Главная страница
Навигация по странице:

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы»

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Курстың

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница266 из 367
    1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

    ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ОҚУ, ЖАЗУ, ТАЛДАУ ГРАММАТИКАСЫ


    4-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    ОСПАНОВА Г.С.


    №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіpжaзғaндap:Туралбаева A.Т., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының аға оқытушысы, PhD, пpoфеccop Мергенбаева Н.О, 148 мектеп-гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp


    Түсініктеме хат мазмұны


    Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы және ойлау құралы. Ол үнемі оқып үйрену арқылы жетілдіріп отыруды қажет етеді. Тілді жетілдіру адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жазба жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыруда жазба жұмыстары-

    ның алатын орны ерекше. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан, оған көңіл бөлмеу мүмкін емес. Жазба жұмыстарына: сурет бойынша мәтін құрастыру, мазмұндама, диктант, шы- ғарма жазу, мәтінмен жұмыс істеу, сұхбат құрастыру т.б жұмыс түрлері жатады.

    Бұл бағдарлама 4-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай дайындалған. Бағдарламаны құрастыруды 4-сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы негізге алынды. Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау кезінде оқушының фонетика, лексика, морфология,синтаксис салаларынан алған білім- дері коммуникативті тілдік дағдылар (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) арқылы өзара ұштас- тырылып отырады.

    Оқушының тілін дамытуға, ойын ашық, дәл ауызша және жазбаша түрде баяндай білуге үйре- тетін, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетейлейтін тақырыптар мен ойын сабақтар іріктеліп алын- ған.

    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 4 -сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жы- лында – 34 сағат. Бағдарламамен бірге 34 сағатқа арналған оқушының жұмыс дәптері әзірленді. Жұ- мыс дәптерде әр сабаққа арналған тапсырмалар мен жаттығулар берілген. Тапсырмалар мен жатты- ғулар оқушыларыдң оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған.

    Бағдарламаның өзектілігі. 2015 жылдан бастап елімізде оқу жетістігін сырттай бағалау ТIMSS халықаралық мониторингтік зерттеулері арқылы іске асырылып келеді. Оқу жетістігін сырт- тай бағалау аясында функционалды сауаттылықтың үш түрі: оқу сауаттылығы, математикалық са- уаттылық, жаратылыстану сауаттылығы бағаланады. «Оқу сауаттылығы – оқушының жазба мәтін- дерді түсінуіне, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдануына, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамытудаға адами қабілеті» (Халықаралық зерттеулер тапсырма- ларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.-54б).

    Оқусауаттылығы оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және тірек сөздерді дұрыс қолда- нуы, мәтін барысында ой қорытуы, қорашаған әлеуметтік ортаға бейімделуі. Оқу сауаттылығының не- гізі мәтінмен жұмыс барысында оқушы мәтінің мазмұнын толық түсініп, жазба жұмысын орындауда білімі мен мүмкіндігін толық пайдалана алуы.

    Сабақ барысында оқушылардың ойларын анық жеткізе алмау, мәтіннің мазмұнын баяндауда бір деректі толық айтып бітпей жатып, басқасына ауысып кету, керексіз сөздерді орынсыз қолдану, шығарма жазып, жоспар құруда, өз ойларын жеткізуде қиналатынын олардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде көп байқаймыз. Байқалған кемшіліктерді ескере отырып, оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын жетілдіруде жазба жұмыстарындағы әр сөздің мағынасын түсініп оқып, грамма- тикалық тапсырмаларды жазып, талдаудың маңызы зор.

    Курстың мақсаты: Оқушылар өз беттерінше жазба жұмыстарын орындауға жағдай жасау, тіл- дік дағдыларды дұрыс қолдана отырып,оқу сауаттылығын арттыру;
    1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   367


    написать администратору сайта