Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
«Жас математик» элективті курс бағдарламасы келесі нормативтік - құқықтық құжат- тарды негізге ала отырып әзірленді:Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы). Бастауыш білім беру деңгейінің 1 – 4 - сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж. №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576). Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға ар- налған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы). Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арнал- ған ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы). Қазақстан Республикасының экология кодексі (Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі). Бағдарламаның мақсат, ерекшелігі, нәтижесі, міндеттері Бағдарламаның мақсаты:Математика курсының мазмұны арқылы танымдық іс - әрекет пен өздігінен білім алуға бейім- деу. Оқушыларға білім - білік дағдыларын игерту, математикалық білімді өмірде қолдануға жан - жақты дайындықты жүзеге асыру. Бағдарламаның міндеттері:Оқушылардың білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерді қанағаттан- дыру, жас ерекшеліктерін ескеріп, тәуекел ету қабілеттерін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету, «Сөзден – іске көшу». Интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділіктерін дамыту. Математиканың қоршаған болмысты танып - білуге көмектесетін ғылым екендігі туралы тү- сінік беру. Оқушылардың өмір тіршілігіне қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, жағдаяттарды шешу, шешім қабылдауға ұмтылдыру. Оқушылардың туа біткен ақыл – ой қабілетінің жеке дамуының жан – жақтылығына негіздел- ген білім беру. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидат- тары ескерілген:Сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АКТ ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тә- сілдерді меңгере алады. Оқушылар өз бетінше білім алуға талпынады. Қалыптастырушы бағалау - күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып оты- рады. Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Баланың ойлау қабілетін дамытып, жан - жақты ізденуіне жағдай жасайды. |