Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Міндеттері:- оқушылардың тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту; ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану; оқушылардың сөздік қорын толықтыра отырып, тілдерін дамыту және жетілдіру; қарым-қатынас жасаудың түрлерін қолдануға, ойын жинақтауға, өзіндік пайымдау жасауға үй- рету; көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін үйрету; оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінік қа- лыптастыру; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сай жазуға үйрету. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:көркем шығармаларды баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады; тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бө- ліседі; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады; пікірталастың тақырыбын түсінеді және сөйлеу нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қа- тысады; мәтіндердің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады; халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқып, оны талдайды және мінездеме береді; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып, оқиды, мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзатқа тән құндылықтарды айқындайды; әр түрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; -грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сай жазады, қарым-қатынас жасаудың түрлерін қолдан ады, ойын жинақтап, өзіндік пайымдау жасайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімісабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Идеялар тасқыны» ойыны Ойын барысында оқушылар тың идеяларымен бөліседі. Креативті ойларын ортаға салып, тал- дау жүргізеді. Айтылым және тыңдалым дағдылары қалыптасады. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Мазмұнды суреттер Берілген сюжетті сурет бойынша мәтін құрастырады. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды. Құрастырған мәтіннің түрін анықтайды. |