Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Бағдарламаның мақсаты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница143 из 367
    1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    ҚЫЗЫҚТЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


    3-сынып оқушыларына арналған

    ( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    СЕИДИКЕНОВА АЛМА СМАИЫЛОВНА


    М. Базарбаев атындағы №138 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіржазғандар:Жумaбaевa A.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық универcитетінің

    «Бacтaуыш білім беру бaғдaрлaмaлaры» кaфедрacының жетекшіcі, п.ғ.д., профеccор,

    Алыпкелова А.Р., 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.

    Түсініктеме хат мазмұны


    Қазіргі таңда адамзаттың табиғатқа ықпалы ғаламдық деңгейде әсер етуде, сондықтан қоғамның қазіргі даму кезеңінде ғылыми-жаратылыстану білім аса маңызды болып отыр.

    Бастауыш сынып оқушысы – қоғамның бір мүшесі.Олар біздің еліміздің, жалпы планетаның та- ғыдырына жауап беретін болады. Адамның табиғатпен қарым-қатынасы арқылы жүру – оның заңды- лықтарын саналы түрде қолдану мақсатында тану екендігін олар түсіне ала ма? Болашақ ұрпақтың экологиялық мәлениетінің даму деңгейі көбінесе мұғалімнің ғылыми-жаратылыстану және жараты- лыстануды оқыту әдістемесін жүзеге асырушы ретіндегі әдістемелік дайындығына байланысты бол- мақ. Ол үшін мұғалім алдымен мына сұраққа жауап беруі тиіс: «Жаратылыстану» пәнін бастауыш сы- ныптарда оқытуда «бастауыш сынып оқушыларына табиғат, қоршаған орта, өзінің жаратылысы, ағ- засы және адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасын не үшін оқыту керек?», екінші «бастауыш сы- нып оқушыларын неге оқыту керек, сонымен қатар олардың бойында қандай тұлғалық қасиеттерді да- мыту керек?», үшінші «жаратылыстан пәнін қалай оқыту керек? дамытушы ортаны қалай қалыптасты- рады? деген сұрақтарға жауап беріп көруі керек. «Қызықты жаратылыстану» элективті курсының бағ- дарламасы осы сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеуге бағытталған.

    Жаратылыстанудан білім беруде бастауыш сынып оқушыларының биология, география, геоло- гия, астрономия, физика, химия ғылымдары бойынша бастапқы қарапайым дағдылары қалыптасады. Сондықтан осы ғылым саласын оқушылардың тереңірек білуі үшін, тиісті дағдыларын қалыптастыру үшін курс тақырыбы «Қызықты жаратылыстану» деп алынды.

    Бағдарламаның өзектілігі. Жаратылыстану оқу пәні ретінде табиғат туралы ғылыммен тығыз байланысты, бірақ мектептік бағдарлама мен жаратылыстану ғылымы арасында мақсаты, құрылымы,

    әдіс-тәсілдері жағынан біршама айырмашылық бар. Жаратылыстану ғылымының мақсаты – зерттеу арқылы табиғат туралы жаңа деректер алу. Ал оқыту әдістемесі оған қарағанда табиғаттың даму заң- дылықтарын зерттемейді, оқушыларғы табиғат туралы ғылымның негіздерін оқытудың педагогикалық процесін зерттейді.

    Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш сынып oқушыларының әлемнің жаратылстану көрінісін танымдық, тұлғалық, кoммуникативтік әмбе- бап oқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

    Курстың мазмұны 3-сынып оқушыларын табиғаттың, қоршаған ортаның ерекшеліктері, қорша- ған ортаға қамқорлық, ғаламшар, ғарыш, біздің айналамыздағы физика, экология туралы бастапқы қа- рапайым білім берумен қатар, өздерін зерттеуші ретінде сезініп, шағын жобалық жұмыстар мен зерттеу жұмысын, тәжірибе жасауға үйретеді. Ұсынылған материалдар оқушылардың жас ерекшелігін, олар- дың қызығушылығын ескере отырып берілді.

    Бағдарламаның мақсаты - оқушылардың алғашқы жаратылыстану-ғылыми көзқарастарын қа- лыптастыра отырып, қарапайым зерттеу дағдыларын дамыту.

    1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   367


    написать администратору сайта