Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница249 из 367
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   367

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


1-cынып

Аптасына – 1 сағат. Барлығы 33 сағат


    1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Сурет бойынша сөйлеу» Жаңа сабақ

Сурет бойынша сөйлеуге, өз ойларын сөзбен, сөйлеммен айтуға дағдыланады. Сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдары қалыптасады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Графикалық сызба бойынша сөйлеу» Жарыс сабақ

Сөйлем, сөздің графикалық сызбасымен танысады, оларды сызады. Сызған сызба бойынша сөйлейді. Сурет арқылы заттар мен құбылыстарды қажетті сөздерді дұрыс қолдану арқылы сипаттап, салыстырады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Буын санын анықта» Түсіндіру сабағы

Графикалық сызбадағы сөздерді оқып, заттардың атын атайды. Графикалық сызбаны пайдала- нып, сөздегі буын санын анықтап үйренеді.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Алғашқы таныған әріптерім» Ойын сабақ

Әліпбидегі танысқан әріптер ретін танып, дыбыстап, таңбалап жазады. Жазған сөздерді анық айтуға, көркем жазуға жаттығады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Буындап, буындарды дұрыс оқимын» Зерттеу сабақ. Буындарды буындап дұрыс, түсініп оқи алады. Оқыған сөздің мағынасын қимыл, ым-ишара арқылы жеткізуге тырысады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Әріптерді қосып жаза аламын» Саяхат сабақ

Сөздегі дыбыстарды әріптермен таңбалап, бір-бірімен байланыстырып қосып жазу арқылы дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «С, ш, ж, з дыбыстарының ерекшелігі» Бекіту сабақ

Сөздегі с, ш, ж, з дыбыстарын ажыратып, дұрыс дыбыстап, олардың ерекшелігін түсінеді. Сөздерді оқып, салыстыруда қажет сөздерді қолдана алады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Дұрыс буынға бөле аламын» Қайталау сабақ

Сөздерді дұрыс оқып, дауысты дыбыстардың буын құрайтынын түсінеді. Сөздерді дұрыс буынға бөліп жаттығады, буын санын анықтай алады.
    1. сабақ ( 1 сағат).


Тақырыбы: «Сөзді қосып оқимын» Талқылау сабақ

Берілген сөздерді тұтас оқиды. Мәнерлеп әрі түсініп оқуға дағдыланады.
    1. сабақ (1 сағат).


Тақырыбы: «Сиқырлы сандық» Жарыс сабақ

«Сиқырлы сандық» ойынын ойнау арқылы сандықтағы бірнеше сөздерді дұрыс оқып, сөздегі н мен ң дыбыстарын дұрыс ажыратады. Әрбір дыбыстың өзіндік қызметі бар екенін түсінеді.
    1. 1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   367


написать администратору сайта