Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница176 из 367
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Бағдарлама мақсатына сәйкес математикалық ребустар шешу, логикалық тапсырмалар орын- дау, түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану, жинақтау, бағалау сияқты дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Бағдарламада берілген тапсырма- лар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекетіне негізделген жаттығулардан тұрады. Оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алады. Осы бағытта оқушылардың алған білім-білік дағдыларын нақ- тылауға қалыптастырушы бағалаудың маңызы зор.

Қалыптастырушы бағалау – бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы білімді меңгерудің мақсатын нақтылай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуде, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай бі- луіне, жоғары деңгейге жетуге ынталауына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты – оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, оқушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім – оқушы арасындағы кері байланысты орнату. Оқушылар білімін «Бағдаршам сиг- налдары», «Жетістік баспалдағы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Білім шыңы», «Жеміс ағашы» т.б. бағалау түрлерін қолданып бағалауға болады. Топпен жұмыстарда бағалау критерийлерін алдын ала дайындап, сол арқылы оқушы жетістігін көруге болады.

Мұғалім оқушыларды:

    • мақтау;

    • мадақтау;

    • қолдау көрсету;

    • ынталандыру;

    • қолпаштау;

    • қошеметтеу арқылы ынталандырып отырады.

Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі – кері байланыс әре- кеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Кері байла- ныс – бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әреке- тіне өзгерістер енгізуге көмектесіп, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынып оты- рады.

Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынадай дайын үлгілер беруге болады:

  1. Мен жаңадан білген үш нәрсе Мен бұрыннан білетін екі нәрсе Менің білгім келетін бір нәрсе

  2. Мен білдім Мен тыңдадым

Өзіме ашқан жаңалығым Мынадай қорытындыға келдім Мен түсіндім

Оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулықтар


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім берудегі ең басты мақсат – оқушы тұлғасы- ның үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, жан-жақты қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушының өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Баланың сын тұр- ғысынан ойлау, АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функционалдық сауатты- лықты, шығармашылықтықолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру үшін оқыту әдіс-тәсілдерін: бір- лескен оқу, модельдеу, бағалаудың тиімді стратегияларын қолдана білу.

Сабақта қолданатын түрлі әдіс-тәсілдер:

    • өзіндік жұмыс;

    • жеке, жұппен, топпен жұмыс;

    • зерттеу әдісі;

    • шығармашылықпен айналысу;

    • ойын әдістері т.б.

Сабақты ұйымдастыру түрлері:

  • ойын элементтерін, дидактикалық және тарату материалдарын қолдана отырып практикалық сабақтар;

  • ребустар, сөзжұмбақтар, іскерлік ойындар;

  • өзіндік жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс; Қызмет түрлері:

  • танымдық;

  • ойын;

  • іздену-зерттеу;

Пәнаралық байланыс:

    • жаратылыстану

    • дүниетану

    • әдебиеттік оқу

    • қазақ тілі

    • музыка

    • көркем еңбек



1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   367


написать администратору сайта