анатомия. 1 сабак. Анатомия пніні ылым ретінде тсінігі
Скачать 30.18 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Анатомия, физиология ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны. Мүшелер, мүшелер жүйелері. Анатомия пәнінің ғылым ретінде түсінігі. Анатомияның түрлері; Анатомияны оқу әдістері; Жеке дене бітімінің құрылыс ерекшелігі. Ұлпалардың түрлері: кілегей, дәнекер, бұлшықет, жүйке; Адам денесінің іші мен сомаға түсінік; Нейрогуморальдық бүтіндігіне түсінік; физиология пәніне түсінік, бөлімдері(жалпы, жеке); негізгі физиологиялық түсінік; физиологияның қысқаша тарихи дамуын. Адам анатомиясы жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі үлкен бір саласы болып саналады. Адам анотомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамның шығу тегі туралы діни-идеалистік және ғылыми-материалистік пікірлер де бар. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни сенімге сүйеніп, адам құдай құдіретімен жаратылған деп уағыздаса, материялистер –ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуына пайда болған деп дәлелдейді. Анатомия гректің «anatemno» кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп-сою /осу/ анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады. Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақа зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелік анатомия, топографиялық, анатомия, мүсіндік /пластикалық/ анатомия, сиптамалы анатомия, функциональды анатомия, динамикалық, анатомия және салыстырмалы анатомиялар жатады. Адам анатомисының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын-функциональдіқ әдес деп атауға болады. Құйып толтыру /инфекциалық/ әдісі бойынша ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді. Бұл әдісте кесу және бұзу әдістері қосымша пайдаланылады. Бұзу /коррозия/ әдісі-өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің /өкпе, баур/ құрылысын зерттейді. Өкпе не бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейды. Сонда мүшелердің ішкі құрылысынын пішіндері анықталады. Жидіту /мацерация/ әдісі-шірітіп /жидітіп/, өлікті жылы сумен шаю ар қылы сүйек препаратын немесе тұтас қанқа алуға мумкіндік береды. Ағарту әдісі-жасаған препаратты немесе үлпаны арнаулы сұйықтықпен өндеп ағартып алады. Көбінесе сүйектерды ағартуда қолданылады. Микроскопиялық әдіс-адам денесінің көзге көрінбейтін майда құрылысын байқау үшін микропрепараттар жасап эерттеуге қолданылады. Анатомия адам мүшелерін тірідей де тексеру кажет, өйткені мүшелердің көбі өлген адамда тірі кездегіден болектеу болады. Бұл үшін рентгенологиялық әдіс қолданады. Онымен өлікті де, тірі адамды да толық тексеруге болады. Егер рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін экрада көретін болса, оны рентгеноскопиялық әдіс, ал рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп алса, оны рентгенография әідіс деп атайды. Ауторадиаграфиялық әдіс радиокативті изотоптар жәрдемімен тіс, қанқа сүйегінің, т. б. Мүшелердің даму кезеңдерін тексереді. Антропометриялық әдіс-дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы пропорциясын зерттеу арқылы олардың дұрыс қалыптасып бара жатқанын анықтайды. Эксперементтік әдіс-организмнің, мүшелерің кізметтін зерттеу арқылы функциональды анатомияның түрлі сұрақтарына жауап беру үшін қолданылады. Анатомиялық зерттеулерде бұл айтылған әдістерден басқа суретке, киноға түсіру және мүшелердің сүретін сызу арқылы зерттеулер де өте кең түрде қолданылады. Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібі анықтау үшін арнаулы анатомиялық терминдер қолданылады. Кілегей ұлпасы денені сыртынан жауып, ішкі куыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап түрады. Кілегей ұлпасы бездердің құрамына кіреді. Ол жасуша мен аралық заттардан тұрады. Басқа ұлпалардан ерекшелігі оның аралық заты өте аз, жасушаның пішіні әр түрлі. Атқаратын қізмет: денені механикалық химиялық және т.б. сыртқы ортаның әсерінен қорғайды, денедегі зат алмасуына, сорылу, сөл бөліп шығару қызметіне қатынасады. 1. Бір қабатты; 2. Көп қабатты; 3. Безді кілегей. Бір қабатты кілегей ұлпасының цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады. Олар түтікше, жіпше, кірпікше, тонофибрил. Түтікшелер – кілегей жасушаның цитоплазмасының өсінділері. Олар ішекте, бүйректің түтікшелерінде болады және бұл мүшелердің шырышты қабатының сіңіру,сору көлемін кеңейтеді. Жіпшелер – қозғалғыш, еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі. Кірпікшелер – жіңішке қозғалғыш өсінді. Көп қабатты кілегей ұлпасы ауыз қуысын, өнешті, көздің қасаң қабығын, несеп-зәр шығару мүшелерінің шырышты қабатын қаптайды. Ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады. Бізді кілегей жасушаның пішіні әр түрлі болады, бірақ барлығына тән қасиет сөл бөліп шығарады. Бізді кілегей жасушаларында Гольджи аппараты, митохондрия көп. Дәнекер ұлпасы. Жасушамен жасуша аралық зат кіреді. Жасуша аралық зат талшықтан және негізгі заттан құралған. Дәнекер ұлпаның түрлері: борпылдақ дәнекер ұлпа, тығыз дәнекер ұлпа, дәнекер ұлпаның ерекше түрі. Дәнекер үлпаның атқаратын қізметі: 1 трофикалық зат алмасуына; 2 қорғаныс, фагоцитоз қасметі бар иммунитетке; 3 механикалық «тіреуші, байлам, сіңір, шеміршек, сүйек, тамырмен бірге мүшенің негізін қалайды»; 4 пластикалық – жасуша регенерациясына қатынасады. Дәнекер ұлпаның аралық затының құрылысы өте құрделі. Оның құрамында көмірсу, полисахаридтер, ақуыз болады.Дәнекер ұлпаның эндотелий қабаты қан мен лимфа тамырының ішкі қабырғасын қаптап түратын, пішіні мен үлкендігі әр түрлі жасауша – эндотелиоцит. Дәнекер үлпаның денеде көп таралған жасушаларының бірі фибробласт. Пішіні ұршыққа ұқсаған не жазық болып келетін олар тез қимылдағыш, жараның бітуіне, тыртықтың пайда болуына, денеге түскен бөгде денелерді қармап алуға қатынасады. Дәнекер ұлпаның плазматикалық жасушасы – плазмоцит, ішектің шырышты қабатындағы, шарбыдағы, біздегі, сүйектің майындағы дәнекер ұлпада кездеседі. Олар ақуыз алмасуына, антидененің пайда болуына қатынасады. Дәнекер ұлпаның май жасушасы – липоцит. Олардан денеде пайда болған май көбіне қан тамырларының айналасында болады. Май жасушасы домалақ пішінді, оның ортасында нейтраль май талшығы бар. Май ұлпасы – дененің коректік қоры. Ол адамның тамақтануына байланысты өзгеріп, зат алмасуына қатынасады, жылуды реттейді, денені жарақаттан сақтайды. Пигмент ұлпасының құрамында – пигмент жасушасы көп. Олар денеге түс береді. Бұлшық ет ұлпасы дененің қимыл аппаратының белсенді бөлігі. Бұлшық ет үлпасының үш түрі бар: 1 көлденеңжолақты; 2 бірыңғай салалы; 3ерекше бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы негізінен қанқа бұлшық еттерінде, ауыз, тіл, көмекей, жұтқыншақ, көкет «диафрагма», ымдау бұлшық еттерінде, өңештің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Көлденең жолақты бұлшық еттер үлпасы адам еркіне бағынышты жиырылып, босаңсиды, оның қызметіне көп энергия жұмсалады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы ішкі мүше қабырғасында кездеседі. Оладың жиырылып, босаңсуына энергия жұмсалмайды, олардың қызметі адам еркіне бағынышты емес. Бұлшық етің ерекше түрінде жүректің көлденең жолақты бұлшық еті мен миоэпителиалды бұлшық еті өнеді Жүректің көлденең жолақты бұлшық еті құрлысы жағынан қанқаның бұлшық етіне ұқсас, бірақ адам еркіне бағынышсыз жиырылып, босаңсиды, оның қізметіне энергия жұмсалмайды. Жүректің көлденең жолақты бұлшық ет үлпасының жасушасы – кардиомиоцит. Жүйке ұлпасы. Жұйке жасушасынан пайда болады. Жүйке жасушасының екі түрі бар 1)нейрон; 2 нейроглия. Нейрон тітіркенеді, қозады, тітіркеністі өткізеді, ол нейроглия жүйке ұлпасында тіреуіш пен қоректендіру қызметін атқарады. Жүйке жүйесінде әр түрлі пішінде кездесетін олардың басқа жасушадан айырмашылығы өсінді болады. Жүйке жасушаның өсіндісі – аксон және дендрит болып бөлінеді. Бірнеше, қысқа дендрит арқылы тітіркеніс «импульс» жүйке жасушының денесіне қарай бағытталады. Жүйке жасушасында аксон өсіндісі біреу ғана. Ұзындығы бірнеше миллиметрден 1,5 метрге дейын жетеді. Аксон өсіндісі арқылы тітіркеніс жүйке жасушаланың денесінен басқа жасушаға немесе басқа мүшеге беріледі. Өсіндінің санына байланысты жүйке жасуша үш топқа бөлінеді: бір өсінділі – униполяр, екі өсінділі – биполяр, үш және көп өсінділі – мультиполяр. Адамда көбіне мультиполяр жүйке жасушасы кездеседі. Жүйке жасушасы атқаратын қізметіне байланысты сезімтал немесе ассоциавтивтік болып бөлінеді Жүйке жасушасы көбіне бір ядролары, ал ядросында 2-3 ядрошық болады. Жүйке жасушасының цитоплазмасында басқа жасушадаң ерекше базофильді зат пен нейрофиблин болады. Базофильді зат жүйке жасушасының денесінде және дендритінде дене түрінде кездеседі. Олар жүйке жасушасында әр түрлі болып өзгеріп түрады. Мысалы, қанның құрамындағы оттегі азайып, көмір қішқіл газының мөлшері көбейгенде жүйке жасушаларындағы денешенің жоғалып кететіндігі байқалады. Нейрофибрил – жүйке жасушаның денесінде, барлық өсіндісінде жіпше түрінде кездеседі, тітіркеністі өткізеді. Нейроглия – пішіні, көлемі, атқаратын қызмет әр түрлі жүйке жасушасы, олар макроглия, микроглия болып бөлінеді. Жүйке жасушаның қабықпен қапталған өсіндісі «талшықтары» деп аталады. Жүйке талшықтары атқаратын қызметіне байланысты 1) сезімтал немесе афферентті, орталыққа тепкіш; 2) қимылдық, эфференттік немесе орталықтан тепкіш; 3) аралық немесе ассоциативтік талшық болып үш топқа бөлінеді. Мүше мен мүше жүйкесі туралы түсінік. Дене мүшесі деп, денесің белгілі бір құрылысындағы, пішініндегі өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге сүйек, бұлшық ет, без, асқазан, өкпе, бүйрек, жүрек, жіңішке, жуан ішек және т.б. жатады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатынасады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қізметі атқарады: мысалы, сүйектің құрамында сүйек ұлпасы, шеміршек және басқа дәнекер ұлпалар болады. Бірақ сүйектің құрылысының негізгі сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасы сүйекке қаттылық қасиет береді. Сондықтан сүйек денеде тіреуіш, қорғаныс қызметін атқарады, дененің қимылына қатынасады. Кейбір мүшенің құрылысында екі үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады, мысалы: асқазан мен ішекте кілегей, дәнекер, бұлшық ет ұлпалары болады. Асқазан мен ішектің сөлін олардың бізді кілегей ұлпасы бөліп шығады, ал қимыл осы мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылып, босаңсуынан пайда болады. Ал бұл мұшелердің құрвлысының құрамында жүйкелер, қан және лимфа тамырлары болады. Денедегі барлық мүше – құрылыс, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді. Сүйектер тіреуіш қызметін атқарады. Олардан қуыстар пайда болады. Қуыстар мүшелерді қорғау қізметін атқарады. Ас қорыту жүйесі – тағамды қабылдайды, ұсатады, жұтады, қорытады, сіңіреді, қалдықтарды сыртқы ортаға шығарады. Бүл жүйеге – ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өнеш, асқазан, жіңішке және жуан ішіктер, ұйқы безі, бауыр жатады. Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Бұл жүйе денені сыртқы ортамен байланыстырады. Тыныс алу жүйесіне мұрын құысы көмекей, кеңірдек, өкпе плевра қатысады. Несеп – зәр шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған кересіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге -–бұйрек, несеп ағар, қуық, несеп шығару түтігі жатады. Адам денесі – ас қорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелер арқылы сыртқы ортамен байланысады. Жыныс жүйесінің көбею мүшелері кіреді. Олар әйелде жатыр оның түтіғі, қанабы, аналық жыныс безі, әйелдердің сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Жыныс мүшелері мен несеп – зат шығыру мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Соның үшін несеп – зат шығару және жыныс мүшелерін бір жүйеге біріктіріп зерттейды. Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер – ерекше синтезделген химиялық заттар – гормондар бөліп шығарады. Олар қан және лимфа тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалып, оның қызметіне әсер етеді. Жүрек – қан тамырлар жүйесіне жүрек, артерия, вена, капилляр және лимфа тамырлары жатады. Жүрек қанды насосша вена қан тамырларынан тартып алып, аны артерия қан тамырларына арқылы бүкіл денеге тарқалады. Қан денеге өттегін, қоректік заттарды тасымалдайды, денеден зат алмасуы нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды (СО2 азот) сыртқы ортаға шығарады (бүйрек, тері, өкпе). Сезім жүйесі – сыртқы ортаның тітіркеністерін қабылдайды. Оларға қөру, есіту, тепе – тендік, иіс сезу мүшелері кіреді. Жүйке жұйесіне бас ми мен жұлын, олардан тарқалған жүйке талшықтары – 12 жұп бас ми жүйкесі мен 31 жұп жұлын сегменті кіреді. Бас ми мен жұлын «жоғарғы жүйке жүйесі», ал олардың тармақтары «шеткері жүйке жүйесі» деп аталады. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесіне бас ми сыңарлары жатады. Жүйке жүйесі сезім мүшелері, рецепторлар арқылы сыртқы және ішкі ортадан тітіркеністерді қабылдап, мүшелер мен жүйкелердің қызметін реттейды. Денедегі жүйкелер мен мүшелердің қызметі бір–бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Оларды бір-біріне бөлу мүмкін емес. Сүйектер бір-бірімен буындар, шеміршектер, сіңірлер арқылы жалғасады. Ал бұлшық еттер сіңірлері арқылы сүйектерге жабысып, оларды қимылға келтіреді. Қан тамырларды, жүйкелер, бүкіл денедегі мүшелерге тармақталады. Бүкіл дене мүшелерінің қызметі бір-бірімен тығыз быйланысты; мысалы, ас қорыту жүйесі арқылы бүтін денеге қоректік заттар, ал тыныс алу жүйесі арқылы өтегі қабылданады. Тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттар, денеден несеп-зәр жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады. Организмнің бір тұтастығы. Денсаулық норма. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының орталық және Шығыс Европа елдері мен бұрынғы КСРО-ның жаңа тәуелсіз, мемлекеттерінде, бикелерді, анутерлерді, фельдшерлерді және бикелік функцияларды атқарушы, басқа да персоналдарды бикелік іс жөніндегі оқу материалдарымен қайтамасыз ету жөніндегі жобасы. Жан мен дене. Біздің денелеріміз тканьдар мен организмға бірікксен өзара байналысқан клеткалар қауымдастығынан тұрады. Егер де бір бөлігі бүлінсе немесе дұрыс жұмыс істемесе, онда басқа бөліктерінің қызметінде өзгереді. Денсаулықты қалпына келтіру диагноз қою мен бұлінудің немесе аурудың нақты себебіне емдеу тағайындауды ғана емес, олардың бірқатар салдарынан болдырмауды да білдіреді. Олардың ішінде адам өмір сұруінің физиологиялық көріністері де бар. Жан мен дене бір-біріне бөлек қызмет етпейды. Адамның миын қурайтын клеткалар өзінің негізгі сипаттары жиғынан организмнің басқа да клеткаларынан айырмашылығы жоқ. Ойлау процесі, сезіну және жауап қайтару әрекеттері бұлардың барлығы сөзсіз күрделі және жеткілікті зерттелмеген, дегенмен де оргнизмнің басқа бөліктері сияқты сол физикалық және химиялық зандарға бағынатын физикалық процестер. Адам денсаулығы дегеннің, сонуай-ақгомеостазис принциптерін білу керек. Қалып (норма). Біз оқіларға қатысты қалыпты терминін дәл денсаулық түралы бұл дефинициянын мазмұнын анықтап жатпай-ақ айтқандай ойланбастан пайданаламыз. Кәдімгі тілмен айтқанда «қалыпты» деген «кәдімгі», «әдеттеп» немесе «табиғм» дегенді білдіреуі. Ғылыми жағынан «қалыты әдеттегі параметрлерге сәйкес» дегенді білдіреді. 35 жастағы ересек адам үшін 120/80 мм сынап бағанындағы артериялық қысым қалыбы болып саналады. Аннаның кереуітінің артқы сүйенішінде ілулі тұрған диаграммадағы цифрлар дәл осындай болатын. Алайда Анна үшін бұл цифралар «қалыпты» емес еді. Егерде оның тыныштықтағы кәдімгі цифрларын ескрсе (100-65 сынап бағаны), онда ол үшін бұл артериялық қысымның жоғарылаған цифрлар және мойындағы пульсация (жоғарланған қасымға байланысты) циркуляциядағы артық қандардың себебінен деген қөрытынды анағұрлым ерте жасанылар еді. Осы күні кешірек физерітіндісі бар тамшылатқыш алынып тасталып, қалған зәрлерді шығару үшін қуыққа катетеризация жасауды, артериялық қасым «қалыпты» цифраға дейін төмендегі (100-65 мм). «Қалыпты» қызметі баяндағанда оқулықтар адамдардың үлкен топтарынан (статистикалық терминдерге сәйкес-популяциялардан) алынған шамалардың орташа мәндеріне сілтеме жасайда. Бір кездерде зерттеушілер көптеген мәліметтерді өз оқушыларынан жинағандай, кәзір де орташа салмағы 70 ер кісіге тән көрсеткіштерді негізгі алу әдеті қалмаған. Басқалар анықтамалық ер кісінің 65 кг немесе әйелдік 55 кг стандарттарын пайданалады. Денсаулық. Адам дені сау кезде қоршаған ортаның температурасының өзгеруі активтілігі, жағдайы сондай ақ тамақ пен судың болуы сияқты әртүрлі болады. Күнделікті өмірдің тамақтану, ашығу, ұйқы, жұмыс, тұру, отыру, және дене жаттығуы сияқты әдеттегі көріністегі дене сау адам үшін проблема туғызбайды. Адамдар бұл міндеттердің ұдісінен шығу мұмкіндіктері жиғынан әртүрлі, алайда жауап қатудың жалпағы ортақ қабылдаңған нормалары бар. Мысалға, адетті адамдар орындарынан тұрғанда ыңқылдамады. Егер де ол байқалатын болса, онда ол бірдеңенің болғанын білдіреді. Сонымен қатар әртүрлі жағдайлармен күресу мүмкіншілігі өмір сүру барысында организм жүйесінің дамуына қарай өзгеруі. Денсаулығы жақсы 70-79 жастағы орташа ада автобустың соңынан қуып жете алады деп айтуға болмайды. Алайда үйінде баспалдақпен жоғары жүгіріп шыққанда ентігіп қалатын жеткіншек жақсы жағдайды тыныс жүйесі сырқаттанған болуы мүмкін. Ауру. Ауру «жеткіліксіздік күйі» ретінде анықталады. Ол мыналардың нәтижесінде болуы мүмкін: Организм бөлігінің қалыпсыз қызмеи етуі. Қалыпсыз жағдайларды. Қандай бір функция бұзылғанда адам күнделікті қалыпты өмірдің кейбір құбылыстарымен күресумен дәрменсіздеу болып қалады. Мысалы, альвеолардық – капиллярдың оттегіне жұту қабылеті төмендейді. |