Главная страница
Навигация по странице:

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы»

  • Бағдарламаның

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница247 из 367
    1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

    ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ОҚУ, ЖАЗУ, ТАЛДАУ ГРАММАТИКАСЫ


    1-сынып оқушыларына арналған аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат

    ЖОШЫБАЕВА М.Ж.


    №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіpжaзғaндap:Қапалбек Б., Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты

    Умирбекова А.Н, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Бастауыш білім беру кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы, PhD

    Нургожина Л.К., № 148 мектеп-гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp

    Түсініктеме хат мазмұны


    Қоғамның дамуына үлес қосатын бірден-бір саналы тіршілік иесі – адам. Адамның қарым-қа- тынасы тек тіл арқылы ғана жүзеге асырылады. Тіл – ұлт тірегінің күретамыры. Тіл – кез келген та- нымдық әрекеттің құралы, ойлау формасы және оны дамыту негізі болмақ. Тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиеттерін тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары арқылы бала бойына сіңіру. Әріпті танымай 1-сыныпқа келген білім алушыға жазу дағдысын қалып- тастыру үшін алдымен әрбір дыбыстың дұрыс дыбысталуын құлағына әбден сіңіру қажет. Дыбыстың дұрыс дыбысталуын бойына сіңірген бала, оны дұрыс таңбалай алуға жаттығады. Осылайша бірнеше әріптерді тізбектей, байланыстыра отырып, сөзді толық жазуға бейімделеді. Міне, осындай еңбектер- дің арқасында жазба жұмысын орындауға да төселеді.

    Ұстаздар қауымы білім алушының жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Себебі, сауатты- лықтың негізі жазба жұмыстарында болғандықтан оған көп көңіл бөлінуін ескеру керек. «Жазба жұ- мыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» курсында 1-сынып білім алушысына әрбір әріптің жазылу ережесін бірнеше рет қайталата отырып, әріптің әрбір элементін жеке-жеке көзбен қабылдатып, қолмен іске асыртуды басшылыққа алады. Сөзді, сөйлемді, тіпті мәтінді толық жазып шығу үшін алдымен әріптің элементтерінен бастау керектігі бірінші жолға қойылған. Кез келген әріптің әрбір элементін үзбей, байланыстыра жазу арқылы көркем жазуға машықтандырады.

    Бағдарлама мазмұны әліппе, ана тілі пәндерін оқытуда білім алушылардың функционалдық са- уаттылығын, коммуникативтік, шығармашылық, оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытуды басшы- лыққа ала отырып дайындалған. 1-сынып білім алушыларының жас ерекшелігі ескерілген. Осы тұрғы- дан алғанда 1-сынып білім алушыларының жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы курсы білім алушының әліппе, ана тілі пәніне деген қызығушылығын оятып, сөздік қорын дамытып, дұрыс әрі анық сөйлеу шеберлігін қалыптастырып, тіл мәдениетін молайта түсуге, өз бетінше ізденіп, шығар- машылық жұмыстарды атқара алуына мүмкіндік береді. Әліппе кезеңінде дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, оларды дұрыс дыбыстап, дыбыстың таңбалануын біліп, әріптерді көркем жазуына жол ашады. Дыбыстардан буын жасауды, буыннан сөз жасауды меңгеріп, оларды оқи алуға төселеді. Өзінің оқыған сөзінің мағынасын түсініп, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрап, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен көркем әрі орамды жеткізе білуге, сөздік қорын молайтып, тіл мәдениетін меңгеруге баулиды.

    Курс тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру барысында алған бі- лімдерін жеңілден күрделіге қарай жүйелеп, сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргі- зуді көздейді. 1-сынып білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада ұсы- нылған тапсырмалардың мазмұнының балаға жеңіл әрі түсінікті болуын қамтамасыз ететін пәндік бі- лім мен дағдылар кезең-кезеңімен толықтырылып отырады. Орындауға берілген әр түрлі жаттығулар мен тапсырамалар білім алушылардың әліппе мен ана тілі пәндерінен алған білімдерін бекіте түседі.

    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жы- лында – 33 сағат. Бағдарламаға қосымша жұмыс дәптері даярланды. Ол 33 сағатқа арналған. Жұмыс дәптерінде әр сабаққа арналған түрлі тапсырмалар мен жаттығулардың жиынтығы іріктеліп берілген. Олар білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған.

    Бағдарламаның өзектілігі. Мұғалімдердің сыныпта орта қалыптастыруы білім алушылардың

    тілдік дағдылары мен жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасына ықпал етеді. «Жазба жұ- мыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бастауыш мектептегі негізгі әрі маңызды курс болып табылады. Себебі, бұл курс арқылы білім алушылар дыбыс пен әріпті ажыратып, сөзді бу- ынға бөліп, оны тасымалдап, қатесіз әрі көркем жазуға төселеді, сөздің мағынасын түсіне алады, бе- рілген сөзді қатыстырып сөйлем құрастырады, суретті және тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыруға талпынады. Буындап әрі тұтастай оқуға машықтанады.

    Қоршаған ортамен танысады, ұлттық құндылық пен мәдениетті түсінеді, дүниетанымы кеңейеді, анық, көркем әрі орамды сөйлеуге дағдыланады. Бұл курс барысында білім алушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне өзіндік шығармашылық қабілетіне деген ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында білім алушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу, тыңдау, оқу, өз ойын айту, жазу дағдыларын игеру, орфографиялық жаттығу, каллиграфиялық машықтану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш сынып білім алушыларының жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы курсын оқып-үйрену барысында баланың сөйлеу дағдысы ұштала тү- седі, сонымен бірге олар өз ойын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы мағлұматтарды, сол тілді қолданудың мәдениетті үлгісін меңгереді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, шығармашыл, ізденгіш, бәсекеге қабілетті, қандай жағ- дайда да өздігінен жол таба білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, алған білімін өмірде қолдана алуға үйренеді. Аталған курс арқылы 1-сынып білім алушылары функционалдық сауаттылықтың бір түрі болып саналатын оқу сауаттылығын қалыптастыра алады.

    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты: бі- лім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту барысында жазба жұмыстарын оқыту, жаздыру, талдату арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста тілдік нормаларды сақтап, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға жағдай жасау.

    1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   367


    написать администратору сайта