Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Міндеттері:- білім алушылардың тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту; ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту; сөйлеуге, дыбысты, буынды, сөзді анық айтуға үйрету; дыбыстың, буынның, сөздің, сөйлемнің графикалық сызбасын оқуға, оны дұрыс сызуға баулу; буын, сөз, сөйлем, мәтіндерді буындап әрі тұтастай оқи алуға баулу; оқығаннан түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп жеткізуге үйрету; сөзді дұрыс буынға бөлуге, тасымалдауға, жоғалған буынды анықтай алуға машықтандыру; сөзден сөйлем құрастыра алуға, сөйлемнің соңынан келетін тыныс белгіні дұрыс анықтай алуға үйрету; сөйлемді тиісті тыныс белгісіне қарай, дауыс ырғағын келтіре оқуға жетелеу; тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыруға баулу; құрастырған мәтіннің құрылымын анықтай алуға жетелеу; мәтіннің мазмұнын түсініп, оның негізгі ойын өздігінен анықтай алуға, мәтінге ат қоя алуға баулу; білім алушылардың сөздік қорын толықтыра отырып, тіл мәдениетін дамыту және оны жетіл- діру; рету; қарым-қатынас жасаудың түрлерін қолдануға, ойын жинақтауға, өзіндік пайымдау жасауға үй- көркем шығармалардың (шағын әңгімелер мен ертегілер) мазмұнын айтудың түрлі тәсілдерін үйрету; -оқылған, тыңдалған мәтіннің мазмұнына сәйкес рухани-адамгершілікке және ұлттық құнды- лыққа тәрбиелейтін түсінік қалыптастыру; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сай, көркем әрі қатесіз жазуға үй- рету; әріптердің байланысына үлкен мән бере отырып, үзбей жаза алуын қадағалау. Күтілетін нәтижелер:1-сынып білім алушысы дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алады; дыбыстың, буынның, сөз бен сөйлемнің графикалық сызбасын сыза алады және оны оқи алады; дыбысты таңбалап көркем жазуға дағдыланады; жоғалған әріпті, буынды тауып, сөз құрастыра алады; берілген сөздің мағынасын түсініп, сол сөзбен сөйлем құрастыра алады; сөйлемнің айтылу мақсатына назар аударып үйренеді; сөйлемнің соңынан келетін тыныс белгіні анықтай алады; сөйлемді тыныс белгісіне қарай тиісті дауыс ырғағымен оқи алады; суреттерге, тірек сөздерге қарап, шағын мәтін құрастыруға талпынады; өз бетінше мәтін мазмұнын әңгімелеуге тырысады; оқыған не тыңдаған мәтіннің құрылымын анықтауға жаттығады; мәтінге ат қоюға және оның негізгі ойын табуға үйренеді; көркем шығармаларды баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады; тыңдағаны мен оқығанына қатысты пайымдауды үйренеді, өз ойымен, эмоциясымен бөліседі; мәтін мазмұнына сәйкес тіл мәдениетін сақтай отырып, диалогқа қатысады; пікірталастың, семинар сабақтың тақырыбын түсінеді және сөйлеу нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқып, оны талдайды және мінездеме береді, ондағы кейіпкерлерді анықтауға тырысады; оқыған шағын көркем әдебиет туындыларынан ұлттық құндылыққа тәрбиелейтін бөлікті анықтап, оны қатесіз көшіре алады; әр түрлі тақырыпқа құрастырған өз мәтіндерін қатесіз, көркем жазады; -1-сыныпта меңгеруі тиіс алғашқы тілдік мағлұматтарға сай грамматикалық тапсырмаларды өздігінен түсініп, орындай алады; |