Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Өлең құрастырайық» Жарыс сабақ Өлең құрастыру үшін арнайы сөздер немесе сызбалар беріледі. Оқушылар үлгіге қарай отырып, мұға- лімнің көмегімен құрастырады. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Бүлінген факс» Конференция сабақ Шатастырылып берілген әріптерден сөздер құрастырады. Тапқан сөздің мағынасын анықтайды. Ол сөздерді сипаттап, салыстыру үшін қажет сөздерді қолдана алуға жаттығады. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Су тамшысын кептір» Зерттеу сабақ Су тамшысының астында тұрған әріпті анықтау үшін берілген дыбыстарды оқып, оның қандай мағына беретінін түсінеді. Жасырынған дыбысты мағынасына қарай табады. Сөздің мағынасын өз сөзімен әң- гімелейді. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Жасырын кесте» Талқылау сабақ Оқушыларға арнайы ұсынылған кестеден жасырынған сөздерді табады. Оның қандай заттар мен құбы- лыстардың атауы екенін анықтайды. Оларды сипаттап, салыстыру үшін тиісті сөздерді қолданады. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Тізбекті жалғастыр» Бекіту сабақ Мұғалім тақтаға сөз береді, оқушы сол сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз ойластырады. Сөздер тізбегін құрастырған сияқты сөйлемнің де тізбегін құрастырады. Әр сөйлемді бас әріптен бастап жа- зып, соңына тиісті тыныс белгіні қоюды меңгереді. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: Диктант. Қайталау сабақ Айтылған сөйлемдегі сөздерді мұқият тыңдап, оны буындай отырып сауатты жазуға тырысады. Көр- кем жазу ережесін ескеріп, әріптерді дұрыс байланыстырып, үлкен, кіші әріптерді ажыратып, қатесіз жазады. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Дұрыс оқу, түсініп оқу» Жаңа сабақ Берілген мәтінді бірнеше рет қайталап оқиды. Оқу түрлерінің бірнешеуін қолданады. Үш, төрт, бес буынды сөздерді буындап оқиды. Жылдам әрі тұтас оқиды. Мәнерлеп оқып, оқығанын түсініп оқиды. 28-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: «Дұрыс тасымалда» Саяхат сабақ Мұғалім тақтадан сюжетті сурет көрсетеді. Оқушылар сол бойынша шағын әңгіме құрайды. Соңғы абзацты көшіріп жазады. Бірнеше сөзді дұрыс тасымалдап жазуға жаттығады. сабақ (1 сағат).Тақырыбы: «Ойымды аяқтап айтамын» Сынақ сабақ. Оқушы аяқталмаған сөйлемді оқып, өз ойын жет- кізіп, сөйлемді толықтырып, белгілі бір ойды аяқтап айтады. Ойды толық жеткізу арқылы сөйлемнің мағынасына қарай дауыс ырғағын, екпінін, кідірісті дұрыс сақтап эмоциямен айтуға дағдыланады. |