Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница275 из 367
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   367

Оқушылардың білімділік деңгейіне қойылатын талаптар Білуі тиіс:


  1. Сандарды оқи, жаза, салыстыра білуі тиіс;

  2. Арифметикалық амалдарды қолдана білуі тиіс;

  3. Логикалық ойлау қабілеті бар және шығармашылықпен жұмыс жасай білуі;

  4. Есептердің шығарылуын математика тілінде рәсімдей білуі;

  5. Өз ұсыныстарын негіздей білуі өз ойларын дәл түсінікті және тиянақты етіп жеткізе білуі




  1. Геометриялық фигураларды ажырата білуі тиіс;

  2. Жиын, теңдеуді шешу, жәй және құрама есептерді шығара білуі тиіс;

  3. Шамаларды, тәулік уақытын анықтауды, шамалармен амалдар орындауды, оларды салыс-

тыруды білуі тиіс;

Меңгеруі тиіс:


    1. Қарапайым және күрделіге дейін есептердің шешу жолдарын меңгеруі тиіс;

    2. Оқушы математикалық білім мен білік, дағдыны меңгеруі тиіс;

    3. Есепті шығару жолдарын, күрделі теңдеуді шығару жолдарын меңгеруі тиіс;

Түсіндіре алуы тиіс:


  1. Орындалатын тапсырманың шешілу жолын;

  2. Қызықты, логикалық, шығармашылық есептердің орындалу тәртібін;

  3. Тиімді тәсілдерді түсіндіре алуы тиіс;

Бағалау бөлімі


Бағдарламаның мақсатына сәйкес әрбір оқу үдерісінде бағалау критерийлері арқылы қалыптас- тырушы бағалау жүргізіледі. Ішкі уәжін ояту мақсатында ынталандыру, уәждеу түрлері қолданылады. Оқушыларға олардың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл бағалауды қамтамасыз ететін, терең ойлауға және талқы жүргізуге түрткі болатын, олардың оқудағы келесі қадамдарын айқындауға көмектесетін ауызша жіне жазбаша кері байланыстар ұсынылады. ЖАДА (жақын арада даму аймағы) арқылы бір - біріне кеткен кемшіліктерін түзетуге көмек береді. Жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар орындалады. Тоқсан соңында білімдерін тиянақтау үшін жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар алынады.

Қолданылатын кері байланыс түрлері:

«Табыс сатысы».

Іс - әрекет кезеңдерін бөлуге және тақтада жазуға болады. Сабақ соңында оқушыларға та- бысқа апаратын баспалдақ түрінде әрбір кезеңде өз жұмысын бағалауын ұсыну.

    1. Мен... білемін.

    2. Мен ... түсінемін.

    3. Мен ... жасай аламын.

«Таңдау» әдісі

  1. Маған сабақ қызықтықызықсыз болды деп ойлаймын.

  2. Мен сабақта: үйрендім, көп нәрсеніүйренгенім аз болды.

  3. Мен басқаларды мұқиятзейінсіз тыңдадым.

  4. Мен пікірсайыстарға жиісирек қатыстым.

  5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамынриза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа де- ген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.

«Сауалнама» әдісі

Бұл әдіс ғылымда кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдіс .Сауалнама әсіресе инди- видтердің субьективті жай - күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптврмайтын ерекше әдіс.Сұ- рақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.

«Өзін-өзі бағалау» әдістері.

«Шеңбер бойынша жазу» әдісі.

Топтағы әрбір оқушының өз парағы болуы керек. Оқушылар 2 мин ішінде парақтарына тақы- рып бойынша 1 - 2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар ал- дыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады. Солай парақтар бір - біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келуі керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Егер маңызды мәлімет қалып кетсе, онда жазулар толықтырылады.

Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділік.

Оқытуды жақсартудағы 5 қағида мыналар: Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.

Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   367


написать администратору сайта