Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Курстың міндеттері:оқушының ой-өрісін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс жасауға үйрету; логикалық есептерді шешуді үйрету; түрлі тапсырмалырды орындау барысында шығармашылық, іскерлік қабілеттерін арттыру; түсіну, түсіндіру, синтез, талдау, жинақтау, қолдану және суреттеу дағдыларын арттыру. Бағдарламының өзектілігі: математикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды шешу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғы- зады. Бұл элективті курс тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағды- лардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Бағдарлама бөлім бо- йынша жүйелі түрде берілген, баланың білімін функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациылық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс жасай алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз бо- лады. Осындай дағдылар оқушының бастауыш мектептегі білім алу тәжірибесінде де, жоғарғы сынып- тарға барғанда да білімінің жетістігінің кепілі болып табылады. 1 сынып. Жылдық сағат саны – 33 Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімісабақ (1 сағат). Тақырыбы: Санау. Сандар реті. Заттарды санап үйрену. 10-ға дейінгі заттарды санайды, сандардың ретін анықтайды. Сынып- тағы біртекті заттарды да санатып көрсету. Санағанда әр санның өз орны мен ретін де айту. Тапсырма- ларды жұппен және топпен де орындатуға болады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сандардың орнын табу. Тақтада сандар аралас беріледі. Сандардың орнын табу тапсырылады, балалар сандар реті бо- йынша сандардың орнын тауып орналастырады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сиқырлы сандар. Сиқырлы шаршыларда берілген сандар бойынша, белгісіз санды тауып үйренеді. https://images.app.goo.gl/TKcn7gGhh6VwhMBJ8 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сиқырлы сандар. Сиқырлы шаршыдағы 10-ға дейінгі санды табу. Сандардың қосындысы 10 саны шығу керек. https://images.app.goo.gl/MtqfmuHzYe43ccPA7 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Санамақтар. Әртүрлі санамақтарды айтып, сандарды реті туралы білу. 6-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Қызықты логика Логикалық есесптер туралы түсіндіру. Оларды шешу жолдарын айтып өту. Логикалық есептер- дің басқа есептерден қандай айырмашылықтары болатынын да көрсету. 7-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Қызықты логика Логикалық есептерді жұптық және топтық жұмыстар арқылы орындату. 8-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Айырмашылықты тап. Екі суреттен алты айырмашылықты табу. Тапсырманы жұптық жұмыс түрінде ұсынуға болады. https://images.app.goo.gl/XbsmAKUvj8yPCcgS7 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Шамаларды өлшеу. Заттардың массасын өлшеу, массаны немен өлшеуге болатынын, таразы туралы әңгімелеп өту, суретте берілген заттардың массаларын табу. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Математикалық ребустар. Математикалық ребустарды шешу туралы әңгімелеу. Математикалық ребустарды шешу жол- дарын көрсету. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Математикалық ребустар. Математикалық ребустарды балалар топтық жұмыс арқылы орындайды. 12-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Не ауыр? Не жеңіл? Таразыда берілген заттардың массасын олардың көлеміне қарап білу. Мысалы, алма мен алмұрт берілген таразыда алмұрт ауыр екенін таба отырып, екінші таразыда алмұрт пен апельсин берілген таразыдағы апельминнің ауыр екенін табады. Осылайша ең ауыр жеміс апельсин екенін, ең жеңілі алма екенін табады. 13-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Фигуралар тізбегі. Фигуралардың орналасу ретіне қарай, тізбектегі фигураны табуға үйрену. Фигуралардың орна- ласуына балалардың назарын аудара отырып, ары қарай фигуралар тізбегінде келетін фигураларды атау. https://images.app.goo.gl/T1UB6ZBNBCxn99xJ8 14-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жазық фигуралар. Жазық фигуралар туралы әңгімелеу. Суреттерден жазық фигураларды тауып белгілеу. 15-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Кеңістік фигуралар. Кеңістік фигуралар туралы түсіндіріп өту. Суреттерден кеңістік фигураларды табу және олар- дың атауларын білу, кеңістік фигураларды тауып белгілну. Топпен жұмыс жасау. https://images.app.goo.gl/Kpj3G48MBBDGwNjA9 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Үйшіктегі фигуралар. Үйшіктегі фигуралардың атауын білу, заңдылықтарға сүйене отырып үйшіктегі бос орындарды тиісті фигуралармен толықтыру, сызбасын сызу не қажетті фигураны ілу. Алдын ала қажетті фигура- ларды түрлі түсті қағаздардан дайындап қою. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жинақтау. Заттарды жинақтау туралы көрсету. Аралас берілген заттарды жинақтауды балаларға ұсыну. Балалар жұмысты жұптық жұмыс түрінде орындай алады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Топтастыру. Заттарды белгілері бойынша тортарға бөліп көрсетеді. Бөлінген топтарға атау беріледі. Мы- салы, жануарлар тобы, ойыншықтар тобы. Заттар бейнеленге қағаздарды сыныптағы балаларды неше топқа бөлетінен қарай мұғалім алдын ала дайындап қобына болады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Топтастыру. Заттарды белгілері бойынша топтастыру. Жұмысты жұптық не топпен орындатуға болады. 20-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Математикалық боямақ. Өрнектердің мәнін табу арқылы, суретті тиісті түспен бояу. https://images.app.goo.gl/LkZvAzTi5cEKDSXA6 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сиқырлы шаршылар. Сиқырлы шаршылардағы сандардағы сандарды табу үшін, тігінен, көлденеңінен септеу арқылы сиқырлы шаршының мәнін түсіндіру. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар. Сиқырлы үшбұрыштар туралы әңгімелеу. Сиқырлы шаршының мәнін балалармен бірге шешіп көрсету. Топтық жұмыс ретінде тапсырма ұсыну. https://images.app.goo.gl/mWyyWNMFPx9DPjPs5 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жасырын сандар. Өрнектер беріледі. Өрнектердегі жасырын сандарды табу жолын көрсету. 24-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жасырын амалдар. Өрнектердің мәні бойынша қалып қойған жасырын амалдарды табу. Балалар жұппен жұмыс жасай отырып, тиісті қосу не азайту амалдарын табады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Уақыт өлшемі. Сағат. Уақыт өлшем бірліктері туралы әңгімелеу. Уақыттың өлшем бірлігі сағатпен жұмыс жасау. Балларға алдын ала қағаздан дайындап келген жылжымалы сағат үлгілерін қолдана отырып, көрсетіл- ген уақытты көрсету. Сағаттық және минуттық тілдерін тапқызу. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Тізбек бойынша есепте. Тізбек бойынша жылдам есептеп үйрену. Тапсырманы «Кім жылдам?» ойыны арқылы орында- туға болады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Мысалдар тізбегі. Мысалдар тізбегінің мәнін табу, жұмыстарын өзара бағалау арқылы тексеру. 28-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Заңдылықтар. Дөңгелектердің орналастыру заңдылықтарын анықтау, көрсетілген заңдылыққа сүйене отырып бос орынға дөңгелектерді орналастыру. https://images.app.goo.gl/QcPTMxm7eXFb9MbE8 сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Есептер шығару. Есептерді оқи отырып, берілгені мен суреттер бойынша есептердің шартын құру және сызба- ларын сыза отырып, есептерді, парталас досымен бірге шығару. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Әртүрлі есептер. Әртүрлі мазмұндағы есептерді кем, артық, нешеуі артық, нешеуі кем т.б. шығару, кері есептер құрастыру. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Арифметикалық пирамидалар. Саннның құрамын еске түсіру мақсатында арифметикалық пирамидаларды шығарып үйрену, 32-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жылдам есептеп үйрен. Бірнеше амалдан тұратын мысалдарды жылдам әрі шапшаң шығарып үйрену, бір-бірінің жұ- мыстарын өзара бағалау. 33-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Нәтиже сабақ. Алған білімдерін жинақтап, қорытындылайды. |