1 БЛОК Қастандық айыптау сөзі. астанды шыармасы бойынша айыптау сзі Р к ні 99 бабы 2 блімі 1
Скачать 22.53 Kb.
|
«Қастандық» шығармасы бойынша айыптау сөзі ҚР ҚК -нің 99 бабы 2 бөлімі 1, 5, 13 тармақшаларымен айыпталған А.А.Петрушкин бойынша мемлекеттік айыптаушының сөзі Құрметті төрағалық етуші және сот мәжілісіне қатысушылар Басты сот талдауында Андрей Алексеевич Петрушкинге ҚР ҚК – нің 99 бабы 2 бөлімі 1, 5, 13 тармақтарымен айыптау туралы қылмыстық іс бойынша сот тергеуін аяқтап жарыс сөзге көшіп отырмыз. Сотталушыға қылмыстық іс-әрекеті бойынша, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана, аса қатыгездікпен қазаға ұшырату сонымен екі немесе одан көп адамды өлтірген деген айып тағылып отыр. Осы іс бойынша барлық жиналған дәлелдемелер сот тергеуінде зерттелді, соның ішінде куәларда жауапталды. Істің мән-жайына келсек: Андрей Алексеевич Петрушкин кемпірі Матрена Онуфриевнаны іздеп бөлімше бастығы Кузьменкоға келеді. Ол аудандық бөлімшеге арыз тастағанын, аудандық бөлімше елемегенін айттып, күйзелгенін айттып береді. Петрушкиннің әңгімесінен кейін Кузьменко аудандық бөлімшеге тастаған арызын алдырттып, оқиғаны қолға алады. Оқиға барысы біраз шытырманды. Іздеу барысында Петрушкиннің Вице-президенттің машинасын мініп кеткеніндей ұзақ бұзақылық жасалғаны сондай-ақ оның мемлекет қауіпсіздігі комитеті ұзақ жылдар бойы іздеп жүрген соғыс кезіндегі опасыз сатқын болып шыққандығы анықталды. Ол фашистердің 10-а СС командасында қызмет еткен.Шын есімі Штерн. Туған жері – Поволжье. Ол СС зондеркомандасы Дондағы Ростов қаласының халқын жаппай жазалаған кезде Штерн солардың арасынан шыға келген. Ол жүздеген адамдарды өз қолымен өлтірген. Соғыс кезіндегі бір қолын жарақаттаған, онымен қоса ол сол жарасын әдейі асқыныдырып бір қолын алдырттып, бетіне адам танымастай пластикалық операция жасаған екен. Тергеу барысында кемпірінің жолғаны емес, өлгені жайлы сонымен қоса кемпірді Петрушкиннің өзі өлтіргені анықталады. Петрушкин бұны лейтенант Байкиннен естіп қалады. Петрушкин айласы мол адам. Ол өзінің сыбайласы Сигаловты дереу үйіне шақырады, машинасын мініп келуді сұрайды. Сигалов қаннан-қаперсіз оның үйіне келеді. Петрушкин Сигаловты дәрімен есеңгіретіп, оны өлтіреді. Қолын шабады. Өртейді. Осының бәрін бітірген соң жер асты жолымен шапшаң шығып, Сигаловтың машинасына отырады. Екеуі бұрын Ілеге жиі баратын. Петрушкин де сол әдетіне басып Ілеге тартады. Қуғыншылардан құтылу үшін оған уақытты ұту керек болатын. Ол Сигаловтың орнына өзі өлгендей қылып хат жазып, Савелий-ге тастап кетеді. Ол хатта: «Мен кембағал, мұңды жан едім. Арызданып бармаған жерім қалмады. Әділет таппадым. Өмірден түңілдім. Бұған кінәлі милицияның майоры Кузьменко мен оның сыбайластары. Мені көрге тыққан осылар. А.А.Петрушкин» деп жазған. Алайда Майор Бөгембаев пен Капитан Майлыбаев Петрушкиннің ниетін әбден зерттеген еді. Жүзбе-жүз сөйлеспегенімен айласы мол адам екенін сырттай бақылап таныған. Өз мақсатына жету үшін талай өлікті аттаған адамның оңай өле қалғанына сенгісі келмеді. Петрушкин ұзындау, сұңғақ бойлы еді. Ал күйген адамның бойы қысқалау еді. Майор Бөгембаев пен Капитан Майлыбаев шаштараз Сигаловты анықтауды қолға алады. Тергеу барысында Сигаловтың атынан телеграммадан хат келгенін анықтайды. Майор Бөгембаев пен Капитан Майлыбаев телеграмма түскен жерді торуылдап, сол жерге жақын маңдағы елсіз жақтан іздейді. Іздеу барысында тауды кескен қия жолдың қуысынан қираған машинаны тауып алады. Ол машина Сигаловтың көк түсті «Волга»-сы еді. Олар Петрушкинді қаладан іздейді. Көп ұзамай Андрей Алексеевич ұсталады. Петрушкин мас болып отырып, әйелі Матрена Онуфриевнаға бұрын фашистердің отрядында қызмет еткенін айттып қояды. Зәресі кеткен Петрушкин бұл сырды көрші әйел Масловаға айттып қойды ма деп қорқады. Әйелі үйіне келген бетте оған дәрі иіскетіп есеңгіретіп, басын балтамен шауып тастайды. Өлікті кілеттің табанындағы цементтің астына көміп тастағаны анықталады. Адам өлтірудің объектісі болып адамның өмірі танылады. Адамның өмірі қоғамдағы және мемлекеттегі ең құнды және игілік болады, оны қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында белгіленген. Қазақстан Республикасы Контитуциясының 15 бабы бойынша дейді: «Әркімнің өмір құқығы бар. Ешкім де адамның өмірінен айыруға құқығы жоқ» Адам өлтірудің обьективтік жағы болып Петрушкиннің аса қатыгездікпен, бірнеше рет екі немесе одан да көп адамды өлтіргені жатады. Бұл қылмысты жасау кезінде Андрей Алексеевич Петрушкин адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын пышақ, балта сонымен қоса өлікті жасыру үшін күрек қолданған. Адам өлтірудің субъектісі болып әрине, Андрей Алексеевич Петрушкин танылады. Андрей Алексеевич Петрушкин 50 жаста. Ұлты: орыс. Орта білімі жоқ, алайда соғысқа дейін артельде етікші болып жасаған. Соғыстан кейінгі жылдардан бастап ет комбинатында ит үйретуші болып жасайды. Андрей Алексеевич Петрушкин – бірнеше мәрте қасақана ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскер. Адам өлтірудің субъективтік жағы. Бұндай адам өлтіру субъективтік жағынан тек қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі басқа адамның өміріне қол сұғатындығын сезінеді жәбірленушіге өлім келетіндігі нақты мүмкіндігін көре біледі және оның туындауын тілейді және саналы түрде жол береді. Істің дәлелдемелеріне тоқталып өтсек; Тергеу барысында көп адамдардан жауап алынған болатын. Оның біреуі Глафира Данишевская. Ол Андрей Алексеевич Петрушкиннің көршісі, көңілдесі болып табылады. Іздеу барысында Петрушкиннің Вице-президенттің машинасын мініп кеткеніндей ұзақ бұзақылық жасалғаны анықталған болатын. Соны анықтауға жәрдемдескен осы Глафира Данишевская еді. Капитан Майлыбаев Глафира Данишевскаядан Петрушкинге қатысты көп жауап алған болатын. Содан екеуі жақсы ара-қатынаста. Глафира Данишевскаядан бөлек оның бұрынғы күйеуі Хәкімнен де жауап алынды. Ол түрмеден шығып Глафира Данишевскаяның үйіне барады, барса Андрей Алексеевич Петрушкин екеуі отыр екен. Хәкім мен Петрушкиннің арасында сол кезде біраз келіспеушілік болып бір-біріне қол көтеруге дин барады. Содан олар Глафира Данишевскаяның үйінен шығып Петрушкин Хәкімді үйіне шақырады. Хәкім мен Петрушкин екеуі үйге келіп бір жартылықты босатады. Петрушкин Хәкімге бір дүкеншіге 500 сом апарып беруін сұрайды. Хәкім Петрушкин өтінішін орындайды. Сол жолда оны яғни дүкеншінің алдында тұрғанда капитан Майлыбаев көріп жауап алады. Жауап алу кезде Хәкім барлық жағдайды айттып береді, сонымен қоса дүкеншінің Хәкімге айтқан «Шолаққа айт, сақ болсын, милиция ізіне түсіп жүр» деген сөзінен кейін одан күдіктенеді. Петрушкин Сигаловты өлтіріп қашып кеткеннен кейін, сол дүкенші Тюниннен жауап алады. Жауап алу барысында Тюниннің дүкен ұстаудан бұрын аптекада істегені жайлы, әйелдерге түсік тастатын дәрі сатқандығы анықталады. Петрушкин оның аптекада жасағанын естиді және иіскеткенде шапшаң ұйықтатын дәрі тауып беруін сұрайды. Матрена Онуфриевна мен Сигаловқа иіскеткен дәріні Тюниннен алғаны анықталады. Андрей Алексеевич Петрушкин аса сақ, жүріс-тұрысы мен мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Петрушкин белгілі бір мақсатты көздеген. Ол құпияны жақсы сақтай білетін, тымырсық мінезді адам. Сонымен қатар Петрушкин конспирацияның тәсілін жақсы меңгерген. Сол тәсіл арқылы сыбайлыс Сигаловпен кездесу белгілеп жолығып тұрған. Андрей Алексеевич Петрушкин – аса қауіпті, кісі өлтіргіш қылмыскер. Андрей Алексеевич Петрушкин өзінің әйелін өте ауыр жолмен, нақтылап айтсақ әйеліннің өзі туралы бар шындықты өзгелерге жария етпеуі үшін қасақана қастандықпен басын балтамен шауып, сонымен қатар өз қылмысын жабу үшін мәйітті жасырып, жалған арыз жазу және өзінің жанында жүрген серіктесі Сигаловты да өлтіру мақсатында үйіне шақырып алып, жасырын түрде бір қолын шауып, мәйітті өлтіріп, өртеп жіберді, өз қылмысын жасыру үшін жалған хаттама қалдырды. Өзінің қылмысын жасырамын деп осылайша бірнеше қылмыс жасағаныңызды ескере отырып сізді Өте қауіпті қылмыскер деп жариялаймын. Адам өлімі,соның ішінде қастандықпен жасалған өлім ешқашан жазасыз қалмайды. Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес. Андрей Алексеевич Петрушкин бір емес бірнеше мәрте кісі өліміне айыпты және өз күнәсін барынша жасыру жолында әрекет еткені үшін: Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы: Адам өлтірудің 2 бөлігінің 1) 5) 13) тармақшаларымен кінәлі деп танып, оған: Осы бап бойынша өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазалануын сұраймын. Айыптаушы Жамиғат Н.Б. |