Главная страница
Навигация по странице:

  • Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

  • Есім хан кесенесі

  • Асан ата кесенесі

  • Қорқыт Ата кесенесі

  • Алаша хан кесенесі

  • Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенесі және Қарахан кесенесі

  • Арыстан баб кесенесі.doc орта ғасыр мәдениеті. Арыстан баб кесенесі


    Скачать 267 Kb.
    НазваниеАрыстан баб кесенесі
    Дата09.02.2023
    Размер267 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАрыстан баб кесенесі.doc орта ғасыр мәдениеті.doc
    ТипДокументы
    #928947
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Арыстан баб кесенесі
    Арыстан баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында 3км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан баб VІІ-VІІІ ғасырларда өмір сүрген. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата. Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің "Диуани Хикметінде" жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірінші хикметте «жеті жаста Арыстан Бабама сәлем бердім" деп ұстазымен алғаш кездескен сәтін көрсетеді.

    Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір ХІV ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан баб кесенесі екі бөлмеден тұрады. Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен көтерілген. Кесене ХІХ ғасырда бірнеше жөндеуден өткен.

    Арыстан баб (әулие) діни аңыздар бойынша Қожа ахмет Иасауидің ұстазы болған. Бабаның есімі Отырар, Сайрам, Иасы қалалары өңірінен шыққан сопылардың рухани ұстазы ретінде белгілі. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Зиярат етушілер әулие басына түнеп, ғибадат етеді.

    Ел ішінде «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.

    Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелерден салыстырғанда едәуір биік. қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасында мынандай аңыз бар. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қабірғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда осы оқиға қайта қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің басына алғашқы ұстазы Арыстан бабтың басына мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалғаннан соң ғана, Әмір Темір Түркістанды Қожа Ахмет Иасауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты. Ахмет Иасауидің екінші хикметінде мына жолдар Арыстан бабты пір тұтқанын көрсетеді:

    "Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп таптым.

    Көре сала бүркеп жаптым,

    Бихамди-л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді.

    Сол себепті алпыс үште жерге кірдім.

    Тәрбие,оқудың кейбір қырларын"

    Арыстан бабам ислам дінін баян қылды", «мың бір зікір үйретіп,мейірбандық жасады»(тоқсаныншы қикмет)деген сұздерінен байқағандай боламыз."Арыстан бабам айтты","Арыстан бабам сөздері,тәбәррәк" деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады.

    Оның бірінші бөлігі құдай жолына түскен шәкірттердің қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабына ұқсайды. Онда дүние мен мансап үшін істелетін жамандық пен қиянат атаулының бәрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған.

    «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35х12м, биіктігі 12м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып,солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемлекеттің қолдауына алынған.

    Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

    Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі-Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауидің басына тұрғызылған кесене.

    Жазба деректерге қарағанда, кесенені салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Күмбезді салғызудағы басты мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы зор беделі арқылы оны пір тұтушылардың сеніміне ие болып, өз жағына тарту болды.Әмір Темір ғимаратты Орта Азияда ешбір теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы ретінде салдыруға тырысқан.Кесененің аумағы - 46,5-65,5 м.Биіктігі - 37,5м. Қасбеті шығысқа қараған, екі биік күмбезді.Көрушілер орталық үлкен бөлме арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмені аралайды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр. Оған діни мейрам күндері тамақ жасалып,келген адамдарға тегін таратылатын. Бөлмелердің негізгісі-кітапхана. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай,кіші ақсарай бар. Олардың ішінде атақты адамдар жерленген. Онда Абылай хан, Бөгенбай батыр т.б.

    ХV ғасырдың екінші жартысында салынған тағы бір ескерткіш-жартылай сақталған Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі. Кесене Қожа Ахмет Йасауи ғимаратының шығыс жағында, 60м жерде орналасқан.Ол бес бөлмеден тұрады. Басына тұрғызылған құлпытасы Ахмет Йасауи күмбезінің ішінен табылған. Мұнда қалай келгені белгісіз.Құлпытастағы жазуда Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі,1485 жылы қаза болғандығы жазылған.

    Тайқазан-Түркістан қаласындағы мұрағаттық көне ескерткіш.1399 жылы тебриздік шебер Абд ул -Азиз ибн Шараф әд-Дин Қарнақ қаласында

    7 металл қоспасынан құйып жасаған. Ішіне 60 шелек су сыяды, салмағы 2тонна. Қазан қасиетті деп танылған.

    Оның бүйіріне өсімдік бейнесіндегі өрнектер салынған, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 жылы Санк-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген. Эрмитаждың төменгі қабатындағы 48-залда 54 жыл тұрды. 1989 жылы 18 қыркүйекте Түркістанға Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі өз орнына қойылды.

    ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей-тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді(2000).


    Есім хан кесенесі

    Есім хан,"Еңсегей бойлы ер Есім"-қазақтың ұлы хандарының бірі. Шығай ханның баласы.Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Одасын 1598-1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарханға дейінгі жерді Қазақ хандығының құрамына қосты. 20мың әскерімен өзі Самарханда қалып,Тәуекел хан Бұхараға аттанды, бірақ жеңіске жете алмады. 1598 жылы Тәуекел хан қайтыс болған соң, хан тағына отырды.

    1599 жылы Есім хан Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады.

    Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды.

    ХҮІІ ғасырдың басында Ташкент билеушісі Тұрсын мен Есім хан арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-рахим ханның қызы Падшаһ аруға үйленеді. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім хан 1627 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрады.

    Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп,"Еңсегей бойлы ер Есім" атанады.

    Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті.Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп,300-400 мыңға дейін атты әскер шығара алды.

    Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы

    «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде ХХ ғасырға дейін сақталып, қызмет етті. Есім хан Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.

    Есім хан кесенесі-Түркістан қаласында ХІІІ ғасырдан сақталған тарихи ескерткіш. Қожа Ахмет кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м. Жерде орналасқан. Кесене ХІІІ ғасырдың аяғы –ХІХғасырдың басында қирауға ұшыраған. Қабырғалары мен едені күйдірілген кірпіштен төртбұрышты пішімде өрілген. Негізгі қасбеті портал түрінде болып келеді.

    Оңтүстік-шығыс жағында кесенеге кіретін есік бар. Кесененің сақталған бөлігі 2000 жылы қалпына келтірілді.

    Асан ата кесенесі

    Асан қайғы-жырау,ойшыл, абыз. Ол шамаменХІV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал тағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс тепкен саятшы дейді. Асан ата Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде ол Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей мен Жәнібектің ақылшы биі болған.

    Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған.Од өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды.

    Асан Қайғы елінің сулы-нулы, щөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын «Жерұйық» деп атады.

    Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында айтылып келеді.

    Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жәнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды.

    Асан ата толғауларында терең таным бар. Ұлы мемлекет Алтын Орданың ыдырап, оның орнына пайда болған халықтар арасындағы алауыздық түбі орға жығатынын сол кездің өзінде болжаған.Талай ғасыр Алтын Ордаға тәуелді болған Ресей мемлекетінің күшейіп келе жатқанын ескертеді. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды.: "Ол күнде қарындастан қайыр кетер, ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, ұлы, қызың орысқа бодан болып,қайран ел,есіл жұртым не етер?"

    Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады.

    Асан ата кесенесі Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты "Бәйгеқұм"ауылынан 5 шақырым жерде "Жеті әулие"қорымында орналасқан. Кесене күйдірілген тақта кірпіштен шаршы үлгіде қаланған.

    Аумағы 11,7х7,3м, биіктігі7,6м. Еденінен 3м. Жоғары биіктікте кірпіштенрді тігінен өріп, елдеу жасаған. Асан ата кесенесі 1982 жылдан мемлекет қорғауына алынған.
    Қорқыт Ата кесенесі

    Қорқыт Ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі , артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Рашид әд-Дин "Жамиғ ат-Тауарих" атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайқы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының "Түрік шежіресінде" оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз-әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында 3 жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған байланысты баланың атын "Қорқыт" деп қойған дейді."Қорқыт" сөзін Ә.Қоңыратбаев құтты адам, құт әкелеті адам деп көрсетсе, С.Қасқабасов "өмір сарқылды, адам өлді" деген мағына береді деп санайды. В.Жирмунский Қоқыт Атаны магиялық аспап-қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт Атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш - "Қорқыт Ата кітабы". Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт Атаның нақыл сөздеі келтіріледі. Ол "Өмір бар , өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе - адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі" дейді. Енді бір аңызда Қоқыт Ата өзінің жүйрік Желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. "Кімнің көрі деген сауалына Қорқыттың көрі деген сөз естейді". "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі" деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері - Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп қобыз аспабын ойлап шығарады.

    Қорқыт Ата мазары - тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен IX-X ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт станциясынан 3км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Мазар XIXғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А.Кастанье, П.И.Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге "Түркістан альбомы" жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Олардың айтуынша құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6-8 қырлы, күмбезді құрылыс. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. мазардың бұрыңғы орны қазіргі заманғы мемориалдық ескрткіш орнатылған.

    Қорқыт Ата ескерткіші сәулет өнерінің айырықша үлгісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18км жерде, Қорқыт станциясының түбінде(1980 жылы салынған).

    Алаша хан кесенесі
    Алаша ханкесенесі- ХІV–ХV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. Бұл кесененің өзіндік бір ерекшелігі- далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалуы. Оның іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген. Қабырғалары сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді өрнектеліп қаланған. Кесененің құрылыс жүйесіндегі өрнек үлгілері Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді.

    Бұл ғимараттың өзіне тән және бір ерекшелігі, үстіңгі қабатында күмбез барабанын айналдыра жасалған галереясы бар. Оған кесененің ішінен көтерілетін басқыш арқылы шығады.

    Алаша хан күмбезінің қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай,жүрекше) кең қолданылған.

    Ұлытаудағы сәулет өнерінің ескерткіші. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, Түркістанның бір ханы (Қызыл Арслан) баласы ала болып туылғандықтан, оны ұнатпай "Алаша" деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жібереді . Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі асады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, оны қадірлеп хан көтереді. Алаша хан кесенесі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің жағасында(Сарыкеңгір өзенінің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр.Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне,оғыз-қыпшақ заманындағы (Х-ХІІІ) сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа божамдар айтқанмен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан кесенесі форталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы 9,73х11,9. Биіктігі 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық (231см) барабан-күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көп қырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулерлің диаметрі-743,673,643 см. Кіреберіс қақпа -портал аркасы мен екі жақ үстіңгі мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғаны белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғарғы жағы жойылып кеткен. кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші қабатқа, одан портал аркасының желке тұсынан кесене тұсына шығуға болады. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен еш нәрсе қалмаған. Алаша хан кесенесінің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады.

    Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенесі және Қарахан кесенесі

    Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескеткіштер- Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері.Олар Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқан. Бұл кесенелердің сонау Х ғасырдан бері қарай сақталып, бізге жетуінің өзі ерекше назар

    аудартады.

    Айша-бибі ел аузында сақталған аңыз бойынша шамамен ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген ару қыз.Әулие ата атанған Қараханның қалыңдығы

    екен, жылан шағып қазаға ұшырайды. Бұл хабарды естіген Қарахан жорықтан тез оралып, Айша-бибінің басына осы күмбезді тұрғызады.

    Бабаджа-қатын кесенесі-күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат.Төрт жағында-қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. Есігі шығыс жағында.

    Кесене шатырлы күмбезбен жабылған.

    Осы кесененің жанында жартылай сақталған Айша-бибі кесенесі орналасқан. Кесененің күмбезі құлаған. Қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған шағын құлпытас сақталған. Бұл кесене ХІ-ХІІ ғасырларда салынған деп саналады.Кесене құрылысын 1897 жылы В.А.Каллаур,1938-1839 жылдары А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Күмбезді Қарахан(Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен,ауданы7,6х7,6м,бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген.Кесене ортасында құлпытас(3х1,4м) орнатылған. Батыс ақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған.Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған.Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнектіжұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Алдыңғы беті кесененің іргетасынан бастап есептегенде 3,м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз,бұлттар,дүние, қандай аруана»деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы80см) үш бөліктен тұрады: ішкі жағынан күйдірілген кірпішпен қаланған,сыртқы жағынан оймыш әшекейлі плиталармен қапталған, ал қабырға ортасындағы кеңістік саз балшықпен және жарамсыз плиталармен толтырылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған портальды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі кесенесі республикадағы маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта