практика есеп. ПРАКТИКА ЕСЕП УЛГИ 20 БЕТ өзгерген. Апаратты жйелер мамандыыны 4 курс студенті Сариева Эльнараны
Скачать 478.23 Kb.
|
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Сариева Эльнараның 01.09.2015-20.11.2015 аралығында өндірістік тәжірибеден өту туралы күнтізбелік жоспар
«Ақпараттық технологиялар» бөлімінің жетекшісі Күні Қолы (мөрі) Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі «» кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Сариева Эльнараның Өндірістік сараманнан өткені жөніндегі ЕСЕБІ Өткен орны: «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ Мерзімі: 01.09.2015-20.11.2015ж. Орал, 2015ж. Мазмұны Кіріспе 1. "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ 1.1 Жалпы сипаттама 2. Тәжірибе кезінде атқарылған жұмыстар 2.1. Компьютерлерде, интернет желілерінде жиі туындайтын мәселелер 2.2. Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар орнату Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті инженерия факультеті компьютерлік инженерия кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті Куванишов Шухрат 06.06.2022-18.06.2022 аралығында "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ-да өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе алғашқы күні зауыт тарихымен, қызметкерлерімен және зауыттың атқаратын негізгі қызметтерімен, бөлімдерімен таныстым. 2-курс соңындағы тәжірибенің негізгі объектісі "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ – Кеңес одағы кезінде Қазақстанда салынған зауыттардың жанынан аймақтарда шағын қалалардың құрылысы қарқын алды. Бұл жергілікті халықтың күнделікті өміріне оң өзгеріс алып келді. Соның бірі, 1959 жылы бой көтерген "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ. Қазақстандағы трансформатор құрайтын жалғыз кәсіпорын жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 28 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары. Электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта 10988 дана заттай тауар шығарған. Кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдеріне экспорттаған. Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар. Мұнда 1011 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді. Соның нәтижесінде, жұмыс өнімділігі артып, сапалы тауар шығарылуда. Жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. Тәжірибеден өту барысында маған тапсырма берілді - зауыттың ақпараттық технология бөлімімен танысу және жүйені түсіну, сонымен қатар бөлімшедегі компьютерлердің жұмыс жасау жүйесін қадағалау. Тәжірибенің мақсаты - өз білімімізді тажірибелік түрғыдан арттыру және зауыттың ақпараттық технология бөлімімен танысу болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады: 1) берілген зауыттың даму тарихын; 2) зауытта шығарылатын өнімдер; 3) ең жаңа технологиялар және олардың негізгі шаруашылықта қолданылуы. Бұл жұмысты жазу барысында "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ-ның негізгі информациялық көлемі бұкіл Қазақстанға және 14 мемлекетке 10988 дана заттай тауарды шығарып жеткізіп беру. 1. "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ 1.1 Жалпы сипаттама Бұл зауыт бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр. "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ тарихына былтыр 60 жыл толды. Биыл 61 жыл болған зауыт 1997 жылы банкротқа ұшырап, жабылып қалған екен. Көп ұзамастан осы жылы зауытқа екінші өмір берген басшы келеді. Ол – Сайдулла Қожабаев. Кезінде Кентау қаласында Казполиметалл деген комбинатта электрқозғалтқыштарды жөндейтін қойма ашылады. Сол шеберханада машина жөндейтін 45 адам жұмыс істейді. Украинаның Запорожье қаласында одақтың трансфарматор құрылысы институты болған. Сол институттың филиалы есебінде әрі сол оқу орнының жобасы бойынша Кентауға зауыт салу жоспарланған. Мамандардың бәрі Украина, Белоруссия, Ресейден алынып, олар осында көшіп келген. Уақыт өте келе қойманың жұмысы ұлғайып, зауыттағы жұмысшылар саны 700-ге жеткен. Қазіргі таңда зауытта 1252 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы – 180 мың теңгені құрайды. Жиырмадан астам ұлт өкілдері кәсіпорында тату-тәтті, өзара бірлесіп жұмыс істеп келеді. 1997 жылы банкрот болған зауытты қайтадан аяққа тұрғызған Сайдулла Қожабаев тығырықтан қалай шықты? Ол біріншіден, тұтынушыларға үш фазалық трансформаторлар мен жиынтық трансформатор қосалқы стансаларын шығаруға күш салған. Атап айтқанда, зауытқа уақытты көп созбастан НТМИ-10, ЗНОМ-35 типті кернеулі өлшем трансфарматорлары, УКЗВ және УКЗН типті мұнайгазқұбырларын катодты қорғанысы үшін бөліп тұратын құрылғылар, мұнайшылар үшін КТПН типті жиынтық қосалқы стансаларын алғызды. Менің түсінігім бойынша зауыттар мен ірі кәсіпорындардың көбі жабылып, кеңес заманымен келмеске кеткендей болып көрініп тұратыны жасырын емес. Кентау қаласында осындай ірі зауыт барын екінің бірі біле бермейді. Қазіргі зауыттың тыныс-тіршілігі туралы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген машина жасаушысы" құрмет марапатының иегері Сайдулла Қожабаев 2000 жылдан бастап зауытта жаңа техникалық қайта жабдықтаудың жүргізілгенін айтып өтті. Одақ кезінде зауыт аймағы бар-жоғы 7 гектар жер болса, қазіргі таңда 20 гектар жерді алып жатыр. Өндірісі көлемі 16 мың шаршы метр болса, қазір 85 мың шаршы метр. Сондай-ақ, өткен жылы дайын болған өнімдерді тасымалдайтын жеті жаңа жүк көлігі сатып алыныпты. Кентау трансфарматор зауытының өткен жылғы өндіріс көлемі – 28 млрд теңгеге жеткен. Басқарма төрағасының сөзінше, былтыр бірінші рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Дайын болған өнімнің 40%-ын 14 елге яғни Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Монғолияға экспорттайды. Сонымен қатар, жыл сайын трансфарматорлардың 40-тан аса жаңа түрін өндіріске енгізіп отырады. Зауыттың мұнай секторында да бес жылдан бері тұрақты ірі серіктестері бар. Атап айтқанда, олар "ТШО – ТеңізШеврОйл", "КПО – ҚарашығанақПетрОйл", "NCOC – Қашаған". Аталған жоба бойынша келіссөздер ағылшын тілінде жасалады. Мамандардың айтуынша, бір трансфарматор жасау үшін мыңнан аса деталь қажет. Кәсіпорында қолданылатын материалдардың 84%-ы шетелден алынады және қайта өңдеуден өтеді. Қалған 60% материал отандық тауар. Зауытта екі робот бар. Бірі дәнекерлеуші болса, екіншісі жинаушы робот. Роботтар жүз адамның жұмысын істей алады. Жапонияның "Yaskawa" және Швейцарияның "Tuboly" деген компаниясынан алынған роботтарға 1 млрд теңге қаржы кетіпті. 50%-ын мемлекеттік грант құрайды. Қожабаевтың айтуынша, бұл екі робот өз қол астында жұмыс істейтін инженерлердің арнайы тапсырысымен жасалған. Басқа ешбір елде аналогы жоқ. Сонымен, зауыт бір айда қанша өнім шығарады деген мәліметке келсек, мыңнан аса дайын өнім өндіріледі. Өндіріс ошағында жастардың үлесі 60% құрайды. Кәсіпорында "Жас лидерлер клубы" жұмыс істейді. Мақсаты – жас мамандарды қолдау. Клуб мүшелері зауытқа пайда әкелетін, дамытатын жобалар дайындайды. Белсенді жастардан жетекші маман дайындайды әрі жұмыс бірге істейді. Үздік жоба ұсынған жастарға ақшалай сыйақы беріледі. Ал ерекше идея ұсынса оны зауыттың өндірістік жүйесіне енгізуге дайын. Бұдан бөлек, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Футболдан зауытта 14 команда бар. Мұның бәрі де болашақ мамандарды білімді және ынталандыру үшін жасалып отырған дүниелер. Зауыттың жанынан 2012 жылы политехникалық колледж ашылған. Ол осы Кентау трансфарматор зауытының (КТЗ) базасында құрылды. 2012 жылы колледждің табалдырығын 107 студент аттаған. Оларды "Техниканы пайдалану, қызмет көрсету және электр және электромеханикалық құрал-жабдықтарды жөндеу", "Электржабдықтар электр станциясы, шағын станция және желі", "Электрожабдық", "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша қабылдаған. Сегіз жыл ішінде колледж біраз мамандар даярлап шығарды. Қазіргі таңда оқу орнында 830 студент дуальды жүйемен оқып жатыр яғни 40 пайыз теориялық білім алады, 60 пайызын өндірісте жүріп үйреніп шығады. 2018 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Инженерия" факультеті Түркістан қаласынан Кентау қаласына көшірілді. Себебі, зауытқа болашақта сапалы мамандар керек. Факультетте 400-ге жуық студент дуальді жүйемен білім алуда. Онда зауыт тарапынан 42 млн теңге тұратын екі арнайы зертхана және құны 10 млн теңге тұратын үлкен LED экран алынған. Түркістан облысы өз алдына бөлек шыққалы екі жыл болып қалды. Өңірдің перспективасы күннен күнге дами түспек. Түркістан мен Кентау аумағында еркін экономикалық аймақ құрылды. Зауыт қожайының айтуынша, осы экономикалық аймаққа ұсынатын он шақты жобаны дайындап қойған. 2. Тәжірибе кезінде атқарылған жұмыстар 2.1. Компьютерлерде, интернет желілерінде жиі туындайтын мәселелер Зауытқа орнатылған желі - біррангілі желі– бұл барлық оның ресурстары жүйелерге бөліп жайғасқан ақпараттық желілердің концепциясы. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады. Бір рангті желілерге кез-келген жұмыс станция бір уақытта файлдық сервердің және жұмыс станцияның функциясын орындайтын кішігірім желілер жатады. Бір ренгті ЛЕЖ-де дисктік кеңістік және файлдар кез-келген компьютерде ортақ болуы мүмкін. Ресурс ортақ болу үшін, оны бір рангті желілік операциялық жүйелердің қашықтағы рұқсат қызметін қолданып, ортақ қолдануға беру керек. Мәліметтерді қорғау қалай орнатылуына байланысты, басқа қолданушылар, файлдар құрылғаннан бастап, лезде қолданыла алады. Бір рангті ЛЕЖ тек кішігірім жұмыс топтары үшін жеткілікті жақсы. Бір рангті желінің келесідей артықшылықтары бар: олар орнатуда және өңдеуде женіл; бөлек ДК-лар белгіленген желіден тәуелді емес; қолданушылар өз ресурстарын бақылай алады; құны аз және жеңіл қанау(эксплуатация); минимум жабдықтау және программалық қамтамасыз ету; администратордың қажеттілігі жоқ; Бір рангті желіні таңдай керек, егер: қолданушының саны оннан аспау керек; барлық машиналар бір біріне жақын орналасы керек; кішігірім қаржылық мүмкіндіктерге орны бар; МҚ серверін, факс-серверін, немесе басқа сияқты мамандырылған желіні керек етпейді; Орталықтандырылған администраторлау мүмкін емес немесе керек етпейді 2. Желі топологиясы "Топология" немесе "желі топологиясы" термині компьютерлердің, кабельдердің және басқа да желі компоненттерінің орналасуын сипаттайды. Топология - мамандар желі құрастыру негізін бейнелеуде қолданылатын стандартты термин. Желі топологиясы оның сипатына себепші болады. Осы немесе басқа топологияны тандауға мыналар әсер етеді: қажетті желілік жабдықтау құрамы желілік жабдықтау сипаттамасы желіні кенейту мүмкіндіктері желі басқару әдісі Ресурстар мен басқа желі тапсырмаларын орындап, ортақ пайдалану үшін компьютерлер бір-біріне қосылуы қажет. Желіде бұл мақсат үшін көбіне кабель қолданылады. Бірақ басқа компьютерді қосып тұрған кабельді компьютерге қосу жеткіліксіз. Әртүрлі кабельдер түріне сәйкесінше әртүрлі желілік тақшамен, желілік ОЖ-н және басқа да компоненттері компьютердін өзара орналасуын қажет. Әрі желі топологиясынын шарттары бар. Мысалы, ол тек кабель түрін ғана емес, сонымен қатар оны қолдану әдістерін ұсынады. Барлық желілер үш базалық топологияның көмегімен жасалынды: шинa (bus) жұлдызша (star) сақина (ring) Егер компьютерлер бір кабель бойында жалғанса, онда бұл топология шина деп аталады. Егерде компьютер кабел сегментінде жалғанып және ол бір нүктеден немесе канцентратордан шыққан болса, онда бұл топология жұлдызша деп аталады. Егерде компьютер жалғанған кабель сақина түрінде болса, онда топологияны сақина деп аталады. Негізінде базалық топология қиын болмағанымен негізінде олардың қиын комбинациялары кездеседі, яғни бір топология өзінде бірнеше топологияны біріктіреді. 3 FTP хаттамасынық қолданылуы Бізге кенеттен б ір файл керек болып қалады делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл бізге берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файылды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Trasfer Protocol-FTP). Тәжірибеде FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда “файылды алу үшін компьютерге ftp жеткізу” деген сөздер кещдесуі мүмкін. Ол осы файылды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық юолады, кез келген адам одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. SMTP хаттамасының қолданылуы. Ақпаратты беру ортасы. Кабель түрлері Ақпаратты жіберу ортасы ретінде әртүрлі кабельдер қолданылады:коаксальды кабель, экрандалған және экрандалмаған қос ширатпа негізінде жасалған кабель, оптикалы-талшықты кабель/ Кабельдердің екі үлкен класы бар:электрлік және оптикалық.Олардың айырмашылығы сигналды жіберу тәсілінде.Оптикалы-талшықты жүйенің ерекшелігі-кбельдің қымбаттығы (мыс кабельдермен салыстырғанда), сонымен қатар мамандандырылған орнатылатын элементтер (розетка,разъем, қосқыштар және т.б.). Шын мәнінде желінің құндылығы оптикалы-талшықты желідегі құрылғылардың құнымен өлшенеді.Оптикалы-талшықты желілер горизонтальды жоғары жылдамдықты каналдар үшін қолданылады, ал қазіргі кезде вертикальды байланыс каналдарында да жиі қолданылып жүр (этаж аралық байланыстарда).Оптикалы-талшықты кабельдер болашақта мыстан жасалған кабельдерге өте күшті бәсекелестік тудыра алады.Себебі мыс кабельдердің бағасы төмендемейді, өйткені оны жасау үшін таза мыс керек, ал жер қойнауындағы мыстың қоры оптикалы-талшықты кабель жасалатын кварцтық құмның қорынан әлдеқайда төмен. Ресейдегі оптикалы-талшықты кабельді ұсынушылар- Mohawk/CDT, Lucent Technologies және AMP. Кабельдердің типтері.Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады.Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді. Token-Ring желісі қолданылуы. Arcnet желісі қолданылуы. FDDI желісінің қолданылуы Оптоталшықты кабельдің мінездемесі оптикалы-талшықты кабель(Fiber Optic Cable) алысқа ақпаратты өте үлкен жылдамдықпен жібереді.Және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз.Оптикалы-талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады.Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр. Оптикалы-талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады.Оның сырты жалпылай шынымен жабылған.Мұның бәрі сыртқы қоғаныс қабатының ішінде орналасады.Оптикалы-талшықты линиялар өте сезімтал.Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінң өзгеруі арқылы кодталады.Кабельдің қабылдайтын ұшында детектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады.Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар:бір модтық және көпмодтық.Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай ,қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары.Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек.Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді. Коксиальді кабелдің мінездемесі Коаксиалды кабельдер радио және телевизиялық аппаратураларда қолданылады. Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбит/с жылдамдықпен 185-500 метр қашықтыққа жібере алады.Олар қалыңдығына қарай қалың және жұқа болып болінеді. Thinnet кабелі RG-58 ретінде танымал болған, мәліметтерді танымалдаудың физикалық түрінде кеңінен қолданылады. Желілер қосымша құрылғы сұрамайды және өте қарапайым, әрі арзан. (Thin Ethernet) жұқа коаксиалды кабелі қалың кабельге қарағанда ақпаратты қысқа қашықтыққа ғана жібере алады. Бірақ жұқа кабельмен қосылу үшін СР-50 типтегі BNC разъем стандарттары қолданылады және ол барлық ЛВС офистарға стандарт болып табылады. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base2 технологиясында да қолданылады. Қалың коаксиалды кабель (Thick Ethernet) кедергілерге қарсылығы өте жоғары, механикалық сапалы, бірақ кабельді орнату кезінде ЛВС-ке қосылу үшін арнайы қажеттіліктерді талап етеді.Ол жұқа кабельмен салыстырғанда біршама қымбат,және майысқақ емес. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base5 технологиясында қолданылады..ARCNet желісі әдетте RG-62 А/U кабелін қолданады. Wi-Fi желісінің мінездемесі. Стек протоколов TCP/IP хаттамасының қолданылуы. Марштрутизациялау Маршрутизаторлар. Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады. Каналдық деңгей ортаға доступты тексереді және канал арқылы мәліметтің берілу процедурасын қадағалайды.Локальдық желіде каналдық деңгейдің протоколдары компьютерлермен, көпірлермен, коммутаторлармен және маршрутизаторлармен қолданылады. Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі. 15. Кабельдік жүйенің құрылымы Ақпаратты жіберу ортасы ретінде әртүрлі кабельдер қолданылады:коаксальды кабель, экрандалған және экрандалмаған қос ширатпа негізінде жасалған кабель, оптикалы-талшықты кабель.Қысқа қашықтыққа (100 м-ге дейін) мәліметтер берудің ең кең тараған түрі экрандалмаған қос ширатпа.Ол локальдық желінің барлық жаңа стандарттары мен технологияларына қосылған және өтімділік жылдамдығы 100Мб/с (5 категориядағы кабельдерде). Оптикалы-талшықтыкабель локальды желімен қатар бүкіләлемдік магистральды білім беру желісінде де қолданылады.Оптикалы-талшықты кабель каналдан ақпаратты өте үлкен жылдамдықта (бірнеше Гб/с дейін) және өте алысқа (аралық сигналды күшейтпей-ақ бірнеше ондаған километрлерге) жібере алады. Есептеуіш желілерде ақпараттарды жөнелту үшін әртүрлі жиіліктегі электромагниттік толқындар – КВ, УКВ, СВЧ қолданылады.Бірақ әзірге радиобайланыс тек кабель жүргізу мүмкін болмай қалған жағдай да ғана қолданылып отыр, мысалы, ғимараттарда.Бұл электромагниттік сәулелендірудің негізінде жасалған желілік технологияның сенімсіздігінен туындайды.Ақпарат берудің бұл ортасы әлемдік канал құру кезінде кеңірек қолданылады-осының негізінде СВЧ диапазоны аумағында жұмыс істейтін спутниктік байланыс каналдары, радиоканалдар құрылған. Кабельдік жүйені, яғни желінің түпнұсқасын тұрыс орнату өте маңызды.Соңғы жылдары мұндай сенімді негіз ретінде құрылымдалған кабельдік жүйелер жиі қолданылып жүр. Құрылымдалған кабельдік жүйелер (Structured Cabling System – SCS)-бұл коммутациялық элементтер жиыны (кабель, разъем, коннектор,кросстық тақташалар және шкафтар), сонымен қатар олардың бірлесіп қолданылуының әдіс-тәсілдері.Бұл бізге қалыпты әрі жеңіл таралатын, есептеуіш желілерде қолданылатын байланыс құрылымдарын құруға мүмкіндік береді. Құрылымдалған кабельдік жүйелердің қасиеттері. Әмбебаптығы. Құрылымдалған кабельдік жүйелер жүйелі ұйымдасқан болса, локальды есептеуіш желідегі компьютерлік ақпараттарды жіберудің бірден бір ортасы бола алады. Қызмет мерзімінің ұлғайтылуы.Жақсы құрылымдалған кабельдік жүйенің ескіру уақыты 8-10 жыл болуы мүмкін. Жаңа тұтынушылар қосылған кезде және олардың орнын ауыстырған жағдайдағы құнының төмендетілуі.Кабельдік жүйенің құны көбінесе кабельдің бағасымен емес, онымен жүргізілген жұмыстың бағасымен бағаланады. Желіні оңай кеңейтудің мүмкіндіктері.Құрылымдалған кабельдік жүйе модульдік болып табылады.Сондықтан оны жеңіл өсіруге болады, аз қаражатпен коммуникациялық жүйелердің жаңа талаптарына сай жаңа құрылғыларға көшуге болады. Қызметтің сенімді жолымен қамтамасыз ету.Құрылымдалған кабельдік жүйе қызмет етуді және іздеуді жеңілдетеді. Сенімділік.Құрылымдалған кабельдік жүйе өте сенімді, себебі әдетте оның барлық компоненттерін және техникалық қамсыздандыруын бір өндірістік фирма жасайды. Кабельсіз байланыс арнасы Кейде компьютерлік желілерде кабельді каналдардан басқа кабельсіз каналдар да қолданылады. Олардың басты айырмашылығы ешқандай сымдарды қажет етпейтіндігі және де компьютерлердің бөлменің немесе ғимараттың ішінде орнын ауыстыруы өте оңай. Радиоарна ақпаратты радиотолқын арқылы таратуды қолданады, сондықтан ол теориялық тұрғыдан ондаған , жүздеген және де мыңдаған шақырымды қамтамасыз ете алады. Тарату жылдамдығы секундына ондаған мегабит болуы мүмкін(мұнда көп нәрсе таңдалған толқын ұзындығына және кодтау әдісіне байланысты). Радиоарнаның ерекшелігі сигналдың еркін таралуы, ол кабельмен шектелмеген сондықтан да басқа радиотолқын таратқыштармен сәйкес келу мәселесі туындайды. Радиоарнаның басты кемшілігі тың тыңдаудан нашар қорғалғандығы. Сымсыз локальды желілер үшін (WLAN- Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады әдетте 100 метр. WLAN желілері шектелген территорияда сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 2.2. Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар орнату Бөлімшедегі компьютерлерге программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, интернет желісінен немесе жергілікті желі арқылы жасалады. Егер дискіні дискіжетекке салсақ авто іске қосу жүреді, егер бұл орындалмаса, онда дискіжетектегі дискіні ашып, ондағы setup.exe немес install.exe файлдарын басу арқылы іске қосу керек. Программаны іске қосқаннан кейін Шебердің нұсқауымен жұмыс жүреді. Сонымен қатар кез келген жағдайда орнатушы лицензиялық келісіммен келісуді талап етеді және программаға кілттің қажетілігі туындайды. Программаны жою Программаны жою жолдарының бірнеше түрін қарастырдым: өзімізге қажетті программаны орнатқаннан кейін ол Іске қосу мәзірінде орналасады, онда программаны жою жарлығыда болады; орнатылған программалардың көпшілігі Program Files бумасында орналасады. Бұл буманың ішінен жоятын программаны тауып оны іске қосуға болады. Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату, өзгерту, қалпына келтіру және жою әрекеттеріБасқару панелі арқылы жүзеге асады. Ол үшін: Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру әрекеттерін орындасақ, программа мен компоненттердің тізімі шығады. Осы тізімнен жойғалы отырған программамызды табамызда Жою/Өзгерту (Удалить/Изменить)батырмасын басып, одан әрі шебердің нұсқауымен әрекет ету керек. Ескерту: программаны орнатсақта немесе жойсақта компьютерді қайта жүктеу керек. Операциялық жүйені (ОЖ) орнату Біз кез келген мезгілде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасаймыз, ол бүкіл құрылғылар мен программалардың жұмысын басқарып отырады. Егер компьютерде кездескен ақауды жою мүмкін болмаса, онда ОЖ-ні қайта орнатуға тура келеді немесе ОЖ-нің жаңа топтамасы шығып жатса оны қайта жаңартуға болады. Жаңартқан кезде алдыңғы ОЖ жаңа нұсқаға ауыстырылып, бұрынғы барлық мәліметтер мен баптаулар сақталады. ОЖ-ні орнатар алдында дербес компьютердің талапқа сай болуын қадағалауымыз керек. Мысалы, Windows 7 операциялық жүйесін орнату үшін мынадай компоненттер сәйкес келуі керек. ДК компоненті Windows 8 операциялық жүйесінің талаптары Процессор 32-дәрежелі (х86) 64-дәрежелі (х64) Ырғақты жиілік 1 ГГц, одан да жоғары Жедел жад 1 Гб 2 Гб Қатқыл дискідегі орын 16 Гб 20 Гб Графикалық қондырғы Виртуалды жад жедел және үстемелеу файлынан тұрады. Үстемелеу файлына жедел жадқа сыймай қалған мәліметтердің бір бөлігі жазылады, соның ішінде ОЖ-ге қажетті мәліметтерді жедел жадқа көшіреді. ОЖ-і жоқ компьютерге оны орнату үшін дискіжетекке орнату дискісін салып жұмысты жалғастырамыз. ОЖ-ні орнатқан кезде, ол жүрмесе онда BIOS баптауын өзгертуіміз керек. BIOS баптауына өту үшін Ғ11 пернесін немесе Delete пернесін басуымыз керек. BIOS-та бірінші қондырғы ретінде DVD-дискі жетегін таңдаймызда, компьютерді қайта жүктейміз. Орнату аяқталған соң Windows-ті белсенді етеміз ол үшін компьютер интернетке қосулы болуы керек және кілті қажет болады. Сонымен қатар программалық жабдықтардың драйверлерін орнатамыз. ОЖ-мен жұмыс кезінде ақаулар жұмыстың тоқтап қалуына себепші болады. Жиі кездесетін ақаулар: жаңарудан кейін пайда болатын ақаулар; ОЖ өте баяу жұмыс жасайды. Ақауларды жою әдісі Іске қосудағы ақаулар – жүктелу басында Ғ8 батырмасын басып жүктеудің ерекше нұсқасын таңдаймыз. Жүктеу нұсқасы Қолданылатын жағдайлар Әрекеттер Қауіпсіз режім Минималды баптаулар тобы мен драйверлер. Мысалы: желі, басып шығару қызметі істемей қалғанда Күмәнді программаларды жойыңдар, жүйенің баптау-ларын өзгертіңдер. Соңғы сәтті конфигурация Егер баптаулар өзгеріп кетсе және қауіпсіз режим жүктелмесе. Жаңа драйверді орнату барысында ақаулар шықса немесе өте қажетті драйвер өшіп қалса. Жүйеге кірмей жатып, компьютерді жүктеп және соңғы сәтті жүктелген конфигурацияны таңдаңдар. Компьютердегі ақауларды қалпына келтіру. Дискіні орнату арқылы немесе жүйеде орнатудан кейін Қондырушы дискіні қойып, компьютерді қайта қосыңдар. Жүйені баптау – бұл Ож іске қосқан кезде ақауларды анықтайтын программа. Оны қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз: Іске қосу → Басқару панелі → Жүйе мен қауіпсіздік →Басқару → Жүйе конфигурациясы Барлық программалар тізімінен қызметтерді біртіндеп өшіріп, кезекпен қайта іске қосамыз. Әр өзгертуден кейін компьютерді қайта жүктеп отырамыз. Жүйенің ақырын жұмыс істеуі келесі себептерденде болуы мүмкін: автоматты жүктеу программаларының көптігі, қуатты үнемдеу режимі қосылғанда, программалар автоматты түрде жүктелсе, т.б. орнатылған болса. Бұл жағдайда келесі әрекеттерді орындап, ішінен қажет еместерін алып тастауға болады: Іске қосу → Басқару панелі → Ақауларды жою бұйрығын орындап, бұдан Жүйе және қауіпсіздікбөлімінде ақауларды Іздеу пункітін тауып, нұсқаулық бойынша әрекет жасаймыз. Баяу жұмыс жасағанда тағыда мынадай әрекеттерді жасауға болады: қолданылмайтын программаларды жою, дискіні дефрагментациялау және тазалау, вирусқа қарсы тексеру, жадты кеңейту, т.б. Операциялық жүйе — Компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді: Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру; Еңгізу-шығару және деректермен басқару; Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды); Бағдарламаларды орындалуға еңгізу; Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету; Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру; Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.). Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар: Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады; Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді.; Бір пайдаланушылық көп есептік ,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап,өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады; Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді. Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады.Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттердең түру керек: Еңгізу/ шығару бағдарламаларын басқару; Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратың бағдарламалар; Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған камандаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды. Әр бір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады: Каталогтарды қарау; Сыртқы жетек таңбаларды орындау; Бағдарламаларды еңгізу; басқа әрекеттер. Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың еңгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады. Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады — драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер еңгізу-шығару базалық жүйе жиының құрайды. (BIOS). Қорытынды "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ-нан 2-курс соңындағы тәжірибеден өту барысында мен зауыттың жабдықтандырылған технологиялар бөлімімен таныстым. Ақпараттық технологияларды ұйымдастыруды, құрылымын, функциясын, технологиялық және техникалық дәрежесін қарастырдым. Зауыттың әртүрлі бөлімдеріндегі ақпараттық технологияға байланысты қызметтермен танысып, зерттедім. Ұжыммен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе алдым. "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ-ның бағдарламалық және аппараттық қамсыздандырылуымен таныстым. Зауыттың компьютерлерінде қолданылатын операциялық жүйелер Windows 8 және Windows XP. Қолданбалы бағдарламаларды уақытымен жаңартылып отырдым. Әр түрлі кластағы ДК құрылғыларының қызметі және жұмыс принциптерімен, ерекшеліктерімен таныстым. ДК ақпаратты өңдеу, ҚБ жұмыс атқардым. Сонымен қатар зауытта кызметкерлердің кейбір құжаттық жұмыстарына көмек көрсеттім. "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ – артықшылығы басқа зауыттарға қарағанда жылдам сапалы жұмыс жасайды және табатын табысыда шығаратын өніміде жоғары көрсеткіштерден. Қолданылған әдебиеттер https://baq.kz/kentau-transfarmator-zauyty-dayyn-nimderdi-14-elge-eksporttaydy_225901/ 1.В. Э. Фигурнов «IBM PC для пользователя» 156-160 беттер |