Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница256 из 367
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   367

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


2-cынып

Аптасына – 1 сағат. Барлығы 34 сағат



  1. сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Сыныптағы қарым-қатынас

Тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беру арқылы сыныптасымен қарым-қатынасқа түседі. Сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, диалогті сөйлеуге араласады. Ойларын еркін әрі толық жеткізу ар- қылы диалогті сөйлеу дағдысы қалыптасады.

    1. сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Дыбыстар елінде

Бірінші сыныпта танысқан Әліпби ретін еске түсіреді. Әліпбидегі дыбыстардың ерекшелігін айтады. Дыбыстардың екіге бөлінетінін дәлелдеп түсіндіреді. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерек- шелігіне мысал келтіреді.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы Жұп дауыссыздар

Дауыссыз дыбыстар қатарынан жұп бола алатын дауыссыздарды анықтауға тырысады. Олар- дың айтылуына назар аударады. Қатаң п дыбысының ұяң б дыбысына өзгеруін мысал келтіре дәлел- дейді. П-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап қатесіз жазады.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Жұп дауыстылар

Дауысты дыбыстарды жекелеп айтады. Олардың қатарынан жұп дауыстыларды жұптастырады. Жұп дауыстылар қатарын жазады. Олардың айтылу ерекшелігін анықтап, сөздердің жуан, жіңішке ай- тылуын түсінеді.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Дыбыстардың естілуі, жазылуы

Қазақ тіліндегі көптеген сөздердің қалай жазылса, тура солай оқыла бермейтінін түсінеді. Сөз- дегі басқа тілден енген дыбыстарды анықтайды. Олардың қосарлы дыбыс болып айтылатынын пысық- тайды. Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың үндесіп айтылуына мән береді. Естілу және жазылу ерек- шелігіне мән беріп, жазылу емлесін сақтап жазады.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Үш сұрақ» Не істеді? қандай? неліктен?

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұнымен танысып, оның негізгі ойын анықтау үшін мәтінге сұрақ қояды. Қандай сұраққа жауап бергеніне мән бере отырып, мәтін түрін анықтай алады. Мәтін түрлерінің ұқсатығы мен айырмашылығын анықтайды.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Жаңсақ басылған мәтін» ойыны

Мұғалім бір тапсырмада мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып береді. Екінші бірінде мәтінге қажетті емес артық сөйлемдер қосылып жазылған тапсырманы ұсынады. Оқушылар мәтіндерді оқып, мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен орналастырып, сауатты жазады. Мәтіннің мазмұнына сай емес артық сөйлемдерді ажыратып таба алады.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Бір сөйлеммен түйіндеу

Берілген мәтінді дауыстап, дұрыс оқиды. Мәтін мазмұнын түсініп, оның негізгі ойын қысқаша түйіндейді. Соған қарай мәтінге тақырып қояды. Мәтін мазмұны бойынша өз ойларын еркін жеткізеді.

    1. сабақ ( 1 сағат).

Тақырыбы: Ойымды хабарлап жеткіземін

Сөйлемді дұрыс оқып, мағынасын түсініп, сөйлемнің айтылу мақсатын ажыратады. Айтылу мақсатына қарай сөйлем соңындағы тыныс белгісін дұрыс таңдайды.

    1. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Ұшқыр сұрақтар

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай берілген түрлі сұрақтарға жауап береді. Тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, мағынасын түсініп, сөйлем соңынан қандай тыныс белгісін қою керектігін түсінеді. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады. Қатесіз жазып, тыныс белгісін дұрыс қояды.

    1. сабақ ( 1 сағат).

Тақырыбы: Менің көңіл күйім

Тапсырмада берілген сөйлемдерді мұқият оқиды. Әр сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен, ым- ишарамен оқиды. Өз эмоциясын сөйлемдер арқылы еркін жеткізу арқылы, тиісті тыныс белгіні қояды. Хабарлы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырады.

    1. сабақ (1сағат).

Тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің достығы

Берілген сөйлемдерді дұрыс оқиды. Сөйлем мағынасын түсінгеннен кейін, сөйлемдегі сөздерге сұрақтар қояды. Сұрақ қою арқылы бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді анықтайды. Оларды сызба арқылы көрсетеді.

    1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Үш себеттегі сөздер (Қарама-қарсы сөздер)

Мұғалім тақтадан үш себетті көрсетеді. Себеттің атаулары жазылып тұрады. Оқушылар беріл- ген сөздерді оқып, оның мағынасын түсініп, тиісті себетке орналастырады. Сөздер ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады. Сол сөздермен сөйлем құрастырады.

14 -сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Синоним сөздер тіл байлығы

Берілген сөздер қатарын дауыстап оқиды. Олардың мағынасын түсінеді. Әр қатардағы сөздер- дің мағынасын салыстырып, сөздердің әртүрлі жазылғанымен бәрі бір мағынаны білдіріп тұрғанын анықтайды. Сөйлем ішінен синоним сөздерді тауып, өздері синонимдік қатарлар құрастырып, синоним сөздер туралы білімдерін толықтырады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Ойланамыз, табамыз»

Мұғалім тақтаға бірнеше сөздер іледі. Оқушы берілген сөздерді кезектесіп оқып, сөздің мағы- насын өз сөзімен ашуға тырысады. Бұл сөзді оқығанда ойына не келгенін айтады. Келесі бала бұл сөзді оқығанда ойына не келгенін айтады. Осы ретпен әр бала әртүрлі пікір білдіреді. тапсырманы орындау барысында дыбысталуы бірдей болғанымен, мағынасының әртүрлі болатынына көз жеткізеді. Өздері омоним сөздерге мысал келтіреді.

  1. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Не түйдім?

Берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, мәтіндегі сөйлемдердің айтылу мақсатын, оған қо- йылған тыныс белгілерін еске түсіріп, пысықтайды. Мәтіннің мазмұнына сұрақ қойып, оның қандай мәтін түріне жататынын қайталайды. Жекелеген сөйлемдегі сөздерді оқып, оларды мағынасына қарай ажыратады. Дыбыстар әлемін еске түсіріп, жұп дауысты, жұп дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін ай- тады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Сызба бойынша сөздер құрастырамыз

Тақтадағы сызбаға қарап, қандай сызба екенін, оның нені білдіретіндігін анықтайды. Сызбаның әр бөлігін ескере отырып, дұрыс сөз құрастыруға тырысады. Құрастырған сөзін тексеру мақсатында сөз құрамына талдайды, дәлелдейді. Неліктен түбір немесе қосымша болып тұрғанын, қосымшаның қай түріне жататындығын ажыратады, өзі мысал келтіреді. Жұрнақ пен жалғаудың қызметін емлеге сәйкес түсіндіреді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Ішіне-сыртына» ойыны

Мұғалім тақтаға сызба көрсетеді. Сызбаның ішіне түбір сөздердің бірнешеуін жазады. Оқушы- лар оқып, оның түбірін анықтайды. Түбір сөзге жалғанған қосымшаны тауып, оның қандай қосымша екенін ажыратып, сызбаның сыртындағы тиісті бөлікке жазады, неге бұлай бөлгенін дәлелдейді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Сөзді үйлестіріп тұрамын

Оқушылар тақтадағы сөйлемге назар аударады. Сөйлемдегі сөздер ешқандай қосымшасыз, тек түбірден тұрады. Оқушылар оқиды. Не түсінгендерін айтады. Мұғалім екінші сөйлемді көрсетеді. Оқу- шылар оқып, екі сөйлемді салыстырады. Қай сөйлемнің мазмұнын түсінуге ыңғайлы болатынын дә- лелдеп айтады. Ойларын қорытады. Сөзге жалғанған жалғаулардың түрін ажыратып үйренеді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Әр заттың өз атауы бар

Оқушылар қолдарына бірнеше затты ұстап тұрып, олардың аттарын айтады. Кез келген заттың атауы бар екеніне көздерін жеткізеді. Сол сөздерге сұрақ қоя алуға тырысады. Зат есім туралы түсінік- терін пысықтайды, мысал келтіреді. Зат есім дегеніміз не? деген сұраққа жауап іздеу мақсатында ереже құрастырады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Қандай сөздерді бас әріппен жазамын

Кейбір сөздер сөйлемнің ортасында да, соңында да бас әріппен жазылатын еске түсіреді. Олар- дың қандай сөздер екенін мұғалімнің көмегімен айтады, мысал келтіреді, сөйлем құрастырады. Сөйлем ішінен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды, олардың жалқы есім болатынын түсінеді. Жалқы есімнің жазылу емлесін қайталайды.

  1. сабақ (1сағат).

Тақырыбы: Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Оқушылар тақтадағы кестеге назар аударып, берілген сөздерді мұқият оқиды. Бұл сөздерге сұ- рақ қойып, қай сөз табы екендігін анықтайды. Оқыған сөздің құрылымына мән береді. Оның неше сөз- ден құралғанын айтып, екі түрлі күнделікке екі бала бір мезетте, бірі дара, екіншісі күрделі зат есімді бөліп жазады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Қимыл-қозғалысты анықтаймыз

Оқушылар алдыларына берілген мәтінді дұрыс әрі түсініп оқиды. Мәтіннен қимыл-қозғалысты білдіретін сөздерді табады. Оларға сұрақ қойып, бұл сөздер сөз табында етістік болатынын түсінеді. Сюжетті суреттерге назар аударып, оны түсініп, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Сөйлемінен етістікті табады, дәлелдейді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны

Ойын барысында оқушылар суреттегі заттарды атайды. Атаған сөзге қатысты қимылды табады. зат есім мен етістікті байланыстыра отырып сөйлем құрастырады. Етістіктің сөйлем ішіндегі қызметін біліп, мысалдар келтіреді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Мен білгірмін» ойыны

Берілген сөйлем ішінен етістіктерді табады. Олардың құрылымын анықтайды. Неге дара және күрделі болып тұрғанын дәлелдеп түсіндіреді, айырмашылықтарын айтады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Білгенге маржан» ойыны

Бұл сабақта оқушылар зат есім мен етістікті және олардың құрылымын қайталауға арналған тапсырмалар орындайды. Сұрақ қою арқылы зат есім мен етістікті бір-бірінен ажыратады. Зат есім мен етістікті байланыстырып сөйлемдер құрастырады. Дара зат есім мен етістікті күрделі зат есім мен етіс- тікке айналдырады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Тізбек бойынша сипатта

Мұғалім бірнеше заттың суреттерін көрсетеді. Оқушылар суреттерді атап, оларға сипаттама бе- реді. Суреттегі затты тізбек бойынша сипаттау арқылы ол сөздерге сұрақ қояды. Сұрағына қарап, сын есімді еске түсіреді. Сөз таптарының ішінен сын есімді ажыратады. Оған мысал келтіре алады. Сипат- тау мәтінінен сын есімді тауып, неге сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Ойланда аяқта» ойыны

Берілген сөйлемнен бір мағынаны білдіретін сын есімдерді табады. Оларға сұрақ қояды. Қай сөз табы екенін, неліктен сын есім болып тұрғанын мысал келтіре түсіндіріп айтады. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді тауып қою арқылы ойын, сөздік қорын толықтырады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Менің бағытым» ойыны (дара және күрделі сын есімдер)

Мәтін ішінен сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды. Тақта- дан бірнеше зат есім болатын сөздер ілінеді. Оқушылар көрсетілген зат есімге, сын есім болатын сөзді тауып дұрыс байаныстырады. Сын есімдер құрылымына қарай дара және күрделі болып келетінін еске түсіреді. Оның ерекшелігін айтып, мысал келтіруге тырысады.

  1. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Кім шапшаң?

Оқушыларға мәтін ұсынылады. Топта мәтінді түсініп, дауыстап оқиды. Мәтіннен сан есімді табады. Оны ережеге сәйкес қатесіз жазады. Сан есімдерге сұрақ қояды. Тақтаға бірнеше цифрлар ілі- неді, оқушылар цифрларды атап, оларды қатыстырып сөйлем құрастырады. Интербелсенді тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді атап, олардың қай сөз табы болып тұрғанын сұрақ қою арқылы табады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: «Мен таптым» жаттығуы

Жекелеген сөйлемдерді оқып, сан есімдерді табады, оларға сұрақ қояды. Атаған сан есімнің құрылымына қарап, оларды ажыратуға тырысады, «Т кестесі» немесе «Венн диаграммасы» арқылы салыстырады. Айырмашылығы мен ұқсастығын дәлелдеп айтып, осы берілген сан есімдермен өзі бас- қаша сөйлем құрауға тырысады.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Заттарды ретімен және есептеп санаймын

Асханада кезекте тұрған немесе қатар-қатармен тізіліп тұрған, не болмаса футбол ойнап жүрген бір топ балалардың суреттері беріледі. Оқушылар суреттегі балаларды санап, неше бала екенін анық- тайды. Анықтаған сан есімдеріне сұрақтар қою арқылы сан есімнің түрлерін ажыратады. Неге екі түрлі сұрақ қойғанын дәлелдейді, мысал келтіреді.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Семантикалық картамен жұмыс

Оқушыларға Семантикалық картаны таныстырады. Картамен қалай жұмыс жасау керектігі тү- сіндіріледі. Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, бір мәтінді талдап, сол мәтінде кездескен зат есім мен сын есімді талдап көреді. Картамен төселгеннен кейін келесі тапсырманы оқушылар өздігінен орындауға тырысады. Соңынан мұғаліммен бірге талдайды. Сөз таптарының маңыздылығы мен ерек- шелігін айтып, алған түсініктерін қайталайды.

  1. сабақ (1 сағат).

Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау

Оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынылады. Ол тапсырмалардың барлығы жыл бойы алған білімдерін бекітуге арналады.


1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   367


написать администратору сайта