Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Міндеттері:орфографиялық, пунктуациялық біліктіліктерін қалыптастыру; мәтіндерді құрастыру, талдау, салыстыру дағдыларын дамыту; өз ойларын сауатты түрде жазбаша еркін жеткізе дағдыларын жетілдіру; сөздердің мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; әдеби тілде ауызша сөйлеп, сауатты жазуға дағдыландыру; оқушылардың сөздік қорын толықтыра отырып, тілдік дағдыларын дамыту және жетілдіру; Күтілетін нәтиже:оқушы жазба жұмысын жазғанда тек ойын жеткізіп қана қоймайды, оны дұрыс, сауатты жа- зуға тырысады,тыныс белгісін сөйлем интонациясына қарай қоюды үйренеді; сурет бойынша әңгіме,шағын шығарма жазып, тірек сөздерді орынды қолдануды меңгереді; сөз, сөйлем, мәтін бойынша грамматикалық талдау жұмыстарын толық, сауаттылықпен жа- сай алады; оқыған мәтінін өз сөзімен жеткізе алады; тапсырмаларды нақты, жауапкершілікпен орындауға жаттығады; мәтінді оқып, негізгі ойын түсініп, мәтін мазмұнын ашатын ашық сұрақтарды құрастыра алады, жауап жазады; мәтінді түрі мен стиліне қарай ажырата алады; өз беттерінше мәтін құрастыру дағдылары қалыптасады; шығарма мен мазмұндама жұмысын жазуға машықтанады; жазба жұмысын жазу барысында алған білімдерін өмірде, жоғарғы сыныптың оқу процесінде қолдана алады; берілген тапсырмаларды өз бетінше, жүйелі, нақты, анық орындай алады; өз жетістіктерін критерий бойынша өлшей алады; өз-өзіне сыни көзбен қарайтын, тапсырманы уақытпен санаса, нәтижелі орындауға ұмтыла- тын білім алушы. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 4-cыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Сөйлеу арқылы ойлану Бірнеше берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, монолог құрастырып жазады. Монолог жазу барысында өзінің көңіл күйін, ой пікірін, көзқарасын ашық жеткізе білуге дағдыланады. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Заңдылықты сақтайық Сөйлемдердің ішінен қарамен жазылған сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.Қате- сін тауып, түзетіп жазады. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді табады. Себебін түсіндіреді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: «Адасқан бөліктер» Бөліктері араласып берілген мәтіндерді оқиды,мазмұнын түсініп, бөліктерін ретке келтіріп жа- зады .Мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырып жазу дағдылары дамиды. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Мәтін стильдері Көркем әдеби стиль мен, ғылыми стильдегі мәтінің айырмашылығын ажырата алады. Сурет бойынша көркем әдеби стильдегі шығарма жазуды үйренеді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Тірек сөздер тізбегі Тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндаманы жазады. Мәтіннің мазмұнын,негізгі ойын жеткізуде тірек сөздерді мағынасына қарай орынды қолдануды үйренеді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Кім ұшқыр? Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады. Тыныс белгісін дұрыс қоюды меңгереді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: «Айтыңыз және түйіндеңіз» Мақал мәтелдер беріледі. Сол мақалдарды толықтырады, құрмалас сөйлем жасайды. Құрмалас сөйлем екендігін дәлелдейді.Тыныс белігісін дұрыс қою арқылы, жазылым дағдылары дамиды.. 8-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Соңғы сөзді мен айтайын... ойыны Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жа- зады.Мәтіннің стилін анықтайды.Мәтін ішінен құрмалас сөйлемдерді бояйды. 9- сабақ ( 1 сағат). Тақырыбы: Сөйлемнің құрылымдық бөліктері. Графикалық модель беріледі. Сол модельді басшылыққа алып,күрделі мүшесі бар сөйлем құ- растырып жазады. Дара және күрделі мүшені анықтайды сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Орынды жауаптар. Мәтін беріледі. Сол мәтінді көшіріп жазып, ішінен бірыңғай мүшелерді анықтайды.Бірыңғай мүшелердің жасалу жолын түсінеді. сабақ ( 1 сағат). Тақырыбы: Түйінді сөздер Бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Сол тіркестердің мағынасын жазу арқылы еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінің айырмашылығын ажырата алады. Сөйлеу барысында тұрақты сөз тіркесте- рін қолдануға жаттығады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: «Сыңарын тап» ойыны Ойын ойнау барысында кестені толықтыру арқылы қос сөздердің түрлерін ажырата алады.Сөй- леу барысында қос сөздерді дұрыс қолдануға жаттығады. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: «Чайнворд» ойыны Шарты: Мұғалім тақтаға бір сөз жазады, ойынға қатысушылар сол сөзді қос сөзге және біріккен сөзге айналдырады. Ауыл. Баянауыл. Ауыл-аймақ. Аяқ. Ыдыс-аяқ. Қосаяқ Ойын барысында біріккен сөздер мен қос сөздердің жазылу ерекшелігін түсінеді.Әр сөздің ма- ғынасын ашады. 14 -сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Ойлы сұрақ, ұтымды жауап Бірнеше сөзден тұратын атауларды қысқарған сөз түрінде жазып, қысқарған сөздердің толық атауларын айту дағдылары дамиды. АҚШ Ұлттық Ғылым Академиясы 15- сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Сөзден -сөйлем, сөйлемнен –мәтін Мұғалім бірнеше тақырыптарды ұсынады.Әр білім алушы бір тақырып таңдап шығарма жа- зады. Шығарма жазу барысында ұсынылған күрделі сөздерді дұрыс қолдануға жаттығады. 16-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Білетініміздің барлығы..... Тест жұмысын орындау арқылы сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін анықтай алады. Бірік- кен сөз бен қос сөздердің жасалу жолдарындағы айырмашылықты ажырата алады. 2-тоқсан бойынша алған білімдерін барынша толық қайталайды.Әр білім алушының деңгейін тексе- руге мүмкіндік береді. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Морфологиялық жәшік Сөздің білдіретін мағынасына, қойылатын сұрағына, сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарап қай сөз табы екенін анықтайды. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Бірге табайық» Берілген мәтін ішінен сұрақ қою арқылы зат есімдерді табады,теріп жазады.Түрлеріне қарай ажырату дағдылары жетіледі. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Септіктер еліне саяхат. Жазба жұмыстарын орындау барысында септік жалғауларын дұрыс қолданады. Септік жалғауының қай септіктен жасалғанын дәлелдейді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Қос жазбадағы септіктер І,ІІ,ІІІ жақтағы тәуелдеулі сөздің септелуінде қандай ерекшелік барын байқайды. Қай септіктердің жалғаулары өзгеретінін түсінеді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Жалғаулар аллеясы Тапсырмаларды орындау барысында жалғаулардың айырмашылығын ажырата алады. 22-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Есімдіктер патшалығы» тақырыбына ертегі құрастыру. Ертегі құрастыру барысында есімдіктің түрелерін кейіпкер ретінде алады. Есімдіктің түрлерін ажы- рата алады. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Зымыран сұрақтар Есімдіктің сөйлемдегі қызметі, түрлері жайлы білімдері бекітеледі. Жауап іздеуге негізделген сұрақ- тар құрастырып үйренеді. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Аяқталмаған сөйлемдер. Етістікке жіктік жалғауларын дұрыс жалғай алады. Сөйлемдерді аяқтап жазу арқылы ой-өрістері ке- ңейеді. сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Тест Етістік жайлы алған білімдерін бекітеді.Қатемен жұмыс жасап, тест жұмысын талдау арқылы етістік тақырыбы жайлы алған білімдері тиянақталады. Өз беттерінше жұмыс жасау дағдылары дамиды сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Білетініміздің барлығы. Тоқсан бойында алған білімдерін қорытындылайды. 27-сабақ (1 сағат). Тақырыбы: Ережелік жұмбақтар «Ойлансаң табасың» Етістік шақтарына байланысты жұмбақтар құрастырады.Тілдік дағдылары дамиды. Етістік шақтары жайлы білімдері бекітеледі.. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Метаграммалар шешу Сөздің жалғыз дыбысын өзге дыбыстармен алмастыру арқылы бірнеше жаңа атаулар жасай алады. Сол атаулардың сапасы мен сынын. ажыратып, сөйлем құрастырады. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Мақал-сөздің мәйегі Мақал ішінен қарсы мәндес сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, көркем сөзді, көркем ойды сөздік қорына пайдалануға дағдыландыру. 30-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Грамматикалық домино Ойын барысында көрсетілген сан бойынша мақалдар айтады. Сан есімдерді түрлеріне қарай ажырата алады. 31-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Графикалық диктант Мұқият тыңдау, өз бетінше жұмыс жасау, зейіннің тұрақтылығын арттырады. 32-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Шылау ма,жалғау ма?» ойыны Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтығады 33-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Сөз сиқырын ұғайық Одағай сөздерді сөйлеу барысында орынды қолдана білуге үйренеді. Одағайдың өзіне тән ерекеше- ліктерін айтып, дәлелдейді. сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Білімдарлар сайысы Жыл бойы алған білімдерін бекітеді. Қорытындылайды |