Алдабергенова Улдай Акушеррр. Атырау жоары медициналы колледжі
Скачать 75.22 Kb.
|
Атырау жоғары медициналық колледжі Атырау жоғары медициналық колледжінің 4 курс «Мейіргер ісі» бөлімі, 322 топ II топша студенті Алдабергенова Улдайдың «Акушериядағы мейіргер ісі» пәнінен оқу өндірістік практикасынан өту күнделігі 2020- 2021 жыл. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 25.05.21
Медициналық құжаттарды толтыру (№111/у, №113/у формалары) № 111/у нысанының алғашқы бетін мейірбике толтырады. Төлқұжаттық бөлімін, жұмыс орнын, телефон номерлерін тіркейді. Анамнез жинап, созылмалы аурулары, аллергиялық реакцияларын анықтайды. Бұрын ота жасалғанын және қан құюлар болғанын анықтап, тіркейді. Кейін дәрігер немесе акушер әрбір бару уақытында әйелдердің жағдайын айқындайды. Патронажғабару нәтижесі туралы деректерді акушер № 111/у нысанына немесе №113/у картасына енгізеді. Акушер-гинеколог дәрігер ҚР ДСМ №907 бұйрығымен бекітілген 084/у нысаны бойынша жүкті әйелдің басқа жұмысқа ауысуы туралы дәрігердің қорытындысына сәйкес жүкті әйелдерді жеңіл жұмысқа және кәсіби зияндылығыменбайланысты емес жұмысқа ауыстыруға анықтама береді. Жүктілердің айырбастау картасы ҚР ДСМ м.а 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №113/у нысанды медициналық құжатнама,яғни кез келген жүкті әйелге гинекологқа тіркелген соң осы айырбастау картасы беріледі. Бұл карта жүкті әйелдің өзінде болады. Ол әр медициналық маманға қаралғанда осы картамен көрінеді. Мұнда қандай тексеру әдістері жасалғаны,оның қорытындылары жазылып тұрады. Жүкті әйелге антропометриялық тексеру жүргізу Бойын өлшеу Мақсаты: физикалық дамуын бақылау. Керекті құрал-жабдықтар: бой өлшегіш, дәке, клеенка, қолғап. 1. Қолымды жуып, кептірдім, қолғап кидім. 2. Бой өлшегіштің үстіне клеенка төседім. 3. Бой өлшегіштің жанында тұрдым және қозғалмалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейде көтердім. 4. Әйелдің бой өлшегіш үстіне тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін жауырынның, желкесін тигізуін сұрадым. 5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын әйелдің төбесіне дейін түсірдім. 6. Әйелден бой өлшегіштің үстінен түсуін сұрадым. 7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан бойын анықтадым. 8. Әйелге өлшеудің нәтижесін айттым. 9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгіледім.. 10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсыздандыру ерітіндісімен 2рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15мин өткізіп сүрттім. 11. Қолғабымды шешіп, қауіпсіз жоюға араналғанконтейнерге тастадым. 12. Қолымды жуып кептірдім. Дене салмағын өлшеу Мақсаты: физикалық дамуын бақылау, артық салмақ, салмақ жеткіліксіздігін, жасырын ісікті анықтау. Керекті құрал-жабдықтар: Салмақ өлшейтін таразы, клеенка, қолғап. 1. Процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алдым. 2. Дене салмағын өлшеуді белгілеген бір уақытта (таңертен аш қарынға) жүргіздім. 3. Қолымды жуып, кептірдім, қолғап кидім. 4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керектігін қадағаладым. 5. Таразының алдына клеенка төседім. 6. Әйелге таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсындым аяқ киімді шешуді сұрадым. 7. Шкала бойынша таразының көрсетілімін белгіледім. 8. Алынған нәтижені жаздым. 9. Әйелге өлшеу нәтижесін хабарладым. 10. Оған таразыдан абайлап түсуге көмектестім. 11. Клеенканы жинап алдым, оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2рет аралығында 15мин тазарттым. 12. Қолғаптарды шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 13. Қолымды жуып, кептірдім. Анамнез жинау тәртібі I.Паспорт бөлімі: 1. Төлқұжат бөлімі: аты – жөні, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен – жайы. 2.Әйелдің шағымы: а) ауруы қалай аурады, қайда беріледі; б) ақ бөлінді жыныс мүшесінен бөлінетін бөлінді туралы; в) етеккір қызметі бұзылыстары; г) айналасындағы көрші мүшелердің қызметінің бұзылуы; д) жүрегінің айнуы, құсуы; II. Өмір анамнезі (anamnesis vitae): 3. Тұрмыс жағдайы 4. Тұқымқуалаушылық; 5. Жолдасының денсаулығы; 6. Бұрын ауырған аурулары: бала кезінен бастап, өсе келе ауырған аурулары, операция, аллергия, гемотрансфузия. III. Акушерлік – гинекологиялық анамнез: 7. Етеккір функциясы: қашан алғаш рет келді, цикл неше күн, сипаты, көлемі, ауырсынуы, қан мөлшері, соңғы етеккірі. 8. Без функциясы (жыныс мүшесінің бөліндісі туралы). 9. Жыныстық қатынас өмірі: қай жастан бастап жыныстық қатынаста болғанын, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезде қан көрінема, ауырсыну болама? 10. Бала туу қызметі: неше рет жүкті болды, неше рет босанды, жүктіліктің ағымы, жасанды түсіктердің саны, олардың асқынуы және әрбір жүктіліктегі нәрестенің салмағын, жынысын анықтайды. 11. Айналасындағы көрші мүшелердің функциясы: кіші дәреті мен үлкен дәреті туралы. 12. Жыныс мүшелерінің аурулары: бұрын жыныс мүшелері ауруы болдыма . IV. Ауру анамнезі (anamnesis morvi): 13. Жыныс мүшелерінің ауруларының анамнезі: қазіргі ауруы туралы. А) аурудың басталған уақыты; Б) пайда болу себептері; В) емделуі және нәтижесі. V. Болжамды диагноз қойылады: Әрі қарайобъективті тексеру басталады. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ________________ 2021 ж. ”25” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы :Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 26.05.21
1.Жасырын ісікті анықтау. 1. Жүктіліктің II жартысында жүкті әйел апта сайын 350-400г салмақ қосып отырады, егер одан артық болса онда патологиялық салмақ қосу деп атайды. 2. «Сақина» сынағы – саусаққа киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде сыймай қалуы. 3. Мак – Клюри – Олдрич сынағы – 0,2мл физ.ерітіндіні әйелдің білезік тұсының тері астына шприцпен жібергенде пайда болатын «күлдіреу» қалыпты жағдайда 40-45мин сіңіп жоқ болады, ал жасырын ісікте тез арада 15-20мин сініп кетеді. 4. Тәуліктік зәр мөлшерін өлшеу. Әдетте жасырын ісік кезінде оның мөлшері азаяды. (900мл – 80 ден кем) 5. Саусақтардың ұшымен балтырдың ішкі қырын басып қарағанда шұңқыр іздердің орны қалуы, денеде ісік барлығын көрсетеді. 2. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде шұғыл мед.көмек көрсету. Мақсаты: Преэклампсияның ауыр дәрежесінде шұғыл көмек көрсету. Көрсетілуі: Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Мүмкін болу асқынкулар: талма, эклампсия комасы. Қажетті құралдар: муляж, 25% магнезия сульфаты, шприц 20мл, 500мл физиологиялық ерітінді, көктамырдан айдайтын бір реттік жүйе, спирт, мақта, жгут. Іс – қимыл әрекеті: 1. Мына белгілердің бірі болса: «преэклампсияның ауыр дәрежесі» деп диагноз қойыңыз: бас ауруы, эпигастрия тұсындығы ауырсыну, көз көруінің нашарлауы, көздің алдында шіркей ұшуы, жүрек айну, құсу белгілері қан қысымының көтерілуімен (140/90 мм с.б және одан жоғары) және протеинуриямен қатар кездессе. 2. Пациенттің жанынан кетпей, бос персонал арқылы реанимация бригадасын шақыру. 3. Сонымен қатар мына шараларды жүргізу: Жүкті әйелді тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына бұру, зақымданбауын қамтамасыз ету. Көк тамырдан 25% - 20,0мл магнезия сульфатының бастапқы дозасын 10-15мин бойы жіберу. 4. 320мл физ.ерітіндіге 80мл – 25% магнезия сульфатын қосып, көк тамырдан жіберіп бастау. 5. Қан қысымы 160/100мм с.б және одан жоғары болғанда, қан қысымын нифедепин 10мг тіл астына салып, 30мин соң қайталау керек. ( қан қысымы 130/90 – 140/95мм с.б бойында ұстап отыру) 6. Қан қысымын бақылай отырып және магнезиальды терапияны жалғастыра отырып, пациентті носилкамен жақын жердегі перхентхананың реанимация бөліміне тасымалдау керек. 3.Эклампсия талмасындағы шұғыл көмек. Мақсаты: эклампсия талмасында шұғыл көмек көрсету. Көрсетілуі: Эклампсия талмасы. Мүмкін болу асқынулары: талманың қайталануы, эклампсия комасы. Қажетті құралдар: муляж, 25% магнезия сульфаты, шпатель, тілұстағыш, шприц 20мл, физиологиялық ерітінді 500мл, көктамырдан айдайтын бір реттік жүйе, спирт, мақта, жгут. Іс – қимыл әрекеті: 1. Талма кезінде жүкті әйелдің жанынан кетпей тұрып, бос персонал арқылы ренимация бригадасын шақыру. 2. Сонымен қатар мына шараларды жүргізу: Жүкті әйелді тегіс жерге жатқызып, бысын бір жағына бұру, зақымданбауын қамтамасыз ету. Ауыз қуысын шпательдің немесе ас қасықтың сабымен дәкеге оралған, ашып, тілұстағышпен тілін тарту. Алғашқы дем пайда болғанда ауыз қуысын сілекейден тазалау, ауа жетуін қамтамасыз ету. Талма аяқталғасын көк тамырдан 25% - 20,0 магнезия сульфатының бастапқы дозасын 10-15мин бойы жіберу. 3. 320мл физ.ерітіндіге 80мл – 25% магнезия сульфатын қосып көктамырдан жіберіп тастау. 4. Қан қысымын бақылай отырып, магнезиальды терапияны жалғастыра отырып, әйелді носилкаға салып, жақын жердегі перзентхананың реанимация бөліміне жеткізу. 5. ЕСКЕРТУ: Магнезия сульфатының дозасы мөлшерден тым асып кетсе 10% - 10,0 глюконат Са көк тамырдан 10мин бойы жіберу керек. Эклампсия талмасында әйелдің жағдайы тұрақталғасын, талма басталғаннан 12сағат ішінде босандыру қажет. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ________________ 2021 ж. ”26” мамыр Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 27.05.21
Жүкті әйел патронажы Патронаж – медицина қызметкерінің үй жағдайында сауықтыру алдын – алу шараларын жүргізу. Жеке бас гигиенасын сақтауды енгізу және тұрмысына санитарлық – гигеналық жағдайды жақсарту. Жүкті әйелдің патронажы – жүктіліктің диспансерлік бақылау жүйесінің бөлігі. Жүкті әйел есепке алынғаннан кейін және жүктіліктің 32 аптасында акушерка немесе мейірбике екі рет патронаж жасайды. Одан басқа жүкті әйел белгіленген уақытта үш күн ішінде дәрігер тексеруіне келмегенде патронаж жүргізіледі. Акушерка немесе мейірбике тонометр мен стетоскоп алып жүреді. Яғни үйіне жатырішілік ұрықтың жүрек соғысын тыңдап дәрігер тексеруіне шақырады. Сонымен қатар жүкті әйел стационарлық емнен бастартқанда дәрігер үйде ем жағдайында тағайындап оның орындалуын қадағалап отырады. Медицина қызметкері патронаж кезінде тамақтану демалыс, жеке бас гигиенасы туралы нұсқаулар береді. Туу көрсетіші жоғары болса көп босанушы әйелдер басым аймаққа арнайы патронаж акушеркасы бөлінеді. |