Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница281 из 367
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бағдарламаның мақсатына орай бұл элективті курс құрылымы оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын ғана арттырып қоймай, сонымен қатар интеллектуалдық қабілеттерін арттыру мақсатында әртүрлі ойындар, сайыстар, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер, әзіл есептер, матема- тикалық басқатырғы түрінде түрлендіріліп беріліп, математикалық сауаттылықты дамытуға бағытта- лады.

Бағдарлама мазмұны математика пәнін оқытуды оңтайландыру мақсатында әртүрлі қызықты та- қырыптарды қамтыды. Тақырыптар да оқу мақсатына сәйкестендіріліп алынды. Оқушылардың қызы- ғушылығын арттыру үшін нақты тақырыптар емес, математикалық дидактикалық ойындар, сайыстар түрінде берілді. Элективті курс оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде жасалғандықтан, математика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетудің қосымша құралы болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қамтамасыз ететін үдеріс болғандық- тан, мұғалім берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайын- дауына бoлады. Қалыптастырушы бағалау оқушының жауапкершілігін, өз бетінше ізденуін, күнделікті сабаққа дайындығын, пәнге қызығушылығын арттыратындықтан, элективті курста да жүзеге асыры- лып отырғаны дұрыс.

Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


«Таңғажайып математика» курсының мазмұны оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін да- мытуға бағытталған:

- математика пәні туралы тарихи және қызықты деректермен таныстыру;

  • оқушыларды әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы математика пәніне қызықтыру;

  • қызықты тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • түрлі ақпарат және дереккөздермен жұмыс істеуге бағыт беру;

  • өз бетінше ізденуге, алған білімдерін жүйелі пайдалануға ықпал ету. Сабақтарды ұйымдастыру түрлері:

  • танымдық, шығармашылық сабақтар;

  • жеке, жұптық, топтық жұмыс;

  • ойындар, сайыстар, байқаулар;



Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:



«Таңғажайып математика» элективті курсының бағдарламасы бoйынша білім алған 2-сынып oқушысының:

  • математика пәнінің ерекшеліктерін ұғынуға талпынысы қалыптасады;

  • математикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға дағдыланады;

  • өздігінен іздену, сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасады;

  • логикалық тапсырмаларды орындау арқылы ой еңбегіне үйренеді;

  • жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге қалыптасады;

  • әртүлі ойындар, сайыстар, байқауларға қатысу арқылы бәсекелестікке дағдыланады;

  • математика пәнінің күнделікті өмірде қолдануда маңыздылығын түсінеді.



Пайдаланылған әдебиет



    1. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы).

    2. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік oқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж. №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).

    3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мем- лекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 Қаулысы).

    4. «2021-2022 oқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы oрта білім беретін ұйымдарында oқу прoцесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2021 ж.

    5. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарова Математика оқулығы, 2-сынып, «Алматыкітап» бас- пасы, 2017 ж.

    6. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагoгикалық шеберлік oр- талығы. Астана, 2015 ж.

    7. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бoйынша нұсқаулық: Oқу-әдістемелік құрал / «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / O.И.Мoжаева, А.С.Шилибекoва, Д.Б. Зиеденoваның редакциясымен. Астана, 2016. 48 б.

    8. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі,

«Фолиант» баспасы, Астана 2007 ж. 18 б.

    1. Жикалина Т.К. 2-сыныпқа арналған математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар, Алматы 1992 ж. 3-15 б.

    2. Б.М.Қосанов Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар, 2-сынып мұғалімде- ріне арналған әдістемелік құрал, Алматы 1998 ж.

    3. Әбілқасымова А.Е., Сарбасова А.Қ. Бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесінде қазақ этно- педагогикасы материалдарын пайдалану, Алматы 1996 ж.

https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/bastauish-sinip-okushilari-ushin-logikalik-oilauga-arnalgan-tapsirmalar/

https://infourok.ru/matematikadan-intellektualdi-oyin-erudit-1055860.html

https://ust.kz/word/intelektyaldy_oiyn_sana_bolja_tap_matematikalyq_estafeta-182067.html


1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   367


написать администратору сайта