Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница163 из 367
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   367

сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Газды су жасау» тәжірибе сабағы

Тәтті газды суды жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Сондықтан оны қолдан жасап көру олар үшін қызықты болуы мүмкін.

  1. Түрлі дереккөздерден газды су жасау тәсілдерін қарау.

  2. Газды су жасаудың ең оңтайлы әрі тиімді тәсілін анықтау.

  3. Дүкендерде тұрған тәтті газды сулар неліктен денсаулыққа зиянды?

  4. Қолдан газды су жасап көру.

1 тәжірибе


Тәжірибе үшін: 300 мл су, 1 шай қасық сода, жарты шай қасық лимон қышқылы, стакан. Стаканға сода мен лимон қышқылын салып, үстінен таза суды құйады (сілті қышқылды бейта-

раптандырып, көмірқышқыл газы бөлінеді).

№ 2 тәжірибе


Тәжірибе үшін: 400 мл су, 2 шай қасық сода, 100 мл 9% сірке қышқылы, 0,5 пластикалық екі бос бөтелке, түтікше, қағаз майлық.

Бөтелкенің қақпағын тесіп, түтікшені кигіземіз (түтікше ауа өткізбейтіндей нығыз кигізілуі тиіс).

Су құятын бөтелкеде түтікше түбіне дейін тиіп, ал сірке қышқылы құйылатын бөтелкеде түтікше қақ- пақтан сәл шығып тұруы тиіс.

Бір бөтелкенің 2/3 су құйылады. Екінші бөтелкеге сірке қышқылы құйылады. Қағаз майлыққа екі шай қасық ас содасын салып, орап, оны ақырын бөтелкеге салып, шайқайды.
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: Термостың жылуды сақтап тұратын қасиетін зерттеу

Зерттеудің мақсаты: қолда бар термостардың жылуды сақтап тұру қасиетін, күнделікті өмірде қолдану үшін қолайлылығын зерттеу.

Міндеттері:

  1. Термостың шығу тарихын зерттеу.

  2. Термостың құрылысын зерттеу.

  3. Қазіргі нарықтағы түрлі термостарды зерделеу.

  4. Қолда бар термостардың ішінен жылуды жақсы сақтайтынын таңдап алу.

  5. Сұйықтықтың суу жылдамдығы термостың көлеміне байланысты ма?

  6. Қандай колба (шыны немесе мсеталл) жылуды жақсы сақтайды?

  7. Зерттеу нәтижесін қорытындылау.

Зерттеу әдістері: ақпарат іздеу, жүйелеу, салыстыру, қорытындылау.
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Электр – табиғаттың құрамдас бөлігі» зерттеу сабағы

Зерттеудің мақсаты: электр, электр тоғы, электр кернеуі туралы алған білімдерін толықтыру. Міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат жинау.

  2. Электрдің табиғатта болатындығын дәлелдейтін тәжірибелер жасау.

  3. Электр көзімен жұмыс істеу ережесін жасау.

  4. Қорытындылау.

Зерттеу әдістері: теориялық (әдебиеттерді талдау) және эксперимент.
  1. 1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   367


написать администратору сайта