Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Міндеттері:- білім алушылардың тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) сөйлете, тың- дата, оқыта, жаздыра отырып дамыту; сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті меңгерту; жұп дауыстылардың, дауыссыздардың ерекшелігін түсіндіру; сөзді анық айтуға, сөздің мағынасын түсінуге үйрету; сөзді, сөйлемді жылдам әрі дұрыс оқуға баулу; оқығаннан түсінгенін өз сөзімен көркем тілде баяндап жеткізуге үйрету; сөздің құрамын дұрыс ажыратуға, қосымшаларды дұрыс анықтай алуға машықтандыру; сөзден сөйлем құрастыра алуға, сөйлемнің соңынан келетін тыныс белгіні дұрыс анықтай алуға үйрету; сөйлемді тиісті тыныс белгісіне қарай, дауыс ырғағын келтіре оқуға жетелеу; тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыруға баулу; құрастырған мәтіннің құрылымын анықтап, жоспар құрастыра алуға жетелеу; мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы анықтауға үйрету; мәтінге ат қоя алуға баулу; қарым-қатынас жасаудың түрлерін қолдануға, ойын қорытындылап, өзіндік пайымдау жасауға үйрету; көркем шығармалардың мазмұнын айтудың түрлі тәсілдерін үйрету; -мазмұндама, шығарма, эссе жаза алуға баулу; -оқылған, тыңдалған мәтіннің мазмұнына сәйкес рухани-адамгершілікке және ұлттық құнды- лыққа тәрбиелейтін түсінік қалыптастыру; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сай қатесіз жазуға үйрету; Күтілетін нәтижелер:2-сынып білім алушысы сөздің мағынасын ажырата алады; жұп дауыстылардың, дауыссыздардың ерекшелігін түсіне алады; көркем жазуға дағдыланады; сөзден сөйлем құрастыра алады; сөздің құрамын ажыратып, талдай алады; сөйлем құрастырып, сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтай алады; айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін ажыратып үйренеді, тиісті тыныс белгіні қоя алады; сөзге сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін анықтай алады; сөз таптарының дара, күрделі мүше екенін ажыратып, дәлелдей алады; бас әріппен жазылатын сөздерді түсіне алады; мәтін құрастыра алады; мәтінге тақырып қоя алады; мәтіннің құрылымын анықтап, жоспар құруға жаттығады; көркем шығармаларды баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады; тыңдағаны мен оқығанына қатысты пайымдауды үйренеді, өз ойымен, эмоциясымен бөліседі; тіл мәдениетін сақтай отырып, диалогқа қатысады; халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқып, оны талдайды және мінездеме бе- реді, ондағы кейіпкерлерді анықтауға тырысады; оқыған шағын көркем әдебиет туындыларынан ұлттық құндылыққа тәрбиелейтін бөлікті анықтап, оны қатесіз көшіре алады; - әр түрлі тақырыпқа құрастырған өз мәтіндерін қатесіз, көркем жазады; -2-сыныпта меңгеруі тиіс алғашқы тілдік мағлұматтарға сай грамматикалық тапсырмаларды өз- дігінен түсініп, орындай алады; |