Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқауларҚазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша бірнеше шаралар кешені жүйелі жолға қойылып, сәтімен іске асырылуда. Әділ әрі сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары- ның бірі болып отыр. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ай- қындалды: білім алушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту, сапалы әрі жоғары білімге қол жеткізу. Аталған бағытқа қол жеткізу үшін оқытудағы әдіс-тәсілдерді ұтымды жинақтауымыз қа- жет. Мұғалімнің беретін білімі білім алушыға жеңіл әрі түсінікті болғанын ойластырып алған дұрыс. 2-сынып баласына жаңа сабақ болсын, мейлі қайталау сабағы болсын ойын арқылы беруге тырысқан жөн. Баланың өзіне істету арқылы, баланың ойымен санасу арқылы меңгерткенде оның берер жемісі мол болады. Мысалы, Асхат Әлімов ұсынатындай: «Мен Сізбен келіспеймін, алайда Сіздің пікіріңізді сыйлаймын!» немесе Сократтың «маевтика» әдісіндегідей «Ал егерде Сіздің пікіріңіз дұрыс болмаса ше? Егер олай болмай, бұлай болса ше? Ал егер былай жасаса, не өзгерер еді? Мүмкін былайша болуы қажет болар, Сіз қалай ойлайсыз?» деген сұрақтарды қойып, білім алушының өз қатесін өзіне түзетуге мүмкіндік берген абзал дейді. Ғұламаларымыздың бірі Ж.Аймауытов айтқандай, сабақ беріп шығу жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер десек, қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде әртүрлі интерактивті әдістерді сабақ бойына тиімді қолдану кеңінен таралып отыр. Интерактивті әдісті қолдану арқылы бі- лім алушының белсенді жұмыс істеуіне бағыт мүмкіндік береміз. Қойылған сұраққа өздігінен жауап іздеуіне әсер етеміз. Осы курс барысында баланың іскерлігі мен шығармашылық белсенділігін артты- руға көмек көрсетеміз. Мұғалім мен оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Байтұрсынұлы А. «Тіл тағылымы». Алматы: Ана тілі, 1992 жыл. Байтұрсынұлы А. «Жазу мәселесі» Алматы: Ғылым, 1993 жыл. Байтұрсынұлы А. «Емле туралы» ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000 жыл. Еспекова Л. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы». Алматы: «Эверо», 2014 жыл Жүнісбеков Ә. «Төл әліпби – төл жазу». – Алматы: «Дайк-Пресс», 2017 жыл Ерғалиев Қ.С. «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы». Оқу құралы. 3-басылым. – Павлодар: «ПМПИ баспасы», 2016 жыл «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова. Интербелсенді әдісті мектепте қолдану Асхат Әлімов Алматы 2015 ж. Google.kz Интернеттен алынған мәліметтер Google.ru Интернеттен алынған мәліметтер |