Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
БАҒДАРЛАМАэлективті курс «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»3-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) МОЛДАХАНОВА МЕЙІРГҮЛ ИСКАКОВНА№177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пікір жазғандар: Карсыбаева Р.К., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, педаго- гика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Абдрахманова К.С., Ы.Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Түсініктеме хат мазмұны«Қызықты математика» элективті курс ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Баланың математика пәнінде алған бастапқы білі- мін жетілдіріп, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады. Математикиалық білімді өмірде қолдану- дың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бағдарламада оқушылар жаңа ұғыммен, терминдермен таныса отырып, өз түсініктері мен қабі- леттерін жетілдіріп, жобалар мен тапсырмаларды әзірлеп орындау үшін жауапкершілік алуды үйре- неді. Бағдарламаның өзектілігі. Математикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл элек- тивті курс тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыпта- суына бағыттылғандығы оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Бағдарлама бөлім бойынша жүйелі түрде берілгендіктен: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қа- тынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағ- дылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де же- тістігінің кепілі болып табылады. Сонымен қатар әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет ету жолдары мен проблемалық жағда- яттардан шығу жолдарын түсінуге, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, логикалық ойлау дағды- ларын дамыту, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бағдарламаның міндеттері:логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану білікті- лігін дамыту; - оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геомет- риялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіз- дікті дамыту; ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға не- гізделген. «Қызықты математика» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. |