Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница125 из 367
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   367

Бактериялардың түрі қандай болады?


Бактериалар көп болған кезде ғана олардың колонияларын байқауға болады. Олар түрлі-түсті әрі көлемі де әртүрлі болуы мүмкін. Ал енді олардың өзін көру үшін микроскоп керек. Микроскоппен қарағанда бактериялар майда, ұсақ шар сияқты немесе сопақша болып келеді. Дөңгелек бактерияларды кокки деп, ал сопақшаларын таяқшалар деп атайды.

Қорытынды: бактериялар барлық бөлмеде болады, бірақ олардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жуынатын бөлме мен ас бөлмесінде бактериялар көп болуы мүмкін де, ал терезесі ашық тұр- ған үлкен бөлмеде аз болуы мүмкін, т.б.

Осылай зерттеу жұмысын жүргізіп, белгілі бір қорытындыға келуге болады.
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Қолдан ермексаз жасау» тәжірибелік сабақ.

Оқушылар «көркем еңбек» сабағында ермексаздан түрлі мүсіндер жасайды. Сондықтан, оларда мынандай сұрақтар туындауы мүмкін:

  1. Ермексаз бала денсаулығы үшін қауіпсіз бе?

  2. Ермексаз неден жасалынады?

  3. Ермексаз сатып алғанда оны қалай таңдау керек?

  4. Үй жағдайында ермексаз жасауға бола ма?

Сұрақтарға жауап беру үшін келесі тапсырмалар орындалады:


  1. Ермексаз қашан және қалай пайда болды? (түрлі декеккөздер арқылы ақпарат іздеу).

  2. Ермексаздың құрамын зерттеу.

  3. Сапалы ермексазды қалай білуге болады? (ол үшін ермексаздың құрамын мұғалім алдын ала зерттеп, бір сапалы ермексаз дайындап қояды).

  4. Қолдан ермексаз жасау.

  5. Қорытындылау.

Қолдан ермексаз жасау.


Түрлі дереккөздерді қарап, зерделеп ермексазды қолдан жасауға болады. Соның ішінде бір үл- гісін ұсынуға болады:

Керекті заттар: ұн 1 стакан, тұз ½ стакан, суық су 1 стакан, өсімдік майы 1 ас қасық, лимон шырыны немесе лимон қышқылы 1 ас қасық, әртүрлі түсте тағамдық бояуыштар.

Жасалуы: Үлкен ыдысқа барлық заттарды (ұннан басқасын) араластырып саламыз. Ыдысты отқа қойып, жылытамыз. Оттан алып, ұнды қосып, тұтас масса болғанға дейін араластырамыз. Ермек- саз дайын.

Сонымен қатар, қолдан ермексаз жасау үшін оны отқа қоймай-ақ жасайтын рецептісі де бар.
Мысалы, кәдімгі тұзды қамыр. Ол үшін: 250 мл су, 1 стакан тұз, 2 стакан ұн, өсімдік майы керек. Осы

заттармен кәдімгі нан иленеді.

Қорытынды: Қолдан жасалған ермексаз бала денсаулығына қауіпсіз әрі зияны жоқ. Қымбат емес. Құрамындағы заттардың барлығын табуға болады. Сонымен қатар, көп уақытты алмайды.
  1. 1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   367


написать администратору сайта