Главная страница
Навигация по странице:

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы»

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница254 из 367
    1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

    ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ОҚУ, ЖАЗУ, ТАЛДАУ ГРАММАТИКАСЫ


    2-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    КАМАШ А.Д.


    №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіpжaзғaндap:Умирбекова А.Н, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Бастауыш білім беру кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы, PhD

    Нургожина Л.К., № 148 мектеп-гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp

    Түсініктеме хат мазмұны


    Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы сөйлесіп, тілдесу арқылы жүзеге асырылады. Сөйлесу, тілдесу, пікірлесіп, ой бөлісу ол тек адамға ғана тән әрекет. Олай болса бастауыш сынып білім алушыларының ой-өрісін, білім деңгейін сөйлету арқылы дамытуға болады. Сөйлеген ойын сол қал- пында қағаз бетіне түсіре алу яғни жазылым дағыдысын қалыптастыруда осы бастауыш буыннан бас- талады. Алдымен баланың ойын дамытып, ойлау арқылы тілін дамытып, сөйлеу арқылы сауаттылығын қалыптастыру үшін тілдің маңызы өте зор. Тіл кез келген танымдық әрекеттің құралы, ойлау формасы және оны дамыту негізі. Көркем шығармаларды тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары арқылы түсініп, дұрыс оқуға баулуды, оқығаннан түсінгенін өз сөзімен көркем тілде баяндап беруді бала бойына дарыту. Бірінші сыныпта қалыптасқан алғашқы тілдік ұғымдарды 2-сыныпқа келген білім алушыға көркем әрі сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін сөздің мағынасын түсініп, сөздің ма- ғынасын бір-бірінен ажыратып, сол сөздің мағынасына қарай сөйлем құрастыртып, сөйлем соңынан келетін тыныс белгіге қарап, сол сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қалай айтылып тұрғанын анықтап, жұпта, топта диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, сыныптасымен еркін сұхбат құруын жетілдіру қажет. Дыбыстардың ерекшелігін, сөздің мағынасы мен құрамын, сөйлем мен мәтін түрлерін, мәтіннің құры- лымын бойына сіңірген бала, жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасына келгенде әбден төселіп, жаттығады. Осылайша қазақ тілі пәнінен меңгерген білім-біліктерін тереңдете түседі, өз ойын еркін жазуға, шағын мәтін құрастыруға, эссе, шығарма, мазмұндама жазуға бейімделеді. Міне, осындай еңбектердің арқасында жазба жұмысын орындауға төселеді.

    Ұстаздар қауымы білім алушының жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Себебі, сауатты- лықтың негізі жазба жұмыстарында болғандықтан оған көп көңіл бөлінуін ескеру керек. «Жазба жұ- мыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» курсында 2-сынып білім алушысына сөзді, сөйлемді, тіпті мәтінді толық жазып шығу үшін алдымен бірінші сыныпта үйренген көркем жазу ережесін тереңірек жалғастыру жолға қойылған. Кез келген әріптің әрбір элементін үзбей, байланыстыра жазу арқылы көркем жазуға машықтандырады.

    Бағдарлама мазмұны қазақ тілі пәндерін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауатты- лығын, коммуникативтік, шығармашылық, оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытуды басшылыққа ала отырып дайындалған. 2-сынып білім алушыларының жас ерекшелігі ескерілген. Осы тұрғыдан ал- ғанда 2-сынып білім алушыларының жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы курсы білім алушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын оятып, сөздік қорын дамытып, дұрыс әрі анық сөй- леу шеберлігін қалыптастырып, тіл мәдениетін молайта түсуге, өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыстарды атқара алуына мүмкіндік береді. Өзінің оқыған сөзінің мағынасын түсініп, сол сөзді қа- тыстырып сөйлем құрап, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып, мәтіннің түрін сұрақ қою арқылы ажыратып, мәтіннің бөлімдеріне ат қойып, жоспар құрастырып, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен көркем әрі орамды жеткізе білуге, сөздік қорын молайтып, тіл мәдениетін меңгеруге баулиды.

    Курс тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру барысында алған бі- лімдерін жеңілден күрделіге қарай жүйелеп, сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргі- зуді көздейді. 2-сынып білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада ұсы- нылған тапсырмалардың мазмұнының балаға жеңіл әрі түсінікті болуын қамтамасыз ететін пәндік бі- лім мен дағдылар кезең-кезеңімен толықтырылып отырады. Орындауға берілген әр түрлі жаттығулар мен тапсырамалар білім алушылардың қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін бекіте түседі.
    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жы- лында – 34 сағат. Бағдарламаға қосымша жұмыс дәптері даярланды. Ол 34 сағатқа арналған. Жұмыс дәптерінде әр сабаққа арналған түрлі тапсырмалар мен жаттығулардың жиынтығы іріктеліп берілген. Олар білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған.
    Бағдарламаның өзектілігі. Мұғалімдердің сыныпта орта қалыптастыруы білім алушылардың тілдік дағдылары мен жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасына ықпал етеді. «Жазба жұ- мыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бастауыш мектептегі негізгі әрі маңызды курс болып табылады. Себебі, бұл курс арқылы білім алушылар дыбыс пен әріпті ажыратып, сөзді бу- ынға бөліп, оны тасымалдап, қатесіз әрі көркем жазуға төселеді, сөздің мағынасын түсіне алады, бе- рілген сөзді қатыстырып сөйлем құрастырады, суретті және тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыруға талпынады. Буындап әрі тұтастай оқуға машықтанады. Қоршаған ортамен танысады, ұлт- тық құндылық пен мәдениетті түсінеді, дүниетанымы кеңейеді, анық, көркем әрі орамды сөйлеуге дағ- дыланады.

    Бұл курс барысында білім алушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне өзіндік шығармашылық қабілетіне деген ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында білім алушы- лар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу, тыңдау, оқу, өз ойын айту, жазу дағ- дыларын игеру, орфографиялық жаттығу, каллиграфиялық машықтану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш сынып білім алушыларының жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы курсын оқып-үйрену барысында баланың сөйлеу дағдысы ұштала түседі, сонымен бірге олар өз ойын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, өзі толық ойын жеткізіп сөйлеуді, сөйлемді дұрыс құрастырып айтуды және тіл туралы мағлұматтарды, сол тілді қолданудың мәдениетті үлгісін меңгереді.

    Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, шығармашыл, ізденгіш, бәсекеге қабілетті, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, алған білімін өмірде қолдана алуға үйренеді. Аталған курс арқылы 2-сынып білім алушылары функционалдық сауаттылықтың бір түрі болып саналатын оқу сауаттылығын қалыптастыра алады.
    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты: бі- лім алушылардың ой-өрісін, тілін дамыту барысында жазба жұмыстарын оқыту, жаздыру, талдату ар- қылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыра отырып күнделікті өмірдегі қарым-қатынастағы тілдік нормаларды мәдениетті қолданып сөйлеуге, көркем әрі сауатты жазуға жағдай жасау.
    1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   367


    написать администратору сайта