Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница178 из 367
    1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТ- ТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ


    4-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    БУКЕТОВА ҚЫМБАТ АРТЫҚБЕКҚЫЗЫ, ИГИЛИКОВА ГҮЛЖАЗИРА АББАЗҚЫЗЫ, РАМАЗАНОВА ФАРИДА БАЗАРГАЛИЕВНА


    №177 Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері
    Пікір жазғандар: Сайдахметова Л.Т., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, п.ғ.д., доцент. Исабаева Э.Н., №2 Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.

    Түсініктеме хат мазмұны



    Қазіргі таңда жаһандық құзыреттіліктің басты талаптарының бірі функционалды сауаттылық. Бастауыш сынып математикасында оқушыларда математикалық сауаттылықтың бастапқы баспалдақ- тарын қалыптасытырып қана қоймай, математикалық есептердің түрлерін, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері, жаңашыл сабақ формалары арқылы меңгертіп, оқушылардың пәнге деген қызығушы- лықтарын арттыру пәннің негізгі мақсаттарының бірі. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары- ның логикалық ойлауын дамыта отырып, есептерді бірнеше жолмен тез шығару жолдарын меңгертіп, математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, зерттеу және қарым- қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

    Сол себепте бүгінгі ұсынып отырған «Бастауыш сыныпта логикалық есептер арқылы математи- калық сауаттылықты дамыту» атты элективті курс аталған қабілеттерді дамыту мен қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, оқушының танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылықа бейім құзіретті тұлғаның дамуына ықпал ету, логикалық ойлауды қалыптас- тыруға бағыттай отырып, жаңартылған мазмұндағы білім беру талаптарына сәйкес:

    • математиканы тереңдете меңгеруге ынтасын арттыру, оқушыларды пәнге қызықтыру әре- кеттерін қалыптастыру;

    • ойын дәлелді жеткізе білу дағдыларын жаттықтыру;

    • математикалық терминдермен сөйлеуді, логикалық ойлай білуге машықтандыру;

    • шығармашылық ізденіске жетелеу болып табылады.

    Бағдарламаның өзектілігі: Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты маңызды болып отырған мәселе «Hені oқыту керек?» және «Қалай oқыту керек?» сұрақтарына жауап ретінде жаңартылған мазмұндағы білім беру үрдісінде шығармашылық жұмыспен айланыса отырып, «Қандай жағдайда бәсекеге қабілетті ХХІ ғасыр шәкірттерін дайындап шығара аламыз?»-де- ген сұраққа нақты қадамдар жасадық. Міне, осы сұрақтарға жауап іздеуге өз үлесін қосу әр педагогтың басты парызы. Ондағы басты мақсат - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Pеспубликасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған, бәсекеге қаблетті азаматтарын қалыптастыру. Қа- зіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала басталған- дығын ескерe отырып, басты өзектілікті логикалық есептер арқылы математикалық сауаттылықты да- мытуға бағыттадық.

    Бағдарламаның мақсаты: Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып , алған білімін сы- ныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету арқылы мектеп oқу- шыларының функционалдық cауаттылығын дамыту негізгі мақсаттарымыз болып табылады.

    Авторлық бағдарламада қамтылған дидактикалық материалдар арқылы «Математика» пәнінің бастауыш сыныптардағы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосу және осы еңбектегі тәжірибелерімізді барша әріптестерімібен бөлісіп жас мамандарға көмек көрсетуді мақсат еттік.

    Білім, білік, дағдының мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсететін өлшем - «сауаттылық» болса,- жалпы, cауаттылық aдмның білімділігіне қатысты ұғым eкені айқын. Олай болса, логикалық есептер арқылы математикалық сауаттылықты дамыту зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты болып айқын- далды.

    1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   367


    написать администратору сайта