Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 тәжірибе.

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница162 из 367
    1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   367

    Зерттеу әдістері:


    • ғарыш аппараттары туралы түрлі дереккөздерден, ақпарат құралдарынан материалдар жинау, зерделеу;

    • осы тақырыта түсірілген түрлі кино, телефильмдермен танысу.

    • ғарыш аппараттарының суреттерін салу немесе дайын суреттерін жинау;

    • қорытындылау.
    1. сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Ғаламшарға көмектесеміз» ойын-жарыс

    Оқушыларды топқа бөліп, аталған тақырыпта әр топ өздерінің таныстырылымын жасайды. Қол- дан жасаған жұмыстарының, салған суреттерінің көрмесін ұйымдастырады.
    1. бөлім. Физика – біздің айналамызда. Барлығы – 6 сабақ 1-сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: Физика табиғат туралы ғылым

    Күнделікті тұрмыстағы физика туралы әңгімелеу. Физика туралы, физикалық құбылыстар ту- ралы қызықты мәліметтер беру.
    1. сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат» зерттеу сабағы

    Дыбыс – біздің өміріміздің бір бөлшегі. Біз дыбысты ойланбастан қолданамыз. «Жаратылыс- тану» сабағынан оқушылар бұған дейін де дыбыс туралы білім алған болатын. Сол білімдерін жүйелеп, толықтыру мақсатында дыбыс туралы шағын зерттеу сабағын өткізуге болады.

    Зерттеу мақсаты: дыбыс туралы алған білімдерін толықтыру, жүйелеу Зерттеу міндеттері:

    1. Түрлі дереккөздерден дыбыс туралы мәлімет жинау.

    2. Дыбыстың қалай пайда болатынын анықтау.

    3. Біздің дыбысты қалай еститіндігіміз жөнінде білу.

    4. Дыбыстың түрлерімен танысу.

    5. Дыбысқа тәжірибе жасау.

    6. Қорытындылау.

    Зерттеу жұмысының түрі: шығармашылық-зерттеушілік, қысқамерзімді, топтық.

    Зерттеу әдістері: әдебиеттерді зерделеу, ғаламтор желісінен ақпарат іздеу, әңгіме, тәжірибе жа- сау, жасалуы жеңіл музыкалық аспап жасау.

    1 тәжірибе. «Дыбыс қалай пайда болады?» Мақсаты. Дыбыстың пайда болу себебін анықтау.

    Тәжірибе үшін: ұзын сызғыш, созылған ішек (аспаптың ішегі сияқты сым темір).

    Сызғыштың бір ұшын үстелге жабыстырып қойып, екінші ұшын тартамыз. Дыбыс шығады. Бұл уақытта сызғыш дірілдеп, шайқалады. Егер сызғышты қолмен ұстасақ, дірілі басылып, дыбыс басы- лады. Енді ішекті тартып, одан дыбыс шығару. Сосын қолды тамаққа қойып, сөйлеу. Дыбыс шығады. Яғни сызғыш, ішек, адамның тамағынан дыбыс дірілдеп шықты, сонымен қатар ауа да дірілдегендей болды. Осы ауадағы діріл арқылы адам дыбысты естиді. Қорытынды: дыбыс – дірілдеп шығып, жан- жаққа тарайды.

    2 тәжірибе. Дыбыс түрлі орталарда таралады

    Мақсаты: дыбыс түрлі орталарда тарайтындығын дәлелдеу.

    Тәжірибе үшін: жіп, стакандар (йогурттың). Стаканның түбін тесіп, оған жіпті өткізіп, түйіндеп байлап қою. Яғни стакан арқылы ұзын жіп өтіп тұруы керек. Бұл тәжірибені жасау үшін екі оқушы керек. Әрқайсысы бір стаканнан алып, жіпті созып, бір-бірінен алысырақ тұрады. Бір оқушы өзіндегі стаканға дыбыстап сөйлейді, ал екіншісі өзінің стаканы арқылы сол дыбысты естиді. Қорытынды: ды- быс жіп арқылы беріледі.
    3 тәжірибе. Бір оқушы сыныптағы турбаны тақылдатады, ал екінші оқушы оны келесі сыныпта тұрып естиді. Қорытынды: дыбыс металлдарда, яғни қатты заттарда да тараиды.

    Осылайша бірнеше тәжірибе жасап, қорытындылау.
    1. 1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   367


    написать администратору сайта