Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница270 из 367
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   367

БАҒДАРЛАМА ЖАС МАТЕМАТИК


элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары 2-сынып оқушыларына арналған

(аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат)

ИСКАКОВА УЛМЕКЕН ИСКАКОВНА


№174 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Пікір жазғандар:Бекболганова А. К., п.ғ.к., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасының қауымдастығы профессор м.а.

Мекебаев Н.О, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасының бағдарлама көш- басшысы, PhD, аға оқытушысы

Камалиева З.Н., педагог-шебер, ҚР білім саласының Құрметті қызметкері.

Түсініктеме хат мазмұны


Бағдарламаны дайындауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жал- пыға міндетті стандарттарына сай дайындалған жаңа мемлекеттік бағдарламаның қажет екендігі себеп болды. Орта мектептегі көп жылдық іс-тәжірибемде байқағаным, оқушылардың тек сандық жүйемен ғана жұмыс жасап, есептеп, ал логикалық тапсырмаларды оқушылардың өздігінен шеше алмай, жеке ойлау үдерістерінің болмай, мұғалімнің жетелеуімен нәтижеге жететіні көп ойлантты. Математика – менің өмірім, математика – барлық салада. Өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керек екендігі, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындығы жайлы терең ойлануымыз қажет. Ғылым дамуы үшін дарынды оқушыларды ерте жастан ғылымға бе- йімдеп, осы бағытқа қарай жұмыс жасауымыз, ерте жастан ғылыми ізденістерге бейімдей білуіміз қа- жет. Бұл элективті курс бағдарламасы – осы жұмыстың алғашқы баспалдағы. Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларын зерттеу жұмыстарына машықтандыру заман талабы.

Бағдарламаның өзектілігі. Қазіргі кезеңде біздің еліміздегі білім беру жүйесінің басты мін- деттерінің бірі білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу, әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау. Негізгі мәселелерді ше- шетін, өзі шешім қабылдап, сындарлы ойлайтын, идея мен маңызды пікір ұсынатын, тиімді жұмыс жасайтын, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Сондықтан да оқушыларымыздың білімді болып, мектепте алған білімдерін болашақта орынды жерде қолдана білуіне басты назар ауда- руымыз қажет. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» екендігін ескергеніміз дұрыс. Білім алушы әр дәрісімізде үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас таныту- лары қажет.

Оқушы бағдарламамен жұмыс жасау барысында өз бетімен жұмыс жасап, ойын ашық жеткі- зуге ұмтылып, логикалық ойлау қабілеті дамып, математика ғылымының қыр – сырымен танысады. Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылып, жеке мақсатқа қарай жұмыс жасап, міндеттерді шешуде табанды жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады, өз бетімен жұмыс жасап, өзін-өзі сынап,

бағалауға бейім келеді. Есептеуді жақсы игеріп және кеңістік ойлау қабілетінің болуына итермелейді, жеке ойлау қабілеттерін дамытады. Ең өзектісі, оқушы математика ғылымының өз өміріне қаншалықты керек екенін түсінеді.

Бағдарлама математиканың бастауыш курсы мазмұнын, бастауыш сыныптарда оқытылатын математикалық ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін оқыту жүйесін меңгеруге және жақсартуға мүмкіндік туғызады. Көбейту кестесін тез жаттау әдісін де үйреніп, алған білімін тапсырманы орындауда, күнде- лікті тұрмыста қолданатын болады. Өтілген материалдар бойынша білімін талдап, жинақтап, баға- лайды. Өрнектер құрастырып, есеп шығарып, 100 көлемінде қосу мен азайтуды меңгеріп, ойлау қабі- летін жетілдіретін тапсырмаларды да орындайды. Көптеген тапсырмалар оқушының алған білімін күн- делікті өмірде қолдана алуға үйретеді.

1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   367


написать администратору сайта