Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Таңғажайып жануарлар әлемі Оқушылар жануарлардың алуан түрлілігі, олардың көбеюуі, бейімделуі, тіршілік үшін күресі ту- ралы «Жаратылыстану» пәнінен толық ақпарат алатын болады. Сондықтан оларды таңғажайып, ерекше жануарлармен таныстыру. Біздің планетамызда көптеген қызықты әрі өзінше ерекше жануарлар өте көп. Сол туралы әңгі- мелеу, таныстыру. Міндеттері: Аталған тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу. Таңғажайып жануарлардың алуан түрлілігін қарастыру. Алынған мәліметтер бойынша нәтижесін альбом немесе презентация ретінде рәсімдеу. Қорытындылау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Ғажайып панда» шағын жоба Табиғатта өзінше ерекше, тіпті ертегідегідей жануарлар да кездесетіндігін алдыңғы сабақта оқу- шылар білді. Соның бірі – Панда екендігін де білді. Осы сабақта Панда туралы толық ақпарат алуға болады. Зерттеу мақсаты: Панда аюының неліктен Қызыл кітапқа енгендігін теориялық тұрғыдан негіз- деу, жойылудан сақтау жолдарын қарастыру, ұсыныстар жасау. Зерттеудің міндеттері:Панда аюының тіршілік ету ерекшеліктерін зерделеу. Жойылып кету себебін анықтау. Панда аюын жойылып кетуге жол бермеу жолдарын қарастыру. Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді талдау және жинақтау, тақырып тұр- ғысынан зерделеу, іріктеу, жүйелеу, сараптау, салыстырмалы талдау, тұжырымдау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Көбелектер туралы шағын жоба Зерттеудің мақсаты: Көбелектің ерекше қасиеттерімен таныстыру, жалпы сипаттамасын, тір- шілік мекені мен бейнесін зерттеу. Зерттеудің міндеттері:Көбелек туралы дереккөздерді зерделеу. Түрлерін талдау, ерекшеліктерін зерттеу. Тірі табиғат нысандарына деген қызығушылығын ояту. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Қоршаған ортаға қамқорлық» дөңгелек үстел Қоршаған ортаға қамқорлық жасаудағы менің үлесім. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Табиғат – біздің үйіміз Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру бөлім. Экология әліппесі Барлығы – 7 сабақсабақ (1 сағат) Тақырыбы: Экология дегеніміз не? Aдaм дeнcaулығы жәнe экoлoгия Экoлoгиялық фактoрлардың адам денсаулығына әсерін қарастыру. Адам денсаулығы. Денсау- лықты сақтау критерийлері мен фактoрлары. Денсаулық туралы ақпарат беру. Мектеп медбикесінің қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында әңгімелесу. |