Главная страница
Навигация по странице:

  • Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері

  • 2.1.1.Преагония Преагония

  • 2.1.2.Агония Агония

  • 2.1.3. Клиникалық өлім Клиникалық өлім

  • 2.1.4. Терминалды жағдай Терминалды жағдай (Ақтық жағдай)

  • ТЖ-дың белгілері және диагностикасы Тыныс алудың тоқтауы-апноэ; Қан айналымының бұзылуы-асистолия;

  • 1.Ұйқы және сан артерияларындағы пульсты бағалау;2.Тыныстың бар жоқтығын анықтау.Ол үшін дәрігер науқастың кеудесіне құлағын қойып,н/е айнаны

  • терминальді жағдай. Аты жадайларды кезедері мен оларды клиникалы кріністері


    Скачать 20.25 Kb.
    НазваниеАты жадайларды кезедері мен оларды клиникалы кріністері
    Дата06.05.2022
    Размер20.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатерминальді жағдай.docx
    ТипДокументы
    #514567

     Реанимация – (лат. re – қайта және  animation — жандандыру) организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды  органдар қызметінің бұзылуын  не тоқтауын қалпына келтіруі.  Организмді тірілту терминальдық  жағдайларда,  оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организмнің тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды.  Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды.  Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жоғалтпайды.   Мұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алуға жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады.  Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады.  Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай:

    • жүрек-өкпелік,

    • жүрек, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді.

    Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдырумен жүрекке массаж дұрыс жасалса нәтижелі болады.  Бұрын ауырмаға адам кенеттен  не кездейсоқ себептермен ( мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі  себептермен жүрегі тоқтап қалғада, т.б.)  клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда организмді  тірілту жиі қолданылады.

    Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері 

    Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) терминалды (ақтық) жағдайлар деп айтамыз.

    2.1.1.Преагония

    Преагония—  жанталасуға дейінгі жағдай. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары мен гемодинамиканың бірден нашарлауымен сипатталады. Науқастың есі әлі сақталған, бірақ шатасқан, терісі боз немесе көгерген, пульс жіп тәріздес, жүрек соғуы жылдам (тахикардия). Артериялық қысым 80 мм с.б. дейін төмендейді. Дем алысы жиіленеді, үстірт болады. Көз рефлекстері сақталады, көз қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы әлсіз. Осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады.

    2.1.2.Агония

    Агония— жанталасу. Агония кезінде естің болмауы мүмкін, бірақ емделуші естуі мүмкін. Тері жамылғылары бозарады, акроцианоз, бастың мәрмәр түсті болуы немесе цианозы байқалады. Пульс тек ірі (ұйқы) артерияларда ғана анықталады, брадикардия. Тынысы сирек, ырғақсыз, «тынысты жұтады» (атоналды тыныс); Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз; тырысулар, еріксіз зәр, нәжіс бөлінуі мүмкін.

    Бұл кезең бірнеше минуттан бір неше сағаттарға дейін созылады.

    2.1.3. Клиникалық өлім 

    Клиникалық өлім — бұл бірнеше уақыт аралығында ағзаның басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде қан айналым және тыныс тоқтайды, тіршіліктің, өмір сүрудің сыртқы көріністері толық жоғалады, бірақ гипоксияға сезімтал ұлпаларда әлі қайтымсыз өзгерістер дамымайды. Бұл өмір мен өлім арасындағы қысқа уақытылы кезең.

    Клиникалық өлімнің белгілері:

    1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.

    2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.

    3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.

    4. Естен тану.

    5. Қоңыр-сұр түске ену.

    Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секунд та тоспай, реанимацияны бастау керек. Тыныс салу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты терминальды күйден шығаруы мүмкін.

    Клиникалық өлімнің себептері: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәндіктердің уымен улану т.б.

    Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек.

    2.1.4. Терминалды жағдай 

    Терминалды жағдай (Ақтық жағдай) — өлім мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім халіндегі күйі. Бұл кезде әртүрлі патологиялық процестердің әсерінен гомеостазды қолдап отыратын әртүрлі мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік-маңызды қызметі бұзылады. Терминалды жағдайларға алып келетін себептер әртүрлі болып келеді: ауыр жарақаттар, жедел қан жоғалту, жоғары және төмен температура әсері, ауыр жедел интоксикация, коронарлы қан айналым бұзылыстары т.б. терминалды жағдайларда әр түрлі себептерге қарамастан ағзада жалпы өзгерістер байқалады.

    Бас ми қыртысы гипоксияға (қан мен ұлпаларда оттегінің жетіспеушілігі) өте сезімтал болып келеді, сондықтан терминалды жағдайларда орталық жүйке жүйесі жоғары бөлімі ми қыртысының қызметі бұзылады, адам есін жоғалтады. Егер гипоксия 3-6 минутқа дейін созылса, бас ми қыртысындағы өзгерістер қайта қалпына келмейді.

    Ми қыртысы қызметінің бұзылуымен қатар қыртыс асты құрылымдарының қызметі бұзылады. Тыныс алу және жүрек қан тамыр орталығы орналасқан сопақша ми ең соңынан өледі. Бас мидың қайтымсыз өлуі дамиды.

    Терминалды жағдайлар кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметінің бұзылыстары жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келеді. Преагония кезінде жүректің айдау қызметі төмендейді. Ағзалардың, әсіресе мидың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі қайтымсыз өзгерістер дамуын күшейтеді.

    Жүректің автоматизм қасиеті арқасында жүрек біраз уақытқа дейін жиырылуы мүмкін. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз, нәтижелі емес, пульс толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. Қан қысымы бірден төмендейді, соңынан анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.

    Гипоксияға бауыр мен бүйрек сезімтал, ұзақ гипоксия кезінде оларда да қайтымсыз өзгерістер байқалады.

    Терминалдық жағдайларда ағзада зат алмасуда өзгерістер байқалады. Олар тотығу процестерінің төмендеуімен, ағзада органикалық қышқылдардың (сүт және пирожүзімді) және көмір қышқыл газының жиналуымен сипатталады. Нәтижесінде ағзада қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бұзылып, ацидоз дамиды. Ағза клиникалық өлім жағдайынан шыққаннан кейін алдымен жүрек қызметі, сосын тыныс алу, ал зат алмасу және қышқылды-сілтілі жағдайдағы өзгерістер жойылған соң ғана бас ми қызметі қайта қалпына келуі мүмкін.

    Бас ми қызметінің қайта қалпына келуі біраз уақытқа созылады. Қысқа уақытты гипоксия және клиникалық өлімнен кейін де ( 1 минуттан аз) сана ұзақ уақытқа жоғалуы мүмкін.

     Белгілері:

    — сана жоғалады;

    — тері жамылғылары бозарған, суық, цианоз, тамыр дақтары пайда болады;

    — пульс анықталмайды;

    — тыныс тоқтайды (апноэ);

    — көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы болмайды;

    Жандандыру шаралары жүргізілмесе немесе нәтижесіз болғанда ұлпада қайтымсыз өзгерістер дамиды, клиникалық өлім биологиялық өлімге өтеді

    ТЖ-дың белгілері және диагностикасы

    • Тыныс алудың тоқтауы-апноэ;

    • Қан айналымының бұзылуы-асистолия;

    • Естің сөнуі (кома).
      Апноэні анықтау үшін реаниматолог өте
       ұқыптылықпен,анық науқастың кеудесін
      және ер адамдарда іш аймағын визуальді
       қарайды. Ал қанайналымының бұзылуын перифериялық және ірі тамырлардағы пульсты есептеу арқылы және АҚҚ өлшеумен тексеруге болады.

    ТЖ кезіндегі науқас жағдайын бағалау критерийі

    1.Ұйқы және сан артерияларындағы пульсты бағалау;
    2.Тыныстың бар жоқтығын анықтау.Ол үшін дәрігер
     науқастың кеудесіне құлағын қойып,н/е айнаны мұрнына,аузына жақындатып,және пинцетпен жіп не мақта ұстап байқауға болады.
    3.Науқастағы команы Глазго шкаласымен
     анықтаймыз.
    4.Қарашық рефлексін бағалау үшін қабақты ашып
     қарашықты байқаймыз, одан соң қабақты қайтадан бірден ашқанда қарашық өзгермесе онда “қарашық” рефлексі теріс деген сөз.
    Егер жоғарыда айтылған 4 белгінің біреуі болса,тез
     арада реанимациялық шараны 1-4 минут ішінде
    жүргізу керек.


    2.1.5. Биологиялық өлім

    Адам ұзақ ауырып, оның организміндегі тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.)қайтымсыз өзгерістер байқалса, организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.

    • Бірінші кезеңі зардап шегуші ес түсінен  айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі бозарады, суық тер басады, сұраққа жауап бере алмайды, тамырының соғуы жиі әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары, өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу процесстері организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірінші минуттан бірнеше минутқа созылады.

    • Екінші кезеңде— зарап шегушінің ес-түсі бірде бар, бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп суық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді. Соққаны өте әлсіз, демі үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу проецесі нашарлайды.  Бұл кезең ұзаққа созылады.

    • Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының  соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді.  Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.

    Биологиялық өлімнің белгілері:

    • Дене температурасы қоршаған орта температурасына дейін төмендейді;

    • Мәйіт дақтарының пайда болуы, ол тері бетіндегі көкшіл-күлгін дақтар.

    • Мәйіт арқасымен жатқанда дақтар жауырын, бел, жамбас аймақтарында, ал ішімен жатқанда- бет, мойын, кеуде, іш аймағында пайда болады.

    • Мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі. Ол бет бұлшықеттерінен басталып, дене бұлшықеттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.

    • «Мысық көзі» симптомының болуы — көзді басқанда көз қарашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады;

    • Көздің мөлдір қабы майланып кебеді, көз алмасы босаңсиды.


    написать администратору сайта