Арыстан баб кесенесі.doc орта ғасыр мәдениеті. Арыстан баб кесенесі
Скачать 267 Kb.
|
Қолданбалы өнер.Саз өнері. Қолданбалы өнер-дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композициялық шешіммен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік,қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар, жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ., мүйізден,сүйектен, мал мен аң терісінен ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден,мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау,кесте тігу, өрмек тоқу,киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа керек дүниенің бәрін өздері жасаған тамағынан бастап, киім, баспанасының барлық жабдықтарын әдемі, сәнді етіп жасаған. Киіз үйдің жабдықтары өте әсем, адам таңқаларлық өнер туындылары. Ұлттық нақыштары көздің жауын алады. Қазақ халқының саз өнері халық болып қалыптасқанға дейінгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы деп айтуға болады.Б.з.б. ІІІ ғасырдағы Қытай елінің жазба деректерінде қаңлы елінің жазба деректерінде қаңлы елінің талантты музыканттары туралы хабарлайды.Мәселен,Таң патшалығы дәуірінің көрнекті ақыны Бәй Жүші өзінің "Биші бикеш" деген өлеңінде қаңлы қыздарының билерін былай суреттеген: "Биші бикеш ойқастап, Оңға, солға бой тастап, Жауған қардай қалықтап, Келіпті бикеш қаңлыдан, Алты айшылық арыдан..." Бұл шумақтан Қытай сияқты ірі мемлекетпен Қаңлы елінің ежелгі заманнан мәдени байланыста болғандығын байқаймыз. Қытаймен көрші жатқан Үйсін мемлекеті де мәдени қарым-қатынаста болған. ХІІІ-ХV ғасырларда Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылар Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб жазбаларында қазақ халқының өмірінде музыканаң айрықша орын алатыны айтылды. Шоқан Уәлихановтың досы Г.Н.Потанин: "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді" десе, ұлы Абай: "Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең... "- деп, халқымыздың ғұмыры өлең-жырсыз өтпейтіндігін білдірген. Француз жазушысы Ромен Роллан да қазақты екінің бірі домбыра тартып, ән айтып, өлең шығаратын өнерлі халық, ақын халық деп бағалаған. Қазақтың музыкалық аспаптары Музыка өнері қазақ халқымен жасасып келеді. Халықтың ойын-сауық, той-думаны музыкасыз өткен емес. Басқа халықтар сияқты қазақтар да музыкалық аспаптар жасай білді. Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті,үрмеліжәне соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады. Үрмелі аспаптарға-сыбызғы, қамыс сырнай, қоссырнай, мүйізсырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы-шаңқобыз. Соқпалы аспаптарға-дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады. Домбыра-екі ішекті, 9-14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі,пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тараған екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзын текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Қобыз-екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте, тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметі бар. Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды. Бұл- көне, қасиетті қобыз дегенді білдіреді. Бақсы пайдаланатын аспаптардың бірі-асатаяқ. Ол- басы жалпақ, оймышталған таяқ. Жалпақ басына әртүрлі сылдырмақтар, қоңыраулар орнатылады. Асатаяқты ел кезіп, елді «ақтап»(пәле-жаладан «арылтып») жүретін диуаналар да ұстаған. Бақсылар жиі пайдаланатын аспап-даңғыра. Бұл кәдімгі барабан сияқты. Бірақ шеңбердің бір-ақ жағына әбден кепкен тері қапталады да, ашық жақ қапталдарына әр түрлі салпыншақ темірлер тағылады. Халық музыка аспабына қосылып ән салды, түрлі аспаптарда музыкалық шығармаларды орындады. Халқымыздың бүгінгі таңдағы 40-тан астам музыкалы қ аспаптары ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан қасиетті мұра саналады. Музыкалық аспаптар тек той-думандарда ғана пайдаланып қоймай жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней сияқты түрлері арқылы елге хабар беріліп отырған. Ал бақсы-балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыздарды пайдаланатын. Әнші-күйшілер өлең-жыр, терме айтқанда немесе күй шерткенде домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптармен сүйемелдеген. Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жаксаған.Сонымен қатар аспап жасауға қамыс, саз балшық, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі, қылы пайдаланылған. Балшықтан, қамыс, мүйізден үрмелі музыкалық аспап сазсырнай, сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар-жетіген, шертер және домбыра мен қобыз. Соқпалы аспаптар-даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқ т.б. Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, кейбір музыкалық аспаптардың пайда болуының өзіндік тарихы бар. Мәселен, жетіген-жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптың пайда болу тарихы былай екен. Ертеде бір адамның жеті ұлы болыпты. Бір жұт жылы әлгі адамның бар малы қырылып қалады. Киіз үйдің шаңырағына бақытсыздық орнап, жеті ұлы бірінен соң бірі өледі. Ұлдарының соңынан жоқтау айтып, ас беруге қаражаты жоқ адам, кепкен ағаштан ойып "Жетіген" жасапты.Үлкен ұлы өлгенде бір ішек тағып, тиек орнатып, «Қарағым» деген жоқтау күйін тартады. Екінші ұлы өлгенде екінші тиек тағып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Сөйтіп ұлдары бірінен соң бірі өліп,бір ішектен тағып отырып, «От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Жеті баламнан айрылып құса болдым» деген жаңа күйлер шығарыпты-мыс. Үрмелі аспаптардың ішіндегі ең кең таралғандары: сыбызғы және сырнай.Сыбызғы кепкен қурайдан, жуан қамыстан жасалады.Сыбызғының ортан белінен былай қарай бірнеше жерден теседі. Басынан ерінге салып үрлеп, тетіктерін саусақпен басып ойнайды. Сыбызғы күйлері, әдетте, екі дыбысты(дауысты) болады, бірін сыбызғыға үрлеп шығарса, екінші дыбысты тамақ үнімен қосады.Сырнай бірнеше түрлі болады: қамыс сырнай қамыстан, мүйіз сырнай мүйізден жасалады. Мүйіз сырнайды көбіне жорықта пайдаланған. Саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспаптар: сазсырнай, үскірік, тастауық. Бұл жұдырықтай, іші қуыс құты сияқты, үрлейтін және бірнеше бармақпен басатын тесігі бар аспап. Соқпалы аспаптың ең үлкені, үндісі-дабыл. Бұл екі жағы да терімен қапталған кәдімгі барабан сияқты аспап. Онымен тұтқиылдан қауіп төнгенде, не елді бір жиынға шақырғанда, дәстүрлі мейрамдарға ел жинағанда, соғыста пайдаланған. Дауылпаз дабылдан кішілеу, оның да екі ернеуі ағаштан, ал шыңдаулы деп аталатын аспап та осындай, бірақ оның шеңбер бүйірі темірден жасалады. Бақылау сұрақтары Орта ғасырлық қалалар 1. Төменарық темір жол бекетінің солтүстік шығысында орналасқан қала? Сауран Тараз Сығанақ Созақ 2. Қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы- Сығанақ Созақ Сауран Сарайшық 3. Сығанақ қаласының қазіргі орны қалай аталады? Сығантөбе Сунақата Сығанақ Созақ 4. Сауран туралы алғаш деректер қай ғасырдан бастап кездеседі? XI ғ. XII ғ. IX ғ. X ғ. 5. "Сауран- жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала. Оның ішінде рабат, мешіт бар",- деп кім жазған? Әл-Марвизи Әл-Макдиси Әл-Идриси А.Иүгнеки 6. Сайрам туралы алғаш деректер кімнің еңбегінде кездеседі? Дулати Баласағұни Қашқари Фараби 7. Сайрам X- XI ғасырдан бастап қалай атала бастады? Сайрам Исфиджаб Испенджаб Сайран 8. Түркістан қаласының VII-XII ғасырлардағы атауы- Иасы Қарнақ Түркістан Шауғар 9. Шауғар кімнің шабуылынан құлайды? Қимақтар Қидандар Қарақытайлар Қарахандар 10. Тайқазан құйылды- 1399 жылы 1500 жылы 1397 жылы 1454 жылы 11. Тарбанд атауымен белгілі болған қала- Тараз Отырар Талас Тұрар 12. Отырар қай жылы қиратылды? 1219 жылы 1221 жылы 1220 жылы 1218 жылы 13. Тараздың негізін қалаған ғұн билеушісі? Атилла Еділ Мөде Чжи-Чжи 14. Тараздың 2000 жылдығын тойлау қай ұйымның қаулысымен өтілді? ЮНЕСКО БҰҰ ЮНИСЕФ ТМД 15. Тараз неше жылда салынды? 10 жыл 8 жыл 12 жыл 2 жыл 16. Сығанақ қай ғасырларда өмір сүрген? VI-XVIII ғ.ғ. VI-XVII ғ.ғ. VII-XVIII ғ.ғ. V-XV ғ.ғ. 17. Сауранды зерттеген қазақ археологы: О. Смағұлов Ә. Марғұлан К. Ақышев Қ. Сәтпаев 18. Сауранның ортағасырлық мықты бекіністі қала болғандығын жазған - Шах Шораз Әл Мардиси Хафиз Тыныш Идриси 19. "Чертежная книга Сибири" кітабында Сауран қай атпен көрсетілген? Исфиджаб Тұранбанд Фараб Ярсван 20. Төрт қақпалы дуалмен қоршалған қала- Сайрам Сауран Созақ Отырар 21. 54 жыл бойы Тайқазан тұрған қала- Қазан Мәскеу Уфа Петербург 22. 6 ай бойы моңғолдарға қарсы қорғанған Отырар ханы? Қасым Қашар Қайып Қайыр 23. Сығанақты Жошы қай жылдары қоршайды? 1219-1221ж.ж. 1218-1220ж.ж 1220-1221ж.ж. 1219-1220ж.ж. 24. Қазақ хандығының алғашқы астанасы: Сығанақ Түркістан Тараз Сарайшық 25. Сайрамды моңғолдар қай жылдары басып алды? 1219-1220 ж.ж. 1218-1220 ж.ж. 1219-1221 ж.ж. 1218-1221 ж.ж. 2-тарау. Тарихи-мәдени ескерткіштер 1. Қожа Ахмед Иасауи кімді өзінің ұстазы деп санаған? Арыстан баб С.Бақырғани Әл-Фараби Ә.Науаи 2. Арыстан баб кесенесінің құлаған күмбезін қайта салдырған билеуші: Ұлықбек Шыңғыс хан Әмір Темір Қожа Ахмед Иасауи 3. Арыстан баб қай ғасырда өмір сүрді? VI-VIIIғ.ғ. IV-VIIғ.ғ. VII-VIIIғ.ғ. IX-Xғ.ғ. 4. Қожа Ахмед Иасауи кесенесі орналасқан қала- Түркістан Тараз Сайрам Сауран 5. Абылай хан қай кесенеде жерленген? Хандар кесенесі Алаша хан кесенесі Абылай хан кесенесі Қожа Ахмет Иасауи 6 . Рабиға Сұлтанбегім кімнің қызы? Ұлықбек Әмір Темір Әбілқайыр Шыңғыс хан 7. Есім ханның Қазақ хандығын билеген жылдары? 1598-1627ж.ж. 1597-1627ж.ж. 1598-1628ж.ж. 1599-1628ж.ж. 8. Есім ханның Тұрсын ханды өлтірген жылы- 1626 жылы 1628 жылы 1625 жылы 1627 жылы 9. Есім хан кесенесі қай ғасырларда қирауға ұшыраған? XIII ғасырдың басы - XIX ғасырдың аяғы XIV ғасырдың ортасы - XIX ғасырдың аяғы XIII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың соңы XIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басы 10. Асан Қайғы қай жерде дүниеден озған? Алатау Ұлытау Қаратау Орал 11. Асан қайғының шын есімі- Хасан Асанұлы Асан Сәбитұлы Хасан Қоштайұлы Хасан Сәбитұлы 12. Асан қайғы іздеген жер- Жерұйық Жұмақ Жәннәт Жетісу 13. Асан Ата кесенесі қай облыста орналасқан? Орталық Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Жамбыл Қызылорда 14. Әбілғазы дерегі бойынша Қорқыт ата қай тайпадан шыққан? Баят Оғыз Қыпшақ Қайы 15. Қорқыт ата музыкалық ойлап тапқан аспап: домбыра сырнай сыбызғы қобыз 16. Қорқыт деген "өмір сарқылды, адам өлді"деген мағына береді деп санаған: Қасқабасов Қоңыратбаев Жирвунский Смағұлов 17. Аңыз бойынша Қорқыт атаның алдынан ылғи не қазып жатқан адам шығады? құдық үңгір окоп көр 18. Сырдария өзенінің Қорқыт ата мазарын шайып кеткен жыл- 1950ж. 1951ж. 1952ж. 1953ж. 19. Алаша хан кесенесі қай өзен бойында орналасқан? Қаракеңгір Сырдария Сарысу Ұлытау 20. Қазақтың ою-өрнегімен қоршалған кесене? Қожа Ахмет Иасауи Қарахан Алаша хан Айша Бибі 21. Айша Бибі кімнің қалыңдығы болған? Қасым хан Қайып хан Қайыр хан Қарахан 22. Айша Бибі Тараздан неше шақырым жерде орналасқан? 18 15 17 16 23. Қарахан кесенесі қай жылы түгелдей бұзылады? 1906 жылы 1907 жылы 1908 жылы 1905 жылы 24. Қорқыт ата қайтыс болды- 95жаста 99жаста 100жаста 90жаста 25. Түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған кесене? Алаша хан Қарахан Қорқыт Ата Қожа Ахмед Иасауи 3-тарау.Қазақ даласында туған тарихи шығармалар 1. Мұхаммед Хайдар Дулати дүниеге келді- Ташкентте Сауранда Түркістанда Таразда 2. "Тарих-и Рашиди" қай қалада жазылды? Самарқан Ташкент Бұхара Кашмир 3. "Тарихи-и Рашидиді" ең алғаш орыс тіліне аударды- Текеелев Татыщев Веляминов-Зернов Ломаносов 4. "Тарих-и Рашиди" қай тілде жазылды? парсы араб қыпшақ түрік 5. "Тарих-и Рашиди" неше дәптерден тұрады? 2 3 4 5 6. ХVІІ ғасырда жазылған «Түркі шежіресі» кітабының авторы: А.М.Қашқари В.Ж.Баласағұни С.Қ:Жалайыри Д.Әбілғазы хан 7.М.Х.Дулати «Түркі шежіресінің» 1-кітабын кімге арнап жазған? А.Абд әр-Рашид ханға В.И.Грозныйға С.Әкесі А.Мұхаммедке Д.Шыңғыс ханға 8.Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек қай еңбекте кездеседі? А. «Құтты білік» В.»Тарих-и Рашиди» С. «Ақиқат сыйы» Д. «Түркі шежіресі» 9.Әбілғазының «Түркі шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне қай ғасырда мәлім болды? А.ХVІІІ ғ. В.ХІV ғ. С.ХV ғ. Д.ХVІ ғ. 10. «Хас Хаджиб атанған шежіреші ғалым- А.Ж.Баласағұни В.А.Иасауи С.М.Қашқари Д.А.Иүгнеки 11.Әбілғазының «Түркі шежіресі» аяқталмай, оны кім аяқтайды? А.Жанғазы сұлтан В.Ануш Мұхаммед С.Араб Мұхаммед Д.Арысхан 12. «Құтты білік» дастанының басты идеясы қандай принциптерге негізделіп жазылған? А.Ақыл,байлық, құт-береке,сұлулық В.Әділдік,байлық, ақыл-парасат С.Әділдік,бақ-дәулет,ақыл-парасат,қанағат-ынсап Д. Байлық, ақыл-парасат, құт-береке,сұлулық 13.Қашқаридың еңбегі қалай аталады? А. «Түркі тілдері сөздігі» В. «Даналық кітабы» С. «Құтты білік» Д. «Шежірелер жинағы» 14. «Даналық кітабының» авторы: А.А.Иүгнеки В.А. Иасауи С.Қ.Жалайыри Д.М.Қашқари 15. «Тісің сынбасын десең тіліңе ие бол, оқ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмайды» деген нақыл сөздің иесі: А.Бұқар жырау В. Шалкиіз С.А.Иүгнеки Д.А.Иассауи 16. «Диуани лұғат ат-Түрк» кітабының авторы: А.М.Қашқари В.А.Иүгнеки С.Қ.Жалайыри Д.М.Х.Дулати 17.А.Иасауи сүйегі қай жерде жерленген? А.Отырар В.Түркістан С.Сауран Д.Арыстанбаб 18. «Ақиқат сыйы» еңбегінің авторы кім? А.М.Х.Дулати В.Ж.Баласағұни С.А.Иүгнеки Д.М.Қашқари 19.Ислам дінінің сопылық бағытының негізін қалаған: А.Арыстанбаб В.А.Сайрами С.Ә.Тарази Д.А.Иасауи 20.А.Иасауиді қай жылдары өмір сүрген деп тұжырымдама жасайды? А.1103-1228жылдары В.1012-1205жылдары С.1203-1293жылдары Д.1103-1234жылдары 21.А.Иүгнеки қай ғасырда өмір сүрген? А.ХІІІғ. В.ХІҮғ. С.ІХғ. Д.ХІІғ. 22.Әбілғазының «Түркі шежіресі» бірінші қай елде,қай жылы басылып шықты? А.1726жылы,Францияда В.1736жылы,Англияда С.1623жылы,Ресейде Д.1642жылы,Қазанда 23.М.Х.Дулатидің 500 жылдық тойы халықаралық деңгейде қай жылы, қай жерде тойланды? А.1999жылы,Ташкентте В.2000жылы, Таразда С.1989жылы,Отырарда Д.2002жылы, Түркістанда 24.А.Иасауи неше жасында Пайғамбардан артық өмір сүрмеймін деп жер астына кірген? А.69 жаста В.83 жаста С.63 жаста Д.75 жаста 25. «Түркі шежіресін» алғаш орыс тіліне аударған арабист ғалым: А.Г.С.Саблуков В.Ш.Уәлиханов С.Г.Веселовский Д.И.Н.Березин |