Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
БАҒДАРЛАМАэлективті курс ТАҢҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА(2-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) ТУРУМБЕТОВА АЗИЗА АБДРАСИЛОВНА№177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пікір жазғандар: Карсыбаева Р.К., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, педагогика ғы- лымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Абдрахманова К.С., Ы.Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Түсініктеме хат мазмұныМатематика – «ғылымдардың патшасы» деп бекер айтылмаған. Математика пәні оқушылардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есте сақтау және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және еңбекқорлыққа баулуға септігін ти- гізеді. Математиканың әрбір адамзаттың өміріне қажеттілігі осының дәлелі. Күнделікті тұрмыста, тіпті технология дамыған заманның өзінде математиканы қолдану ауқымы артпаса, керісінше кемімейді. Математика - адамның логикалық ойлау қабілетін арттырудың басты құралы. Математиканы жақсы меңгерген оқушы өз білімін тәжірибеде, өмірде қолдануға бейімделеді. Математика байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі. «Таңғажайып математика» элективті курсы бастауыш сынып оқушыларының математика пә- ніне қызығушылығын арттыруға, логикалық тапсырмаларды орындауға, жалпы ой-өрістерін дамытуға бағытталған. Бағдарламаның өзектілігі. «Таңғажайып математика» элективті курсының мазмұны ойын элементтерін пайдалану және әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың математикалық сауаттылы- ғын арттыруға негізделген. Сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдауға арналған шы- ғармашылық тапсырмаларды қамтиды. Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыра отырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Бағдарламаның міндеттері:oқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын меңгертудің тәсілдерін игерту; логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу; математикалық білімдерін іс жүзінде қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру; өздігінен іздену-зерттеушілік, ақпаратты дұрыс қолдану дағдыларын дамыту; ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру; оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану; білім алуға, еңбекқорлыққа баулу. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 2-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат |