Главная страница
Навигация по странице:

  • Игембердиева

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы

  • «Жазба

  • «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница259 из 367
    1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

    ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ОҚУ, ЖАЗУ, ТАЛДАУ ГРАММАТИКАСЫ


    3-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) Игембердиева Г.Б.

    №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіp жaзғaндap: Жумабаева А.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының жетекшісі, п.ғ.д., профессор Мергенбаева Н.О., 148 мектеп-гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp.


    Түсініктеме хат мазмұны


    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» бағдарламасы – бейіналды элек- тивті курс ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Бұл курс оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білім, білік, дағдыларын, таным- дық қабілеттерін, ойлау, шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын арттырады. Грамма- тикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәні бойынша осы бейіналды элективті курс бағдарламасының мазмұны «Тіл және сөйлеу мәдениеті», «Дыбыс және оның түрлері», «Сөз құрамы», «Сөз таптары», «Сөйлем мүшесі» бө- лімдерін негізге алып құрастырылған.

    Бағдарлама мазмұны қазақ тілі пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылы- ғын, коммуникативтік, шығармашылық, оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытуды басшылыққа ала отырып дайындалған. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш сынып білім алушыларының жазба жұмыста- рын оқу, жазу, талдау грамматикасы курсы білім алушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын оятып, сөздік қорын дамытып, дұрыс әрі анық сөйлеу шеберлігін қалыптастырып, тіл мәдениетін мо- лайта түсуге, өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыстарды атқара алуына мүмкіндік береді. Курс тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру барысында алған білімдерін же- ңілден күрделіге қарай жүйелеп, сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. 3-сы- нып білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада ұсынылған тапсырмалар- дың мазмұнының балаға жеңіл әрі түсінікті болуын қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдылар ке- зең-кезеңімен толықтырылып отырады. Орындауға берілген әр түрлі жаттығулар мен тапсырамалар білім алушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін бекіте түседі.

    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсы бағдарламасының

    мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жы- лында 34 сағат.

    Бұл бағдарламаның өзектілігі грамматикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойын- дарды шешу арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндік- тер туғызады. Бала тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Ал олардың мектепте оқуына байла- нысты сол табиғи процесс онан әрі жалғасады. Сондықтан мектептегі тіл үйрету, сауаттылықты арт- тыру жұмыстары табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.

    Әр оқушы ана тілінің фонологиялық мағынасы, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін меңгерсе, бұл жасалып отырған бағдарлама тілдің грамматикалық сауаттылығын арттыруға негіз болады. Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты кең ойлай алатын болуы керек. Сон- дықтан грамматикалық мағынаны ұғыну тіл мен ойлаудың негізгі факторы болып табылады.

    Тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен оқушы- лардың тіл байлығын арттырады. Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады. Грамматиканы үйрету тілдік сезімталдыққа сүйеніп іске асырылады. Бағдарлама бөлім бойынша жүйелі түрде берілгендіктен: білімін функционалдық және шығармашы- лықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, ке- лешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады
    «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» элективті курсының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және тілдік нормаларды сақтай отырып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға жағдай жасау.
    1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   367


    написать администратору сайта