Алдабергенова Улдай Акушеррр. Атырау жоары медициналы колледжі
Скачать 75.22 Kb.
|
Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 01.06.21
Босанғаннан кейінгі патронаж Босанған әйел жаңа туған сәбиді медициналық тұрғыда жүйелі бақылау болып табылады. Бұл патронаж босану күннен шыққан соң алғашқы 2-күннің ішінде, егер босану асқынып өтсе – дәрігер, ал егер босану қалырты өтсе – акушрка немесе мейірбике жүргізеді. Босанғаннан кейін патронаждың мақсаты үй жағдайында сауықтыру мен алдын – алу шараларын жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін үйрету, тұрмыстық санитарлық – гигиеналық жағдайды жақсарту. Босанудан кейінгі патронажды уақытылы жасау үшін әйелдер консультациясы босанатын стационармен тұрақты байланыста болу керек. Перзентханадан босанған әйелген екі шығару қағазын береді. Біреуі әйелге, екіншісі балаға арналған. Біріншісінде жүктілік қалай өтті, асқынулар болды ма, болса қандай және дәрігер қандай жағдайға маңызды көңіл аудару керек туралы мәліметтер болады. Осы шығару қағазы әйелдер консультациясына беріледі. Акушер-гинеколог шығару қағазын алғаннан соң патронаж жасайды. Анасының жағдайын алғашқы 3 күнде, алғашқы бірінші айында 1 рет патронаж жасалынады. Әйелдер консультациясында мекен-жайы бойынша тіркеуде болса, жүктілік картасын уақытша тіркеуге алады. Босанудан кейінгі 42 күннен соң медициналық мекемеден тіркеуден шығарылады. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы ______________ 2021 ж.’’1” маусым Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”_____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 02.06.21
Сыртқы жыныс мүшелерін тексеру Мақсатым: шаш шығудың түрлерін, жыныс саңылауының көлемін және симметриясы, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылысын, бөлінулердің сипатын, патологиялық үрдістердің болуын, зәр шығару каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының түрін, бұтаралықты және артқы өтісті қарау. Көрсетілімім: алдын-ала қарау, гинекологиялық ауруды қарау және жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі. Қажетті құралдарым: гинекологиялық кресло, жеке жаялықтар, бір рет киетін стерильді қолғаптыр, сабын, орамал. Іс - әрекет алгоритмім: 1. Өзімді таныстырып, әйелге осы тексерудің маңызын түсіндірдім және келісімін алдым. 2. Әйелді гинекологиялық креслоға, астына таза жаялық төсеп, аяқтары тізе және жамбас сан буындарында бүгіліп, ашылған күйінде жатуына көмектестім. 3. Қолдарымды жуып, қолғап кидім. 4. Сыртқы жыныс мүшесін қарадым. 5. Қасаға оның формасына, тері асты майын, түктену ерекшелігін (еркекше, әйелше, аралас). Санның ішкі беті – қызару, ісіну, жара, ісік, жыныс саңылауының жабылуы, екі аралық, тік ішек ауызы. 6. Сол қолыммен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашып, қынаптың кіреберіс және кіретін жерін шырышты қабықтың түсін, зәр шығару каналының сыртқы тесігін және шүрті мен үрпіге – түріне, үрпінің кілегей қабатына, бөліндісіне; бартолин бездерінің шығаратын жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының түрін, бөлінулердің сипатын қарадым. 7. Қолғабымы шешіңіз, оны ҚҚҚ салып, қолымды сабынмен жуып, орамалмен құрғаттым. Қынапты айнамен тексеру Мақсаты: 1. қынап, жатыр мойны кілегейінің түсін анықтау. 2. жатыр мойны пішінін анықтау. 3. жатыр мойнының сыртқы жұтқыншағының пішінін анықтау. 4. қынап, жатыр мойны шырышты қабаттарының өзгерістерін, жара, өсінділерді анықтау. 5. жыныс мүшесінен бөлінген сұйықтық сипаты мен мөлшерін бағалау. Қолданатын құралдар: гинекологиялық кресло, қынаптық қос жақтаулы айна (Куско айнасы), немесе қасық тәрізді және көтергіш қынаптық айналар, залалсыздандырылған перчаткалар, бір реттік жайма, дез ерітінді, қауіпсіз жоюға арналған контейнер. Іс әрекет алгоритмі: 1. Әйелге тексеру қажеттілін түсіндіріп, келісімін алдым; Гинекологиялық креслоның үстін дез ерітіндімен сүртіп, бір реттік жайманы жайдым; 2. Әйелді шешіндіріп, гинекологиялық креслога шалқасынан, аяқтарын тізе, жамбас буындарында бүгіп жатқыздым. 3. Қолымды жуып, өңдеп,қолғап кидім; 4. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, оң қолымаа ұстаған қос жақтаулы айнаны, сабын шапқа бағыттай ұстап еппен қынапқа енгіздңм де, сабын екіаралыққа қарай бұрып түсірдім. Айнаны ашып,тексеру жүргіздім. Қасық тәрізді және көтергіш айналарды қолдану тәртібі: 1. Ең бірінші қасық тәрізді айнаны оң қолымен сабын шабқа бағыттап ұстап, қынапқа енгіз де сабын екіаралыққа қарай бұрып түсірдім. Айнаны сол қолыма ауыстырдым. 2. Оң қолыма көтергіш айнаны алып, жоғарыдағы тәсілмен сабын шабқа бағыттап ұстап қынапқа енгіздім де, сабын жоғарыға – қасағаға бағыттап бұрдым. 3. Айналарды бір – біріне қарсы бағытта жаймен тарта отырып қынапты ашып тексердім, - Қалыпты жағдайда қынап, жатыр мойны кілегейінің түсі қызғылт, таза, жылтыр болады. Көгілдір түс – жүктілік белгісі; қызарып, ісіп тұру – қабыну белгісі. - Жыныстық жетілген әйелде жатыр мойны – цилиндр тәрізді, жыныстық жетілмеген, инфантилді әйелде – конус тәрізді болады. - Жатыр мойнының сыртқы жұтқыншағы бұрын бала туған әйелдерде көлденең саңылау тәрізді, ал тумаған әйелдерде дөңгелек нүкте тәрізді болады. - Жыныс мүшесінен бөлінген сұйықтық түссіз, иіссіз болуы керек. 4. Айнаны қынаптан шығарып және дез.ерітіндіге салдым; 5. Әйелдің орнынан тұруға көмектестім; 6. Қолғапты шешіп, қолымды жуып, өңдедім. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы _______________ 2021 ж. ”2” маусым Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”_____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 03.06.21
Бактериоскопиялық жағынды алу Мақсатым: ауру қоздырғыштары мен қынап тазалығын анықтау үшін, барлық әйелдерден алынады. Керекті құралдарым:қынаптық айналар, заттық шынылар, стерильді шариктер, корнцанг, Фолькман қасықшасы - 2, лабораториялық қарындаш, спирт, резин қолғап Іс - әрекет алгоритмім: 1. Әйелге жүргізілетін тексерудің қажеттілігін түсіндіріп, келісімін алдым; 2. Лабораторияға жолдаманы толтырдым; 3. Гинекологиялық креслоның үстін дез ерітіндімен сүртіп, бірреттік жаялық төседім; 4. Заттық шыныны спиртпен сүртіп алып,лабораториялық қарындашпен «U», «C», «V» деп үшке бөліп, белгілеп, дайындап алдым; 5. Әйелдің гинекологиялық креслоға жатуына көмектестім; 6. Қолымды өңдеп, перчаткамды кидім; 7. Сұқ саусағымды әйелдің қынабына енгізіп, алдыңғы қабырғасы арқылы уретра бойына массаж жасадым. Алғаш бөлінген сұйықтықты мақта шаригімен сүртіп алып, келесі сұйықтықты Фолькман қасықшасының бір жағымен уретраның кілегейін жеңіл қырып алдым да оны заттық шынының “U” бөлігіне дөңгелектеп, жұқалап жақтым 8. Қынаптық айнаны қынапқа енгізіп, жақтауларын ашып, жатыр мойнының өзегін стерильді шарикпен сүртіп, Фолькмон қасықшасының екінші таза жағын 1,5 см тереңдікте енгізіп, өз осьінде айналдыра жағынды алып, заттық шынының « С» бөлігіне дөңгелектеп, жұұалап жақтым; 9. Екінші Фолькман қасықшасының бір ұшымен қынаптың артқы күмбезінен жағынды алып, заттық шынының «V» бөлігіне дөңгелектеп, жұқалап жақтым; 10. Қынаптан айнаны шығарып, дез. ерітіндіге саладым; 11. Қолғапты және қолданылған аспаптарымды «Б» класына саладым; 12. Әйелдің тұруына көмектестім. 13. Қолымды өңдеп, жағындыны жолдама мен бірге лабораторияға жібередім. Цитологиялық жағынды алу Мақсаты : Атипиялық клеткаларды анықтау Құрал-жабдықтар: гинекологиялықкресло, Куско айнасы, пинцет, 4-6 дәке тампондары, заттық шыны, Cerbix– brush қаптамада, стерильді қолғап. Іс -қимыл әрекеті: 1. Пациенттен тексеруге келісімін алдым. 2. Гинекологиялық креслоға жеке клеенка немеме стерильді пеленка төседім. 3. Пациентке креслоға жатуға көмектестім. 4. Қолымды өңдедім. 5. Лотокке қолғапты, Куско айнасын , пинцет 4-6 дәке тампондарын салдым. 6. Заттық шыныны дайындадым (жу, сүрту, спиртпен немесе эфирмен құрғату), Cerbix– brush қаптамада. 7. Стерильді қолғап кидім. 8. Куско айнасын оң қолға ұстадым. 9. Сол қолдың сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін аштым. 10. Қынаптық айнаны жабық күйінде тігінен қынаптың ортасына дейін енгіздім. 11. Айнаны көлденең бұрып, қынап күмбездеріне дейін енгіздім. 12. Айнаның жақтауларын аштым. 13. Айнаны бекіттім. 14. Қынап қабырғаларын, жатыр мойнын тексердім. 15. Жұмсақ мақта тампонымен жатыр мойнының бетіндегі шырышты ақырын сүртіп алдым. 16. Cerbix – brush қаптамасын аштым 17. Cerbix – brush-ты қынапқа енгізіп, оны конусын ақырындап цервикальды каналға бағыттадым. 18. Цервикальды каналға енгізген Cerbix – brush-тың конусын 5 рет толық айналдырады, оның үшеуі сағат тілі бағытымен, екеуі сағат тіліне қарсы. 19. Cerbix – brush-ты қынаптан шығардым. 20. Cerbix – brush- тың шеткасының бойындағы жағындыны заттық шыныға жақтым. 21. Жағындыны фиксатормен бекіттім. 22. Айнаны босаттым. 23. Айнаны шығардым. 24. Айнаны дез.ерітіндіге салдым. 25. Пациенттің тұруын сұрайды, гинекологиялық креслоны дез.ерітіндімен сүртіп алдым. 26. Перчатканы шешіп ҚЖАК салдым. 27. Қолды сабынмен жуып, антисептикпен өңдеп,құрғаттым. Білім алушының қолы : Алдабергенова Улдай Джалғасқызы _______________ 2021 ж. ”3” маусым Диплом алдындағы практиканың тікелей жетекшісі:Нақпаева А.Ж Білім алушы мадақтамалары мен жазбалары:______________________________ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:______ Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы:_____________ 20___ж. “____”_____________ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынжәне практика базаларыретінде кәсіпорындары (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2- қосымша Диплом алды практикадан өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы :Алдабергенова Улдай Джалғасқызы 04.06.21
Қынапты булау Мақсаты: Емдік Көрсетілуі: қынап пен жатыр мойныныңқабынуаурулары: кольпит, эндоцервицит Қарсы көрсетілуі: ішкі жыныс мүшелерінің өткір қабыну аурулары. Жатырдан қан кетулер, менструация, жүктілік Керекті құралдар: стерильді перчаткалар, қос жақтаулы қынаптық айна, емдік ерітінді, дәке шариктері, корнцанг. Іс - қимыл алгоритмі: 1. Гинекологиялық креслоға пеленка төсеп, пациентті жатқыздым. 2. Екі қолға стерильді перчатка кидім. 3. Қынапқа қос жақтаулы айнаны енгізіп, ашып және бекіттім. 4. Жатыр мойны мен қынап қабырғасын шығарып алдым. 5. Қынапқа емдік ерітіндінің бірінші порциясын құйып, төгіп тастадым. 6. Ерітіндінің екінші порциясын құйып, қынапқа10-15 мин қалдырдым. 7. 10-15 мин соң ерітіндіні қынаптан төгіп тастадым. 8. Стерильді құрағақ шариктермен қынап қабырғаларын құрғаттым. 9. Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, қынаптық айнаны шығардым. |