымен қатар оқушылардың биология, геог- рафия, геология, астрономия, физика, химия ғылымдары бойынша бастапқы қарапайым дағдыларын қалыптастыру мақсатында да тапсырмалар берілген.

    Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш сынып oқушыларының әлемнің жаратылыстану көрінісін танымдық, тұлғалық, кoммуникативтік әм- бебап oқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

    Бағдарламаның мақсаты оқушылардың алғашқы жаратылыстану-ғылыми көзқарастарын қа- лыптастыра отырып, қарапайым зерттеу дағдыларын дамыту.
    1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   367


    написать администратору сайта