Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Қалыптастырушы бағалау кезіндегі балл жүйесі1 балл - 10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау уақытында дербестік танытпайды. 2 балл - 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым қорытынды жасай бермейді. 3 балл - 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, қателіктерін тү- зетуге тырысады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің, ата – ананың, сыныптастарының қолдауын қажет етеді; 4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, үнемі белсенді бола бермейді. 5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, мұғалімнің көмегі қажет, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау уақытында дербестік танытады; 6 балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, орташа, күрделі тапсырма, есептерді өз бетінше орындай алады; 7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақы- тылы түзейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады; 8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, өз бетінше жұмыс жасап, шешім шығара алады; 9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, қателерімен жұмыс істейді, өз бетінше жұмыс жасай алады; 10 балл - оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, дербес жұмыс жа- сай алады, өз жауаптарын нақты түсіндіріп бере алады. Қосымша Шығармашылық, практикалық жұмыстардың жобалардың тақырыптары, зертханалық тәжірибелердің, т.б. тақырыптары:
Қысқа мерзімді жоспар
Олимпиадаға дайындық тапсырмалары Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы не- гізгі мақсатты ескере отырып, абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. тез есептеу дағдыларын жетілдіру. Міндеттері: Танымдық қызығушылығына жағдай жасап, ізденімпаздыққа жетелеу, жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамыту. Көңілді жаттығуларды, логикалық амалдарды қалыптастыруға анықтамаларды жүйелеуге арналған тапсырмаларды дұрыс және тез орын- дауға үйрету. Логикалық тапсырмалар оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір қажеттіліктеріне қарай қолдана білу қабілетте- рін анықтауға арналған. Сексеуілдің тамыры 10 м тереңдікке дейін созылған, ал жердің үстіндегі биіктігі 9 м. Егер жоғары бөлігінен 6 м кесіп алса, онда сексе- уілдің қалған бөлігі мен тамырын қоса есептегенде барлық ұзындығы қанша? Жауабы: 10 м + 9 м – 6 м = 13 м 10 – нан 20 – ға дейінгі сандарды теңдіктер орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына орналастырып шық. 20 – ға дейінгі екі таңбалы сандардың барлығы да осы теңдіктердің бірінен табылатын болсын. ... - ... = 9 ... - ... = 6 ... - ... = 3 ... - ... = 8 ... - ... = 5 ... - ... = 4 ... - ... = 7 ... - ... = 4 ... - ... = 2 Жауабы: Бұл бір үлгісі, басқа да шешімдері көп. 20 - 11= 9 16 – 10 = 6 19 – 16 = 3 18 – 10 = 8 19 – 14 = 5 17 – 15 = 2 20 – 13 = 7 15 – 11 = 4 13 – 12 = 1 5 – тен артық және 10 – нан кем бір сан жаз. Ол саннан 5 – ті азайт. Бастапқы санға 5 – ті қос. Қосындыдан айырманы азайтып жаз. Есепті әртүрлі үш сан үшін қайталап шығар. Сқңғы айырманың нәтижелерін салыстырып, қорытынды шығар. Жауабы : 6. 6 – 5 = 1; 6 + 5 = 11. 11 - 1= 10. Нәтиже әрқашан 10 болады. Үш қабатты үйдің әрбір қабатының биіктігі 3 м. Үйдің жанындағы талдың биіктігі үйдің биіктігінен 1 м қысқа. Талдың жоғарғы жағы- нан 1 м төменде тұрған құстың ұясы бар. Құстың ұясы жерден қанша метр биіктікте тұр? Жауабы: Үйдің биіктігі 9м, құстың ұясы жерден 7 м биіктікте. Бөшкеде 18 л су бар. Кішкентай шелекке 3 л су сыяды. Бала 2 шелекпен бөшкеден су тасып жүр. Егер бала суға 3 рет барып келсе, онда бөшкеде қанша литр су қалады? Жауабы: 2 шелекке 6 л су сыяды. Бала бөшкеден 2 шелекпен 3 рет су алса, барлығы 6 л + 6 л + 6 л = 18 л су алады. Бөшкеде су қалмайды. Математикалық тәуелділікті тап және жалғастырып жаз. 9, 7, 10, 8, 11, 9,12... Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? Мақсаты : Сандар қатарындағы және олардың арасындағы тәуелділіктің мән – мағынасын аша түсу арқылы оқушыларды функция ұғымын игеруге біртіндеп дайындау. Нұсқау. Жаттығу шартына орай, Марат әр ретте1 балықтан, ал Самат 2 балықтан ұстап отырған. Осыған сүйене отырып, оқушыларға бір- тіндеп төмендегі кестенітолтыру ұсынылуы мүмкін.
Балалардың қайсы жағдайда барлығы 12 балық ұстайтындығын анықтау қиын болмайды. Жауабы: Марат 4, ал Самат 8 балық ұстаған. Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыр. Мақсаты : Оқушыларды тиімді іс – әрекеттер орындай білуге үйрету. Оқушылар тиісті нәтижеге өз беттерімен қол жеткізе алмаған жағ- дайда орындықты бөлменің бұрышына орналастыру кезіндегі ерекшелікке назар аударылады. Жауабы: Ойлаған санды 3 – ке көбейтіп, көбейтіндіден 6 – ны азайт та, нәтижені 2 – ге бөл. Сонда 15 шықты.Ойлаған санды тап. Мақсаты : Оқушыларды белгісізді әріппен таңбалау, берілген және іздеп отырған сандар арасындағы байланыстарға негіздей отырып тең- деу құру, сол теңдеуді шешу және есептің сұрағына жауап беру сияқты іс – әрекеттерді біртіндеп орындауға дағдыландыра түсу. Нұсқау. Жаттығуды орындаумен байланысты іс – әрекеттер тзбегі біртіндеп төмендегі кестені толтыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жауабы: Ойлаған сан 12 Ойлаған сан 12 деп алғанда, жаттығу шартына сәйкес, нәтижеде 15 – тің шығатындығына оқушылардығ көздерін жеткізе түсу керек. Мына сөздерді пайдаланып, кроссвордты шеш: шар, теңдік, алты, үшбұрыш, бесбұрыш. Көлденеңінен :
Геометриялық фигура. 5 – тен кем сан. Ойыншық. 6. Математикалық ұғым. Тігінен : 2. Геометриялық фигура. 5. 5 – тен артық сан. Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу. Нұсқау: Ең алдымен 3 – інші мен 5 – інші сөздерді табуды ұсынған тиімді. Жауабы: Үшбұрыш; Бесбұрыш; Төрт; Шар; Алты; Теңдік. Интернет ресурстар Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру және педгогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал етуге, үздік Отандық және әлемдік педагогикалық тәжірибені жинақтау, трансформациялау және тираждау бағытында жұмыс жасай- тын Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми – педагогикалық орталықтарының бірі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акаде- миясы сайты және қазіргі таңда оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында қолданылатын білім ресурстары сайты https://www.youtube.com/watch?v=bEH0djKIT3s&t=61s https://www.youtube.com/watch?v=20AgIjuGbMA https://www.youtube.com/watch?v=mYsSiUk1ir4 https://www.youtube.com/watch?v=T4rJOYn-G-c&t=33s https://www.youtube.com/watch?v=T4rJOYn-G-c https://www.youtube.com/watch?v=_CNsTTInCZw https://www.youtube.com/watch?v=YtnbQyv02fo Пайдаланылған әдебиеттер Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы,2015ж Ә.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. – Алматы, 1997 ж Б.М.Қосанов, П.С.Сағымбекова, Қ.Б.Егемова. Бастауыш математика курсындағы стандартты емес жаттығулар.2009 ж Б.М. Қосанов. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. 2 – сынып. –Ал- маты,2005ж Бастауыш сыныптардағы «Қызықты математика» Алматы, 2004 ж Есенбай Дүйсенбай. Санамақ Алматы. 1996ж К.Ерешова, У. Искакова. «Логика әлемі» Әдістемелік құрал. Құрманалина Ш.Х. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Алматы «Атамұра» 1997 ж Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. Көкшетау. «Келешек – 2030» жшс, 2010 ж Омаров Р. Математикадан қалыптан тыс есептер мен жаттығулар жинағы Алматы «Рауан» Т.К. Оспанов, О.В. Кочеткова, Ж.Қ. Астамбаева.Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. – Қазақстан мектебі, №4, 2005 ж Оқушыларға қолдануға ұсынатын қосымша журналдар мен дәптерлері және білім беру ресурстары Дидактикалық материалдар. Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы. Өзіндік жұмыс дәптерлер Математикадан есептер жинағы 2 – сынып Р.Жумабаева, А.Жанғалиева. Логика әлемі 2 – ші сынып оқушыларына арналған. «Bilim Media Group» компаниясының білім беру ресурстары – Bilimland.kz, iTest.kz, iMektep.kz, Twig-Bilim. |