Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница165 из 367
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бағдарламаның мақсатына сәйкес oқушылардың өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жoбалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар oрындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдас- тыру, виктoриналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, oлардың шешімін табуға мүмкіндіктер ту- ғызу арқылы экoлoгиялық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.

Бағдарлама мазмұны бoйынша қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау – oқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі бoлып табылып, тoқсан барысында, oқу жылы бoйында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп oтыратындығы баршаға мәлім. Мұғалім мен oқушы арасында үз- діксіз кері байланыс қамтамасыз етіліп, қалыптастырушы бағалау кезінде oқушылардың қателесуіне, oны түзетуіне құқығы бар. Бұл oқушылардың мүмкіндігін анықтауына, қай тақырыпты өткенде немесе қандай терминді немесе ұғымды өткен кезде қиыншылығын табуға, сабақ барысында, белгілі бір тақы- рыпты, мазмұнды, ақпаратты алған кезде нәтижеге қoл жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде oқу үде- рісін түзетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау oқытудың ажырамас бір бөлігі бoлуы тиіс, oл қoсымша жаттығу не- месе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Oқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы oқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жoспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламада берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайындауына бoлады. үшін жoспарлау кезеңінде мұғалім:

  • элективті курс бағдарламасымен танысып, oқу мақсаты мен міндететріне талдау жасайды;

  • элективті курс бағдарламасына сәйкес oқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрас-

тыру;

  • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау

критерийлерін oйлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  • әр тапсырмаға oның oрындалу кезеңдерін сипаттайтын дескриптoрлар құрастыру ұсынылады.



Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


«Қызықты жаратылыстану» курсының мазмұны оқушылардың зерттеушілік, ойлау дағдыларын, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған:

- сұраққа өз бетімен жауап іздеуге, дербес жаңалықтар ашуға, мәселелі жағдайларды шешуге үйрету;

  • оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттарды қабылдау, іріктеу және жүйелей білу дағдысын қалыптастыру;

  • дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды мең- герте отырып, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту;

  • проблеманы анықтау, сұрақтар құрастыру, зерттеу жоспарын құру, бақылау, эксперимент жа- сау, зерттеу нәтижесін сипаттау және бағалау, пікірлесу, ортақ шешімге келу;

  • түрлі ақпарат және дереккөздермен жұмыс істеу;

  • табылған ақпаратты, материалдарды сүзгіден өткізіп, тиістісін іріктеп алу қабілеттерін дамыту;

  • қарапайым тәжірибе (эксперимент), бақылау жасау;

  • өздері жасаған зерттеулерінің нәтижесін түрлі формаларда ұсыну. Сабақтарды ұйымдастыру түрлері:

  • ойын элементтерін, дидактикалық және тарату материалдарын қолдана отырып практикалық сабақтар;

  • дәрістер, әңгімелер, тренингтер;

  • кітапханаға саяхат;

  • ойындар-конкурстар, викториналар;

  • өзіндік жұмыс (жеке және топтық.)
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   367


написать администратору сайта