Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Ақпараттық-әдістемелік бөлім«Жас математик» бағдарламасында көрсетілген жұмыстар оқушылардың математикаға ықы- лас қоюына баулиды және олардың зейінін, ойлау, жадында сақтау процестерін дамытады. Матема- тика пәнінен білімін толықтырумен қатар математикалық жоба жасау, сөзжұмбақтар, жұмбақтар шешу, түрлі көрсетілген ойын түрлері арқылы функционалдық сауаттылықтары артады. Жұптық, топтық, ұжымдық - жұмыстар орындалады.
Оқушылардың оқу жетістіктері айқындалады. Ұжым қалыптасады. Оқушыларға білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін бағалау критерийлері қолданылады. Оқу мақсаттарын іске асыру және жоспарланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін, критериалды бағалау жүйесі нақтыла- нады. Бұл орайда бағалаудың негізгі қағидаттары: жүйелілік, дәйектілік, объективтілік, ашықтық, өзек- тілік, шынайылық басты назарға алынады. Бағалаудың барлық түрлері қарастырылған. қалыптастырушы - білім алушылардың білімдері мен дағдыларының қалыптасуының ағым- дағы деңгейін анықтайтын, білім алушыларға жаңа материалды оқу кезеңінде тапсырмаларды қанша- лықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік беретін ба- ғалау; жиынтық бағалау - оқу бағдарламасының бөлімдерін оқу аяқталғаннан кейін білім алушы- лардың білімдерін меңгеру және дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтайтын бағалау. Оқу нәтижесінде оқушы мынадай дағдыларды игереді: білімін толықтырады; материалды толық түсінеді; зерттелген материал бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Білімді меңгеруде мынадай тәсілдер қолданылды: практикалық жұмыс, жобалық жұмыс және т.б. тиіс; |