Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқауларҰсынылып отырған бағдарлама 4-сынып оқушыларының өз беттерінше тапсырманы орында- уына, бірлесіп әрекет етіп, сұрақтардың шешемін табуына, оқу нәтижелерін жақсарту мақсатында дер кезінде мұғалім тарапынан кері байланыс алып, бірін-бірі оқытуға негізделіп жасалған.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың белсенді формалары топтық жұмыс, жеке, жұптық жұмыс, пікірталас, ойын әдістерін қолдануға болады. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде* тірек сөздерді орынды қолдану арқылы монолог құрастыру; *мәтін бөліктерін ретке келтіріп орналастыру ; *өз беттерінше мәтін мазмұнына байланысты ашық сұрақтар құрастырып, жұбымен талқылап жауап жазу; *мәтіндерді оқып, стилі бойынша ажырату дағдыларын дамыту үшін оқытудың белсенді фор- маларын тиімді қолдану керек. Сөйлемдердің құрылымын анықтау мақсатында*сөйлем, сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажырату; *сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді табу; *тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, күнделікті сөйлеу барысында қолдану; * қысқарған сөздердің маңызы, қолданылатын орнын талдау; *қос сөздер мен біріккен сөздердің жазылу ерекшелігін салыстыру; *сөйлемдерді мағынасына қарай дұрыс қолдана отырып, шығарма жазу, ойларын дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту көзделеді. Морфология еліне саяхат*сөз таптары,олардың сөйлем ішіндегі орны; *жалғау түрлері, айырмашылығы; *есімдіктің сөйлемдегі қызметі, түрлері; *етістіктің сұрақтары мен сөйлемдегі қызметі, шақтарын анықтау *жіктік жалғауының етістікке дұрыс жалғап, білімдерін пайдалану; *шылау мен одағай сөз таптарының ерекшеліктері мен оларды сөйлеу барысында қолдану; *қарсы мәндес сын есімдер жайлы алған білімдерін жинақтайды. Мұғалім мен оқушыға ұсынатын әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Байтұрсынұлы А. «Тіл тағылымы». Алматы: Ана тілі, 1992 жыл. Байтұрсынұлы А. «Жазу мәселесі» Алматы: Ғылым, 1993 жыл. Байтұрсынұлы А. «Емле туралы» ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000 жыл. Еспекова Л. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы». Алматы: «Эверо», 2014 жыл Жүнісбеков Ә. «Төл әліпби – төл жазу». – Алматы: «Дайк-Пресс», 2017 жыл Ерғалиев Қ.С. «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы». Оқу құралы. 3-басылым. – Павлодар: «ПМПИ баспасы», 2016 жыл «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова. Интербелсенді әдісті мектепте қолдану Асхат Әлімов Алматы 2015 ж. Э.Б. Бапиева, П.Е.Мұқашева Қазақ тілі оқушы анықтамалығы (1-4 сыныптар) «Арман-ПВ» 2012жыл Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА,2014.-54 б. Google.kz Интернеттен алынған мәліметтер Google.ru Интернеттен алынған мәліметтер |