Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница264 из 367
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өз ойын дәлелді түрде жеткізетін, өз ісіне сенімді, ынталы басқа оқушылармен ынтымақтастықта жұмыс істей алатын, сыни ойлау мәде- ниеті дамыған оқушы қалыптасуын қамтиды. Сондықтан бұл таңдау курсында оқу материалы терең- детіледі және тақырып ауқымы кеңейтіліп, оқушылардың қызығушылығы артады. Арнайы қосымша логикалық, шығармашылық тапқырлыққа жетелейтін тапсырмалар оқушылардың ізденімпаздық, шы- ғармашылық қабілеттерін арттырады.

Курсты топтық жұмыс, өздік жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, танымдық белсенділікте- рін арттыруға арналған тапсырмалар орындауға жетелеу, оқушы білімін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен бағалау керек. Қалыптастырушы бағалау мұғалім үшін оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады. Оқушыға білімін арттыру үшін пай- далы кеңестер береді. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі оқушының жетістік деңгейін нақты си- паттайды, білімге деген ынтасын арттырады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері: «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Ауыз екі баға», «Бас бармақ»,

«Шапалақ» әдісі, «Смайлик» әдісі, «Плюс(+), Минус(-) , Қ (қызықты)» әдісі, Кері байланыс «Мен не үйлендім?» әдісі, «Мини тест», Тұжырымдар беру «Иә, жоқ», «Бутерброд» әдісі.

Оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


Ұсынылып отырған бағдарлама 3-сынып оқушыларының өз беттерінше тапсырманы орында- уына, бірлесіп әрекет етіп, сұрақтардың шешемін табуына, оқу нәтижелерін жақсарту мақсатында дер кезінде мұғалім тарапынан кері байланыс алып, бірін-бірі оқытуға негізделіп жасалған.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың белсенді формалары топтық жұмыс, жеке, жұптық жұмыс, пікірталас, ойын әдістерін қолдануға болады.

Мәтінмен жұмыс жасау кезінде


* тірек сөздерді орынды қолдану арқылы монолог құрастыру;

*мәтін бөліктерін ретке келтіріп орналастыру ;

*өз беттерінше мәтін мазмұнына байланысты ашық сұрақтар құрастырып, жұбымен талқылап жауап жазу;

*мәтіндерді оқып, стилі бойынша ажырату дағдыларын дамыту үшін оқытудың белсенді фор- маларын тиімді қолдану керек.

Сөйлемдердің құрылымын анықтау мақсатында


*сөйлем, сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажырату;

*сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді табу;

*тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, күнделікті сөйлеу барысында қолдану;

* қысқарған сөздердің маңызы, қолданылатын орнын талдау;

*қос сөздер мен біріккен сөздердің жазылу ерекшелігін салыстыру;

*сөйлемдерді мағынасына қарай дұрыс қолдана отырып, шығарма жазу, ойларын дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту көзделеді.
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   367


написать администратору сайта