Главная страница

Анненков Кіші жздегі 18 . шаруалар ктерілісіне кім басшылы жасады Сырым Датлы 1986 жылы 1718 желтосан оиаларына атысаны шін жауапа тартылан азаматтарды атау жніндегі


Скачать 29.77 Kb.
НазваниеАнненков Кіші жздегі 18 . шаруалар ктерілісіне кім басшылы жасады Сырым Датлы 1986 жылы 1718 желтосан оиаларына атысаны шін жауапа тартылан азаматтарды атау жніндегі
Дата27.07.2022
Размер29.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла000fe887-74f1562e.docx
ТипДокументы
#636958

    1. сыныптарға арнадған 100 сұрақ. Қазақстан тарихы


1.Азамат соғысы жылдары Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман:  Анненков

2.Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады: Сырым Датұлы

3.«1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» жарлық қашан шықты: 1991 жылы

4.«Алаш» партиясы қашан құрылды: 1917 ж.

5.«Алтын адам» қашан табылды? 1969 ж.

6.«Гурхан» атағын иеленген қай мемлекет басшысы: Қарақытайлар.

7.«Қалмақ қырылған шайқасы» қай жылы болды: 1726 ж.

8.«Ленфильм» киностудиясы түсірген тұңғыш қазақ көркем фильмі: «Амангелді»

9.«Менің Қазақстаным» әнінің композиторы : Ш.Қалдаяқов      

10.«Орхон-Енисей» жазбалары қай тілде жазылған? Түркі.

11.«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша кіші жүзде қанша дистанция құрылды? 54

12.«Оян, қазақ» кітабының авторы кім: М.Дулатов

13.«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже» қашан қабылданды:

 1867 ж. 11 шілде

14.«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша ауылға қанша шаңырақ енді? 50-70 шаңырақ

15.1218 ж. қай ноянның шабуылынан Найман хандығы құлады? Жебе.

16.1218 ж. Шыңғысхан мен Мұхаммед Хорезмшах қандай келісім жасасты: Сауда жөнінде

17.1423-28 жж. билік құрған Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ

18.1573 ж. Қазақстанға жіберілген орыс мемлекетінің алғашқы елшісі: Третьяк Чебуков

19. 1643 ж. қазақ жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды: Жәңгір

20. 17 ғ. екінші жартысында қазақ хандығының астанасы болған қала: Түркістан

21. 1783-1797 жж. көтеріліс қамтыған аумақ: Кіші жүз

22. 1822 ж . Жарғы бойынша округтерді кімдер басқарды: Аға сұлтандар

23. 1822 ж. «Ережеге» сәйкес аға сұлтандар неше жылға сайланды? Үш жылға.

24.1824 жылы хандық билік қайда жойылды: Кіші жүзде

25.1836-1838 жж. көтерілістің басты мақсаты: (Хан билігіне шек қою, Шаруалардың жағдайын жақсарту, Патша өкіметінің отаршылдық жер саясатын өзгерту, Әскери бекіністерді салуды тоқтату): Аталғанның барлығы

26. 1867-1868 жж. реформаның отаршыл сипатына қарсы Қазақстанның қай бөлігінде көтеріліс, толқулар болды: Орал мен Торғайда

27. 1867-68 жж .реформалар бойынша Қазақстанда қандай облыстар құрылды? Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу

28. 1867-68 жж. реформа бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей

29. 1897 ж. Ыбырай Алтынсарин мектеп меңгерушісі болып сайланды: Торғай облысында

30.1905 жылы Қарқаралыда болған үкіметке қарсы жиынды кім ұйымдастырды: М.Дулатов

31. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығына Алаш зиялыларының көзқарасы: Парасатты мәмілеге келуді ұсынды

32. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің әлеуметтік негізі:( Шаруалар, Қолөнершілер, Жұмысшылар, Зиялылар) Барлығы дұрыс

33. 1917 ж. Алаш партиясы бағдарламасының негізгі саяси идеясы: Ресей империясы құрамында ұлттық-аумақтық автономия құру

34. 1917 ж. қарашада 4 төтенше Бүкілтүркістандық құрылтайда құрылған мемлекет аты: Түркістан автономиясы

35. 1917 жылғы І Бүкілқазақ съезі шешімдерінің бірі: «Алаш» партиясын құру

36. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер: Ақгвардияшылар мен Алашорда.

37.1920 – 1924 жж. Казақ АКСР-ның астанасы болған қала: Орынбор

38. 1932 жылы апаттың себептері туралы ашық хат – «Бесеудің хаты» тікелей арналып жазылған басшы: Голощекин

39.1963 ж. 5 тамызда Мәскеуде болған КСРО мен АҚШ арасындағы атмосферада, космоста және су астында ядролық сынақтарды өткізбеу туралы келісім Қазақстанға қандай әсерін тигізді? Семей полигонында жер асты сынағына көшті

40. 1970 жылы Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекс: Маңғыстау

41. 1979 жылы желтоқсанда болған оқиға: Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің енгізілуі

42. 1986-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым: «Семей-Невада» қозғалысы

43. 1990 ж. басында Қазақстан жерінде қанша саяси қозғалыстар болды: 100-ден астам

44. 6-12 ғғ. Қазақстанда болған мемлекеттер сипаты жағынан қандай болды? Ерте феодалдық мемлекеттер

45. 7 ғ. «10 тайпа» мемлекеті атына ие болған: Батыс Түрік қағанаты

46. 751 жылғы Атлах шайқасының нәтижесі: Қытайлар Жетісудан біржолата кетті

47.9-11 ғғ. қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? Қимақтардың

48.965 ж. оғыздар Киев Русімен одақтасып кімді талқандады? Хазар қағанатын.

49. VIII-XI ғғ. қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? Қимақтардың.

50. VI-X ғғ. Қазақстанда болған мемлекеттер сипаты жағынан қандай болды? Ерте феодалдық мемлекеттер.

51.XIII-XV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында қандай мемлекет өмір сүрген? 

Ақ Орда.

52. XII-XV ғғ. түркі тілдерінде жазылған деректерде «қазақ» сөзінің мағынасы қандай болған? Еркіндік аңсаушы, батыл.

53. XIV ғ. 70-80 жж. Әмір Темір қай мемлекеттің аумағына оншақты рет шабуыл жасады? Ақ Орда мен Моғолстан.

54. XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекет: Моғолстан.

55. XIV ғ. ортасында Шағатай мемлекеті құлауы нәтижесінде қандай мемлекет құрылды? Моғолстан.

56. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан:

 Тәуке хан.

57. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. соңында Қазақ хандығында тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптері қандай заң жобасымен анықталды? «Жеті жарғы».

58. XVI-XVII ғғ. қазақтардың түсінігі бойынша үйдің қамқоршысы: От-ана.

59. Адам шақпақ тасты үйкеу арқылы от жағу тәсілін қандай дәуірде меңгерген? Орта палеолит.

60 Адамдар мыс пен қалайыны қорытып, қола өндіру ісін меңгерген кезең: Б.з.б. 2 мыңжылдық.

61. Адамзат алғашқы құралдарды неден жасады? Тастан

62.Азамат соғысы жылдарында Черкасск қорғанысы қай өңірде болды? Солтүстік Жетісуда

63. Ақ Орда XIV ғ. 60-70 жж. қай ханның тұсында айтарлықтай күшейді? Орыс.

64. Ақ Орда хандығы қай ұлыстың территориясында болды? Жошы ұлысы.

65. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ

66.Ақ Орданың құлауы нәтижесінде Қазақстанның далалық аймағында қандай мемлекет құрылды? Әбілқайыр мемлекеті.

67. Ақ Орданың шаңырағын көтерген хан: Орда Ежен.

68. Ақ Орданың ыдырау нәтижесінде қандай мемлекеттер пайда болды? Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы.

69.Ақсақ Темір мемлекетінің астанасы болған Орта Азия қаласы: Самарқанд.

70.Алаш Партиясының төрағасы: Ә.Бөкейханов

71.Алашорданың уақытша орталығы болған қаланы атаңыз: Семей

72. Алғашқы адамның Оңтүстік Қазақстандағы тұрақтарын тапқан археолог: Алпысбаев

73.Алғашқы діни нанымдар қашан пайда болды? Орта палеолит

74. Алғашқы қазақ суретшісі, кейіннен қазақстанның халық суретшісі: Ә.Қастеев

75.Алтан Орданың соңғы ханы: Шейх-Ахмед.

76. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы: Бату.

77. Алтын Ордада қай хан өз атынан теңге шығара бастады? Мөңке.

78. Андронов мәдениетінің 30-дан аса тұрағы мен 150-ден астам қорымы қайда табылды? Орталық Қазақстан.

79.Астана қаласының символы: Бәйтерек

80. Атақты партизан Қ.Қайсенов қай жерде партизан тобын басқарды: Украинада

81.Әбілқайыр хандығының астанасын ата. Сығанақ.

82. Бөкей (Ішкі) Ордасының орналасқан аумағы: Еділ мен Жайық өзендері аралығы

83. Бөріқазған тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке.

84.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етіп отырды? (Ет өнімі, Мақта, Киіз үй, Мал): Аталғанның бәрі

85. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралары табылған қала: Тараз.

86.Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған дивизия: 316-шы атқыштар дивизиясы

87. Голощекиннің Қазақстан компартиясының І-ші хатшысы болған жылдар: 1925 – 1933 жж.

88. Ғұн билеушілері Чжи-чжи Қаңлы мемлекетімен кімдерге қарсы одақ жасасты? Үйсін мемлекетіне.

89.Ғұн тайпалары қай тілде сөйледі? Ежелгі түрік.

90.Д.А.Қонаев Қазақстанды қай жылдары басқарды? 1960-1986 жж.

91. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде кіші жүз қазақтары қандай ұрыстарға қатысты: Жайықты қоршауға, Кулагин бекінісін алуға

92. Ежелгі адамдардың ұйымы – аналық ру қай дәуірде қалыптасты: Неолит

93.Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде пайда болған үй: Киіз үй.

94. Ежелгі парсы деректерінде сақтар қалай аталды? «Құдіретті турлар».

95. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Қазақстандық: Т.Бегелдинов

96.Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Т.Бегельдинов ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты: Ұшқыш

97. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (2030) не туралы айтылады: (Болашаққа болжам жасау, Қазіргі жағдайға анализ жасау, Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, Республиканың дамуының ерекшеліктері) Барлығы дұрыс

98. Ералы хан өлгеннен кейін Кіші жүз ханы болып сайланған сұлтан: Есім

99.Ерте палеолит дәуірінде Қазақстанда адамдардың мекендегендігін растайтын негізгі дәлел: Тұрақтар.

100.Қазақ хандарының тегі: Ақсүйектер

Қазақстан тарихы 5-6 сыныптарға арналған 100 сұрақ

1.Тарихта тас дәуірін алмастырған дәуір: Қола.

2.Тас дәуірінің ескерткіші – Обалысай Қазақстанның қай өңірінен табылды? Орталық Қазақстаннан.

3.Тас дәуірінің ескерткіші Бөріқазған Қазақстанның қай өңірінен табылды: Оңтүстік Қазақстан

4.Тас өндеу әдістері қай дәуірде жоғары ңәтижеге жетті? Неолит.

5.Тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы: Петроглиф.

6.Тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы: Петроглифтер

7.Тасты ығыстырып шығарған дәуір: Қола.

8.Тәуелсіз елдер достастығы заңды түрде қашан құрылды: 1991 ж. 21 желтоқсанда

9.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір: Қола

10.Микролит дайындау қай кезеңге жатады? Неолитке.

11. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір: Қола

12. Микролит дайындау қай кезеңге жатады? Неолитке.

13. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі Тас дәуірі

14.Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі Тобыр

15.Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі Рулық

16. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі тайпа

17.Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай

Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.

18.Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы: епті адам.

20.Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі. 1 млн. 750 мың жыл бұрын

21. Ең ежелгі адамның еңбек құралы: Үшкір тас

22.Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі. Синантроп

23.Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді: Неандертальдықтар

24. Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам: "Саналы адам"

25. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі Терімшілік

26.Тас дәуірін (палеолит) қамтитын кезең. б.з.д. 2 млн 500 мың-12 мың жыл

27.Орта тас ғасыры қамтитын кезең . б.з.б.12-5 мың жыл

28.Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең. б.з.б.5-3 мың жыл

29.Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы. Оңтүстік Қазақстан

30.Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы. Питекантроп

31.Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары Үңгірлер

32.Алғашқы адамдардың аулаған аңдары. Мамонт мен бизон

33. Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір. Жамбыл обылысы

34. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі:

Қашау мен үшкір заттар

35.Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең. Неолит

36.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы.

Еңбек құралдарын жасай білуі

37.Жер бетінің күрт суый бастауы басталды 100 мың жыл бұрын

38.Ғалымдырдың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты. 13 мың жыл бұрын

39.Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты. Үшкір сүйек

40.Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары. Жануарлардың сіңірлері

41.Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі. Неолитте

42.Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері. Шақпақата,Арыстанды.

43.Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауы. Бифас

44.Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі

Ретушь әдісі

45.1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір. Тесіктас

46."Саналы адам" сүйегі алғаш рет табылған үңгір. Кро-Маньон

47.Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болаты мезолиттік баспана табылған өзен аңғары. Есіл

48.Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы. Бағыштау (инициация)

49. Егіншіліктің пайда болу мерзімі. 10 мың жыл бұрын

50.Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ. Ботай

51.Жылқы сүйектері өте көп табылған неолиттік тұрақ. Ботай

52.Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуір. Энеолит

53.Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы Пиктография

54. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы. Тотемизм

55.Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы. Анимизм

56.Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті

Магиялық әрекет

57."Тотемизм" дегеніміз. Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.

58. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер.

әйелдер бейнесі

59.Көшпеліліер малдың қандай түрлерін өсірді? Сиыр, түйе, қой,жылқы.

60.Кейінгі темір дәуір кезеңі аралығы . б.з.б. 3 -б.з. 6 ғасыр 
61.Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан .

Көшпелі мал шаруашылығы 

62.Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы. Өнім өндірді 

63.Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым.  Тебінді 

64.Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық .

Үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу 

65.Көшпелілердің жазда мал жаю орындары  Жайлау 
66.Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтары  Қыстау 

67.Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі . Наурыз мейрамы 

Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар. Батыс және Орталық Қазақстан 

68.Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндері сақталған елдер 

Грек, парсы авторларының шығармалары 
69. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған . Парсылар 
70.Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы  Герадот 

71.Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы  Құдіретті еркектер 

72. Иран жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы . Жүйрік атты турлар 

73.Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы . Азиялық скифтер 

74.Ежелгі грек авторы Герадоттың сақтарды атауы. Массагет 

75.Шірік Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы. Цитадел 
76.Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықары табылған сақ қаласы 
Бәбіш-Молда 

77.Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізінен шоғырланған өңірі. Жетісу 

78.Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері  б.з.д. ІІІ ғ.-б.з. ІУ ғасыр 

79.Үйсін тайпаларының мекендеген жері  Жетісу 
80.Үйсін атауының қытай жазбаларында кездесе бастауы  Б.з.б. ІІ ғасыр 
81.Үйсіндер туралы "ат жақты, аққұбаша, сары шашты" деп жазған . Қытай жазбалары 
82. Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел  Қытай 

83.Үйсіндердің солтүстік батыстағы көршісі  Қаңлы 
84.Жазба деректердегі үйсін халқының саны  630 мың 

85.Үйсіндер басшысының атауы  Гуньмо 
86.Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері атауы.  Бек 

87.Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың мөрлері  балшық және тастан жасалды 
88.Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді  Жібектен 
89.Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін. жерлеу орындары 

90. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы Атты әскерлер

91.Ғұндар өсірген үй малдары. Малдың барлық түрін

92.Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер

93.Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ. Батыс Қазақстан

94.Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. б.з.б. УІІІ ғ.-б.з. У ғ.

95.Сарматтардың әскери-демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешетін. Әскер басылары

96.Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы. Әскери демократия

97.Сарматтарда шыныдан жасалған ыдыстарды қай елдерден алдыртты.

Шығыс елдерден алғызды

98.Сарматтардың торсық, саба сияқты ыдыстары жасалынған материал. Тері

99.Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп. Аңшылық

100. Геродот жазбасындағы савроматтардың "биік таулардың бауырында" тұрған көршілері

Аргиппейлер.


написать администратору сайта