Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұғалім

  • Қосымша Жұмыс

  • Сурет

  • Графикалық

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница253 из 367
    1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   367

    Ақпараттық- әдістемелік бөлім


    Қазақстан Республикасында бастауыш білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Бұл бағыт өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. Соған орай 1-сыныпта әліппе, ана тілін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – ана тілінде таза сөйлеп, өз тілінде ойын еркін жеткізуін меңгеру барысында білім алушылардың жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімі өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз етеді. «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» курсының бағдарла- масы да осы мәселені қарастыра отырып, білім алушылардың ойлаған ойын қағаз бетіне қатесіз әрі көркем жаза алу, оны тұтастай оқи алу дағдыларын дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді мең- герту, соған орай грамматикалық талдау жасату. Сөйлеу әрекетін қалыптастыруда тілдік нормаларды сақтай отырып, өз сыныптастарымен, достарымен еркін диалогтік қарым-қатынасқа түсуді де күнде- лікті өмірде қолдануды көздейді. Курс барысында бағдарламаны түрлендіре оқыта отырып, білім алу- шының өз бетінше ізденіп жұмыс істей алуына, танымдық тапсырмаларды орындау арқылы шығарма- шылығын шыңдауына, ой-өрісін, қиялын, тілін дамытуға жетелейді.

    Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстарға белсене араласып, өз әрекетіне өзі рефлексия жасай алып, сыныптастарының жұмыстарына кері байланыс бере алуға жаттығады. Курс барысында орын- далатын тапсырмалар мен жаттығулардың нәтижесін тексеру барысында «Өз-өзіңді тексер», «Көр- шіңді тексер», «Көршіңмен өз жұмысыңды салыстыр», «Кім тапқыр?», «Кім көп қате таба алады?»,

    «Қатесін тапқан ақылды?» деген сияқты ойындар арқылы тексеріп, марапаттап, қолпаштап бағалауға болады.

    Оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар



    Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша бірнеше шаралар кешені жүйелі жолға қойылып, сәтімен іске асырылуда. Әділ әрі сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары- ның бірі болып отыр. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ай- қындалды: білім алушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту, сапалы әрі жоғары білімге қол жеткізу. Аталған бағытқа қол жеткізу үшін оқытудағы әдіс-тәсілдерді ұтымды жинақтауымыз қа- жет. Мұғалімнің беретін білімі білім алушыға жеңіл әрі түсінікті болғанын ойластырып алған дұрыс. 1-сынып баласына жаңа сабақ болсын, мейлі қайталау сабағы болсын ойын арқылы беруге тырысқан жөн. Баланың өзіне істету арқылы, баланың ойымен санасу арқылы меңгерткенде оның берер жемісі мол болады. Мысалы, Асхат Әлімов ұсынатындай: «Мен Сізбен келіспеймін, алайда Сіздің пікіріңізді сыйлаймын!» немесе Сократтың «маевтика» әдісіндегідей «Ал егерде Сіздің пікіріңіз дұрыс болмаса ше? Егер олай болмай, бұлай болса ше? Ал егер былай жасаса, не өзгерер еді? Мүмкін былайша болуы қажет болар, Сіз қалай ойлайсыз?» деген сұрақтарды қойып, білім алушының өз қатесін өзіне түзетуге мүмкіндік берген абзал дейді.

    Ғұламаларымыздың бірі Ж.Аймауытов айтқандай, сабақ беріп шығу жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер десек, қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде әртүрлі интерактивті әдістерді сабақ бойына тиімді қолдану кеңінен таралып отыр. Интерактивті әдісті қолдану арқылы бі- лім алушының белсенді жұмыс істеуіне бағыт мүмкіндік береміз. Қойылған сұраққа өздігінен жауап іздеуіне әсер етеміз. Мысалы, осы курс барысында жаңа сабақта жаңа білімді беруге, ал біріккен са- бақта жаңа білім мен өткен білімді байланыстыруға жұмыс жүргіземіз. Зерттеу сабағында білім алу- шыны ізденуге баулып, саяхат сабақта танымдық қабілетін ашуға жұмылдырамыз. Семинар сабақта алған білімін тереңдете түсуге, талқылау сабақтарында сөйлеу мәдениетіндегі, диалог құрастырудағы, жазба жұмыстарындағы жіберген қателеріне арнайы талдау жүргізуге көмек береміз.

    Бекіту мен қайталау сабақтарында берген білімді қаншалықты меңгергенін байқап, алған бі- лімді одан әрі толықтыру мақсатында тапсырмалар ұсынамыз. Жарыс сабақта – білім алушының ойы- ның жетіктігін аңғарып, ойын, жұмбақ сабақтарда білім алушының зейінін дамытуға жол ашамыз. Ал конференция сабағында баланың іскерлігі мен шығармашылық белсенділігін арттыруға көмек көрсе- теміз.

    Мұғалім мен оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі


      1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

      2. Байтұрсынұлы А. «Тіл тағылымы». Алматы: Ана тілі, 1992 жыл.

      3. Байтұрсынұлы А. «Жазу мәселесі» Алматы: Ғылым, 1993 жыл.

      4. Байтұрсынұлы А. «Емле туралы» ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000 жыл.

      5. Еспекова Л. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы». Алматы: «Эверо», 2014 жыл

      6. Жүнісбеков Ә. «Төл әліпби төл жазу». Алматы: «Дайк-Пресс», 2017 жыл

      7. Ерғалиев Қ.С. «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы». Оқу құралы. 3-басылым. – Павлодар: «ПМПИ баспасы», 2016 жыл

      8. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.

      9. Интербелсенді әдісті мектепте қолдану Асхат Әлімов Алматы 2015 ж.

      10. Google.kz Интернеттен алынған мәліметтер

      11. Google.ru Интернеттен алынған мәліметтер


    Қосымша

    Жұмыс дәптері


    1-сабақ


    1. тапсырма

    Суреттерге қарап, оларды ата.

    Әр сөзді буынға бөліп айт. Неше буын бар?





    Қай сурет оқушыға керек деп ойлайсың? Неліктен? 2-тапсырма

    Суреттерге мұқият қара.

    Сурет бойынша өз ойыңды айтып көр.

    Сурет бойынша сөйлеу








    Сен осы әрекеттердің қайсысын ұнатасың? Не үшін?

    Өз ойыңды қалай білдірдің? Ауызша айттың ба? Әлде жаздың ба?


    1. сабақ

    Графикалық сызба бойынша сөйлеу


    1. тапсырма


    Бұл ненің сызбасы?

    Осы сызбаға сәйкес төрт сөз ойлап, оның сызбасын сыз.


    Қандай сызба сызғаныңды көршіңе көрсет. Ойлаған сөзіңді айт. Көршіңнің де сызбасын көріп, оны тыңда.








    1. тапсырма

    Суреттерге қарап, қандай заттар екенін сипаттап айт. Осы сөздердің сызбасын сыз.


    1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   367


    написать администратору сайта