БАЕҚ бар балаларға математиканы оқытудың ерекшеліктері. Аубакирова Анель дф31
Скачать 28.52 Kb.
|
Аубакирова Анель ДФ-31 Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға математиканы оқытудың ерекшеліктері Қыдырманова Алтын Нуретовнаның «Көмекші мектеп оқушыларына математиканы оқытудың ерекшеліктері атты» мақалада оқушыларды оқу материалын игеру мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа бөледі: 1-топ. Фронтальды оқыту үдерісіне бағдарлама материалын жете меңгерген оқушылар. Олар барлық тапсырмаларды орындау барысында қиналмайды. Өйткені олар тәжірибеге сүйене отырып, жаңа жұмысты дұрыс орындайды. Өзгерткен тапсырмаларды алып кете алады, жасаған жұмыстарына қорытынды жасай алады. Күрделі тапсырмаларда ғана үлкендер жағынан аздаған көмекті қажет етеді. 2-топ.Оқушылар бағдарламаның негізгі талаптарын әрен орындайды, оқыту барысында бұл балалар бірінші топтағы балаларға қарағанда едәуір қиыншылықтар көреді. Олар негізінде мұғалімнің айтқанын түсінеді, өткен материалды есіне сақтап алады, қарапайым жинақтап қорытуда және тұжырымдауда көмексіз жұмыс жасай алмайды. Олар барлық түрдегі жұмыстарды орындауда мұғалімнің көмегін қажет етіп отырады. Бұл топтағы оқушылар өз істері жайлы түсіндіруі анық емес, жинақтап қорыту деңгейі төмен. 3-топ. Оқушылар жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады, әрі әр түрлі көмектерді қажет етеді.(Сөздік, атап айтсақ, сөздік логикалық, көрнекілік және заттық-практикалық). Сонымен қатар бұл топтағы балалар қайта түсіндірілген материалды түсінбейді. Оларға оқытылған тақырыптың басты ойын анықтау қиын. 4-топ. Балалар жеке бағдарламамен жұмыс істейді. Олар жұмыстың мазмұнын түсінбейді. Оларға білім беру аз көлемде белгіленеді, аз мөлшерде тапсырма беру керек, өз қатесін көрмейді, олар өз жұмысын қорыта алмайды. Бұлардың басқа топтардан бір ерекшелігі тез қабылдайды және тез ұмытады. Осындай жоғарыда айтылғандай біздің көмекші мектептерде оқушылар 4-топқа бөлініп оқытылады. Ақыл-ойы кем оқушыларға арналған арнайы коррециялық мекемелерде көмекші мектептерде осы жағдайда және қағидаларды ескере отырып ақылы - ойы кем балаларды оқытуда олардың білімі мен біліктілігін бағалауда ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Көмекші мектеп оқушыларын математикаға оқыту механикалық болмау керектігін ескеру қажет. Олар білімді саналы меңгерулері тиіс. Заттық, көрнекі негізден тиімді математикалық ұғымдарды қалыптастыруға өтіп, оқушыларды жалпылауға апарып және оның негізінде практикалық жұмыстарды орындау керек. Көмекші мектепте математика сабағында дидактикалық ойындарды кеңінен қолданады. Дидактикалық ойындарды кез-келген тақырыпты бекітуде қолдануға болдаы. Кең тараған ойындар «Қызықты санамақ», «Тірі сандар», «Дүкен» т.б. Сонымен қатар жұмбақ, жаңылтпаш әдістемесін қолдануға болады. Жаңылтпашты мысалдар жүйесі ретінде: сан ұғымын қалыптастыру үшін. Мысалы, «Ондық» оқыту барысында 1,2,3,4 сандарын үйретуде келесі жаңылтпашты алуға болады. «Бір ақ шымшық, екі ақ шымшық, үш ақ шымшық, төрт ақ шымшық».Шымшықтардың суретін тақтаға іліп, жаңылтпашты айтқыза отырып, оларды оқушыларға санатқызу керек. Балалар әрқашан жұмбақты бар ынтасымен шешеді. Жұмбақтар- логикалық жаттығулар, балалардың дұрыс ойлауын қалыптастыруға көмектесетін құралдардың бірі болып есептеледі. Логикалық ойлау туралы айтқанда , біз мазмұны жағынан объективті шындыққа сәйкес келетін ойлау туралы айтамыз. Біздің жағдайымызда жұмбақты пайдаланғанда мынаны ескеруіміз керек: жұмбақтың мазмұнында математика элементтері болуы тиіс. Көбінесе мұндай элементтер сан болады және ол жұмбақтың шешуін іздестірудің белгілерінің бірі болып келеді. Кейбір жұмбақтарда математикалық қатынастар немесе жауабы математикамен байланысты термин болуы мүмкін. Математикалық мазмұнды жұмбақтарда зат сандық, кеңістік, уақыттық тұрғыдан талданады, қарапайым математикалық қатынастар белгіленеді. Жұмбақтарды танымдық оқыту құралы ретінде математика сабақтарында мұғалім мынадай мақсаттармен пайдаланады. сан ұғымын қалыптастыру; уақыт, мезгіл ұғымдарын қалыптастыру; кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру; мөлшерлік қатынастарды түсіндіру үшін. Жұмбақтар сабақтың мақсаттарына және оқушылардың даму деңгейіне сәйкес таңдалып алынады.Әдістемелік жағынан дұрыс және орынды пайдаланылған материал оқушылардың логикалық ойын, байқағыштығын, тапқырлығын дамытуға ықпал етеді, математикалық білімге қызығушылығын арттырады, кез-келген есепті шығарудың жолдарын іздестіру білігін қалыптастырады. Н.А. Имашеваның«Көмекші мектепте математикаға оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлері» атты мақаласында математика пәнінің негізгі 9 талаптарын айтып өткен. Олар: 1.Ақыл-есі кем балалар жаңа сабақты өте баяу игергендіктен әр сыныптың бағдарламасы салыстырмалы түрде аз ғана көлемде беріледі. Мысалы,1 сыныптағы оқушылар 10-ға дейін сандарды игеріп, азайту және қосу амалдарын қолдануды үйренеді және тек 10-ға дейін ғана. Ұзындықты өлшеу 1 сыныптан басталып, 8-9 сыныптарға дейін қайталанып отырады. Бөлшектер бағдарламасы 4 сыныптан басталып, 8-9 сыныптарға дейін қайталанады. 2.Бағдарламаны оқушыға дұрыс игерту үшін даярлық жаттығулар қолданылады, сондай – ақ өткен тақырыпты қайталап отыру да септігін тигізеді. 1 сыныпта оқушыларды тіктөртбұрыш пен таныстырсақ, оны сызуды тек 2-ші сыныпта үйретеміз, ал 3-ші сыныпта осы фигураның элементтерімен яғни, бұрыш және қабырғалармен таныстырамыз. 4 сыныпта сызғыштың көмегімен сызуды, ал 5 сыныпта «диагональ» ұғымымен, 6-7-8 сыныпта тіктөртбұрыштың ауданымен таныстырамыз. 3.Ақыл- есі кем балалардың қалыптасқан түсініктен ұқсас заттарды немесе белгілерді шатастыру қасиетін ескеріп, мұғалім сол заттар мен белгілердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату дағдысымен балаға жақсы түсіндіруі қажет. Мысалы, қосу амалы, азайту амалына қарама-қарсы, ал көбейту,бөлу амалына қарама-қарсы . Міне , осындай қарама қарсылықтарды түсіндіру арқылы мұғаліс балаға «айырмашылық» ұғымын түсіндіреді. 4.Түзету мектебінің VIII түрінде оқитын оқушылар өте баяу түсініп, сонымен қатар өте тез ұмытуға бейім болғандықтан, оқу бағдарламасындағы жаңа сабақтар аз мөлшерде бөлінеді және сол сабақтарды үнемі қайталап, еске түсіріп тұрумен ерекшеленеді.Әр оқушы жаңа сыныпқа өтіп отырғанымен, яғни жоғарылаған сайын болсада, жыл басында төменгі сыныпта өткен материалдар міндетті түрде қайталанып отырады. Қайталау барысында өткен тақырыптар шамалы күрделеніп отырады. Мысалы, 4 сыныпта «жүздіктер» тақырыбын қайталағанда оқушылар бірліктерді, ондықтарды, жүздіктер разрядын еске түсіреді. Ал 5 сыныпта «санды дөңгелектеу»тақырыбымен қоса , көбейту, бөлу кестесін, қалдықпен бөлуді еске түсіреді. 5.Ақыл-есі кем балалардың жан-жақты , абстрактілі ойлау қабілетінің төмендігін ескере отырып, сабақтың көрнекілікке бай, дидақтикалық материалдарменөткені дұрыс. Себебі мұндай балалардың елестету қабілеті төмен болғандықтан кейбір есептерді мүлдем түсінбеуі мүмкін. 6.Түзету мектебінің өз алдына қойған мақсаттарының бірі – оқушыларды болашақ өз бетінше өмірге даярлау , яғни маман иесін даярлау болып табылады. Сондықтан оқу бағдарламасында практикалық дағдыны жоғарылатуға көп сағат бөлінген. 7.Практикалық дағдыны қалыптастыру үшін балаларға теориялық білімді нығайтуқажет. 8.VIII түрінде мектеп оқушыларныңы қабілеттері бірдей еместігін ескеріп, оқу талаптарын дифференциациялап, математика пәнін оқытуды түрлі категорияларға бөлген. Жалпы алғанда бағдарлама оқушылардың көпшілігіне өте түсінікті болып келеді. Бірақ практика және арнайы зерттеулердің нәтиждесі бойынша әр сыныпта математиканы игеруде өз құрдастарынан артта қалатын, үлгермейтін оқушылардың бар екенін көрсетеді. Оқу талаптары оларға өте қиын, түсініксіз болады, мұғалімнің бір рет түсіндіргенін ұқпайтындар да кездескен. Мұндай оқушылар қабілетіне сай жаңға бағдарламалар құрастырылған және мұғалім де әр оқушының жеке ерекшелігіне сай есептер беру арқылы балалардың оқуға деген ынтасын көтереді. 9. Бағдалама түзету мектебінің мұғаліміне тек математиканы түсіндіріп қана қоймай,түзете-дамытуға талап қояды. 0-1 сыныпқа оқушылар түрлі дайындықпен қабылданғаныны ескеріп, олап бастапқыда жалпы мектепте, балабақшада, еш жерде оқымай немесе емдеу мекемелерінен келеді, сабақ дайындық, яғни пропедевтикалық кезеңненбасталады. Пропедевтикалық кезеңде оқушыларға заттар туралы түсініктер және олардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастырамыз. Мысалы, үлкен-кіші, тең, көп-аз, ұзын-қысқа, және т.б. Кеңістікті көз алдына елестету: алыс-жақын, үстінде-астында, оң-сол, мөлшерлеу түсінігі: көп-аз, бірдей; уақыт мөлшерін түсіну: бүгін, кеше, таңертең, кешке, түн. "Арнайы мектепте мәтіндік есептерді шығару" атты А.Н. Рамазанованың мақаласында мәтіндік есептерді шығару білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытуда үлкен түзету және тәрбиелік рөл атқаратындығын атап өткен. Математикалық мәтіндік есеп – бұл кейбір шамалардың мәндері енгізілетін және шартта көрсетілген белгілі бір арақатынастар бойынша деректерге байланысты шамалардың басқа, белгісіз мәндерін табу ұсынылатын біртұтас қысқартылған әңгіме. Жеткілікті түрде оқи алмағандықтан, оқушылар есептің мазмұнын түсінбейді. Осыған байланысты мақсатты жұмысты жүргізу қажет. Есеп шешу кезінде оқушылардың өмірінен және олардың жақын ортасынан алынған фактілерді пайдалану ұсынылады. Бұл жергілікті материалға негізделген сандық деректер болуы мүмкін: газет деректері, егін жинау деректері, балалардың тамағына жұмсалған мектеп шығындары, ғимараттарды жөндеу, дүкендердегі бағалар жәнет.б. Осындай сабақтарда оқушылар дүкендегі негізгі өнімдерін бағасын біледі, белгілі бір сомаға алатын азық -түлік, бір күндік ас мәзіріннің құның, комуналдық қызметтердің (су, жылу, кәріз) төлемдерді есептейді Мысалы: Отбасында 4 адам. Суық су есептегіші орнатылмаған жағдайда айына қанша төлеу керек? Есептегіш қойсаңызсу үшін төлем қалай өзгереді? «Эксперт» дүкенінде электр тауарларына жеңілдіктер 10% құрайды. Теледидардың бағасы 50000 теңге болса, жеңілдікпен қанша тенгеге алуға болады? Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытуда үлкен түзету және тәрбиелік рөл атқарады. Есептер шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау мен жүргізілетін кезеңді талап етеді. |