Алдабергенова Улдай Акушеррр. Атырау жоары медициналы колледжі
Скачать 75.22 Kb.
|
Босануға дейінгі патронажы – сонымен қатар балалар кеңесінің мейірбикесіде әйелдер кеңесінен түскен ақпарат бойынша жүргізіледі. Бірінші рет ақпарат алынғаннан кейін он күн ішінде екіншісі 31-32 аптасында жүргізіледі. Босануға дейінгі патронаждың мақсаты: • Балалар кеңесі мен болашақ ана арасындығы байланысты орнату. • Болашақ сәбидің тұрмыс жағдайымен танысу. • Жанұяның әлеуметтік жағдайымен үйдің гигиеналық жағдайын бағалау. • Болашақ ананың денсаулық жадайын білу, оған еңбек демалыс, тамақтану баланың сәбидің бұрышын дайындауда кеңестер беру. • Сәбиді тамақтандыру оны күту ережелерін үйрету, жас ана мектебіне қосылуын қадағалау. • Жанұядағы әлеуметтік тұрмыстық қиындықтарда мейірбике әйелді заңгердің кеңесіне жолдау. Босанғаннан кейінгі патронаж – босанған әйел жаңа туған сәбиді медициналық тұрғыда жүйелі бақылау болып табылады. Бұл патронаж босану күннен шыққан соң алғашқы 2-күннің ішінде, егер босану асқынып өтсе – дәрігер, ал егер босану қалырты өтсе – акушрка немесе мейірбике жүргізеді. Босанғаннан кейін патронаждың мақсаты үй жағдайында сауықтыру мен алдын – алу шараларын жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін үйрету, тұрмыстық санитарлық – гигиеналық жағдайды жақсарту. 2.Жатыр түбі биіктігін өлшеу. Мақсаты: Жүктіліктің дамуын бақылау, ұрықтың болжам салмағын анықтау. Іс - әрекет алгоритмі: 1. Әйелге жатыр биіктігін өлшеу қажеттілігін түсіндірдім. 2. Қуығын зәрден босатып келуін ескерттім. 3. Әйелді кушеткаға шалқасынан аяқтарын жазып жатқыздым. 4. Тексеруші әйелдің оң жағынан бетпе-бет келіп тұрдым. 5. Сантиметрлік жіптегі шкала бойынша жатыр биіктігін анықтадым. 6. Жүкті әйелдің бір жақ бүйіріне қарай бұрылып, кушеткадан тұруына көмектестім. 7. Қолымды сабындап жудым. 8. Алынған көрсетілімдерін мед.құжатқа тіркедім. Іш айналымын өлшеу. Мақсаты: Жүктіліктің дамуын бақылау, ұрықтың болжам салмағын анықтау. Іс - әрекет алгоритмі: 1. Жүкті әйелге іш айналымын өлшеу қажеттілігін түсіндірдім. 2. Клеенка төселген кушеткаға жаялық төсеп, әйелді шалқасынан жатқыздым. 3. Сантиметрлік жіпті алып, әйелдің оң жағынан бетпе-бет келіп тұрдым. 4. Сантиметрлік жіппен алдынан кіндік, артынан бел тұсынан айналдыра өлшедім. 5. Іш айналымын см.жіптегі шкала бойынша анықтадым. 6. Әйелге кушеткадан тұруға көмектестім. 7. Қолымды сабындап жудым. 8. Алынған көрсеткіштерді мед.құжатқа тіркедім. 3.Леопольд тәсілі. Мақсаты: Ұрықтың жатырда орналасуын анықтау. Іс - әрекет алгоритмі: 1. Жүкті әйелге тексеру мақсатын түсіндіру. 2. Жүкті әйелді кушеткаға арқасын аяқтарын созып жатқызу. 3. Жүкті әйелге бетін бүрып оң жағына кушеткаға отыру. 4. Тексерудің бірінші тәсілі жатыр түбі биіктігі мен жатыр түбіндегі ұрық бөлігін анықтау. Ол үшін екі қолдың алақанын жатыр түбіне саусақтарды бір-біріне бағыттап орналастырады. Жатыр түбі биіктігін семсер тәрізді өскінге немесе кіндікке қарай анықтау және жатыр түбіндегі ұрық мүшесін анықтау. 5. Тексерудің екінші тәсілі ұрықтың орналасу түрін позициясын анықтау. Ол үшін екі қолдың алақанын жатырдың бүйір арқасын (тегіс) ұсақ мүшелерін (қолдары аяқтары) анықтау. Егер арқасы сол жақта болса – бірінші позиция егер арқасы – оң жақта болса – екінші позиция егер арқасы алдында болса – позицияның алдыңғы түрі, егер арқасы артқа қараса позицияның арқа түрі болғаны. 6. Тексерудің үшінші тәсілі ұрықтың жатырған бөлігін анықтау. Ол үшін оң қолды жатырған бөлігіне орналастыраду. Үлкен саусақ бір жағында орналастырып, кіші жамбас кіреберісіне қараған бөлігін сипалап басып қарап басы немесе жамбасы (кіреберісіне) екенін анықтайды. (басы қатты, жұмыр қозғалмалы) 7. Тексерудің төртінші тәсілі ұрықтың жатырған бөлігінің кіші жамбас қуысының кіреберісіне қатынасын анықтау. Ол үшін жүкті әйелдің аяқ – жағына бетпен бұрылып екі қолды жатырдың төменгі бөлігіне қасағаның жоғарғы үстіне саусақтарды бір – біріне қарата орналастырып төменгі бөліктің кіші жамбас қуысының кіреберісіне қатынасын анықтайды. 8. Тексеру қорытындысын медициналық құжатқа толтыру. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы _______________ 2021 ж. ”27” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы :Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 28.05.21
1.Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау,бағалау Мақсаты:ұрықтың жүрек соғысын тыңдау,бағалау Ресурстар:акушерлік стетоскоп,секундомер,кушетка Іс-әрекет алгоритмі: 1.Жүкті әйелге тексеру туралы ескерттім 2.Жүкті әйелді кушеткаға шалқасынан аяғын созып жатқыздым 3.Сыртқы акушерлік тексерулер жүргізіп, ұрық орналасуын және мүшелерін анықтадым. 4.Стетоскоптың кең бөлігін іштің алдыңғы қабырғасына орналастырдым. Ол нәрестенің арқасына және басына жақын болуы керек. 5.Стетоскопты жылжыта отырып, ұрықтың жүрек соғысы анық естілетін жерді таптым. 6.Секундомер көмегімен ұрықтың 1 минуттағы жүрек соғысын санадым. 7.Ұрықтың жүрек соғысының анықтығын, ырғақтығын бағаладым. (қалыптыжағдайда 1 минутта 110-160 ретсоғады). 8.Алған мәліметті құжатқа тіркедім. 9.Жүкті әйелге кушеткадан тұруына көмектестім. 10.Стетоскопты дез.ертітіндіге салдым. 11.Қолымды жудым. 2.Жүктілік мерзімін,босану күнін,декреттік демалысқа шығу күнін белгілеу Жүктіліктің мерзімін анықтау. Мақсаты: Барлық мәліметтердің қорытындысымен жүктіліктің нақты мерзімін анықтау. Керекті құралдар: Гинекологиялық кабинет құралдары. Іс – әрекет алгоритмі: 1.Календарьдан соңғы етеккірдің бірінші күнінентексеру күніне дейінгі апталарды санадым. 2.Соңғы етеккірдің алғашқы күнінен алға қарай 2апта алып тастап, басталған жүктіліктің мерзімінанықтадым. 3.УДЗ – мен тексердім. Жүктіліктіңкешмезгіліндежүктілікмерзімінжатыр түбі биіктігіне (ЖТБ) қарап анықтауға болады. 16 апта– ЖТБ кіндік пен қасағаның жоғарғықырының ортасында – 12смтең. 20 апта– кіндіктен 2 көлденең саусақ төмен– 16см; 24 апта – кіндік тұсында– 20см; 32 апта – ЖТБ кіндік пен семсер тәрізді өскінініңортасында– 28 см; 36 апта – ЖТБ қабырға доғасының астында– 34-36см; 40 апта – кіндік пен семсер тәрізді өскінніңортасында– 32см тең; Алынған мәліметтерді №111 картаға жаздым. Болжамалы босау күнін анықтау үшін Негеле формуласы бойынша соңғы ектеккірдің алғашқы күнінен 3 ай кейін жүріп 7күн қосамыз. Қазіргі кезде босану алдында декреттік демалысты жүкті әйелге 30 аптадан бастап 126 күнге береді. Егер егіз жүктілік болса 28 аптадан 180 күнге береді. Босану асқынумен өтсе, қосымша 14күн қосылады. Босану 36 аптаға дейін болып, тірі бала туылса, онда босанғанан кейінгі декреттік демалысты 156 күнге босанған жері береді. Егер бала өлі туылса немесе босанғанан кейін алғашқы 7күнен кейін өлсе босанғаннан кейін декреттік демалыс 86 күнге беріледі. Жаңа туған нәрестені асырап алушы әйелге босанғаннан кейін декреттік демалыс 70күнге бала туған күннен бастап босанған мекеме береді. 3. Босануға физио-психопрофилактикалық дайындық Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі:жүктілер арасында,бірінші есепке алынған күннен бастап психопрофилактикалық дайындық жүргізу.Бұл дайындықтың негізгі мақсаты-босану алдындағы қорқынышты бәсеңдету және босану кезіндегі ауру сезімін жеңілдету.Осы мақсатпен 32-35 апта жұма аралығында дәрігер жүктілермен кеңес ретінде 4 сабақ жүргізеді. 1 сабақтың мақсаты-босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу,ол үшін жүктілік пен босанудың физиологиялық құбылыс екендігін,жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып,босану кезеңдерінің өзгешеліктерін жете түсіндіру. 2 сабақта-жыныс мүшелерінің анатомиясы мен жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістермен таныстырады. 3 сабақта-толғақ басталғаннан кейін босанудың бірінші кезеңінің тәртібіне үйретеді.Ол үшін:1.тыныш жату;2.толғақ кезінде бірқалыпты және терең дем алу;3.дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру;4.сегізкөз,бел аймағын дем алумен сәйкестендіріп сипалау,5.үлкен саусақтардың ұшымен мықын сүйектің алдыңғы жоғарғы өсінділерін басу,сегізкөз ромбысына екі жұдырықты қою;6.толғақты бақылау 4 сабақта-босанудың екінші,үшінші кезеңдеріндегі ерекшеліктермен таныстырады.Әйелді екінші кезеңнің күшену ережелеріне,толғақ арасында дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.Толғақтың алғашқы белгілерімен,перзентханаға алдын ала жату қажеттіліктерімен және тазалық ережелерімен таныстырады. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ________________ 2021 ж. ”28” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 29.05.21
Жүктіліктің 1-ші және 2-ші жартысында қан кетуде шұғыл көмек көрсету 1. Пациентті тыныштандырып, жайлы жағдай туғызып тыныштығын қамтамасыз ету. 2. Жедел жәрдемді шақыру. 3. Жүктіліктің бар екенін анықтау(анамнезінде етеккір циклінің кідіруі, жүктіліктің белгілерінің пайда болуы, № 113/У формасы қолында, 2 айдан бастап есепке тұр, жүктілік тестін жүргізген). 4. Қан кетудің барын анықтау(шағымдарынсұрау). 5. Әйелді жатқызу(кушеткаға, кереуетке). 6. Әйелді жылы жауып, жылыту. 7. Гемодинамикалық жағдайын бақылау(АҚҚ, ТАЖ, пульс, температура). 8. Кеткен қанның мөлшерін анықтау. 9. Ылғалды оттегімен демалдыру. 10. Перифеериялық веналарды катетерлеу. 11. Венаға 0,9% 1000 мл физ. ерітінді 15 минут бойына. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ________________ 2021 ж. ”29” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”_____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 31.05.21
Сүт бездерін бала емізуге дайындау, күту Мақсаты: Босанған әйелді сүт безін күтуге, нәрестені емізуге үйрету. Керекті құралдар: жылы су, жеке сабын бөлігі, стерильді салфетка, сүт сууға стерильді банкі, сүт сауғыш, стерильді жаялықтар. Көрсетілімі: Әйелге сүт безін бала емізуге дайындауды бала емізу процесін және қалған сүтті сауып тастау ережесін түсіндіру. Іс – әркет алгоритмі: Жүкті әйелге түсіндірдім • Қолдарын жылы сумен сабындап жуу. • Сүт бездерін жылы сумен жуу. • Қолдары мен сүт бездерін құрғатып сүрту. • Баланы емізуге ыңғайланып отыру. • Сүттің алғашқы тамшыларын сауып тастау. • Бала аузына үрпі мен оның айналасын ауызға қамтып салатындай етіп ұстау. • Бір қолмен сүт безін баланың мұрны жабылып қалмайтындай етіп ұстау. • 15-20 минут бойы баланы емізу. • Баланы емізіп болғанан кейін, сүтті ақырын стерильді банкіге сауып тастау немесе сүт сауғышпен. • 15-20 минут бойы ауа ваннасын қабылдау. • Ескерту: Анасына сәбиді қалай дұрыс ұстауды көрсеттім: • Баланың басы мен денесі тік. • Баланың денесі мен беті емшекке қаратылып, мұрны емшек үрпісі тұсында. • Баланың денесі анасының денесіне тақалып. • Анасы баласының тек мойны мен иығын емес, бүкіл денесін түгел сүйейді. • Анасына сәбиді емшекке қалай дұрыс саууды көрсеттім. Бұл үшін керегі: • Баланың ернінің үрпіге тигізу. • Баланың аузын түгел ашқанша күте тұру. • Баланы емшекке тез жақындатып, оның астынғы ерні үрпіден төмен болуы. • Сәбидің емшекті дұрыс алғанын қарадым: • иегі емшекке тиіп тұр. • ауызы қатты ашық. • төменгі еріні сыртқа шығып тұр. • ареоланың бөлігі ауыздың төменінен емес жоғарыдан көрініп тұр. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ________________ 2021 ж. ”31” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”_____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша |