Главная страница
Навигация по странице:

  • Психологиялық теория.

  • 2. Өнімнің және қызмет көрсетудің сапасы

  • Өнім сапасы

  • 3. Сапа басқару эволюциясы.

  • . 1920ж

  • 4. Сапаның берілген деңгейі.

  • 5. Аккредиттеу принциптері.

  • 6. Аккредиттеу мақсаттары.

  • 7. Аккредиттеу жүйесінің құрылымы.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті

  • Уәкілетті органныңқұзыреті

  • Аккредиттеу жөніндегі орган

  • Аккредиттеу субъектілері

  • Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

  • 8. Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері.

  • Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері мынадай кезеңдер арқылы жүргізіледі

  • аккредиттеу. 1блок. Сапаа жетуді проблемалары


    Скачать 116.09 Kb.
    Название1блок. Сапаа жетуді проблемалары
    Анкораккредиттеу.docx
    Дата08.05.2018
    Размер116.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааккредиттеу.docx
    ТипДокументы
    #19035
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    1-блок.

    1.Сапаға жетудің проблемалары. Сапа- тұтынушының барлық талаптарын максимал дәл анықтау және қанағаттандыру. Сапаға жетудің сатылары мен проблемаларын және оның талаптарын Деминг, Крозби, Джуран, Тагуди т.б көптеген жапон және ағылшын ғалымдары зерттеген болатын. Мысалы, сапаға жетудің өндірістік проблемаларына:

    1. Жүйенің теориясы: кез келген өндірістік прцесті өте көп компоненттерден тұратын күрделі жүйе ретінде қарастыру:

    • Барлық компоненттер ұмтылатын стратегиялық мақсатқа сәйкес болуы керек

    • Жұмыскер жүйенің жұмысын толық түсінуі керек

    • Проблемаларды уақытысында шешу керек. Жүйенің бір компонентке әсері ол екінші компонентке кері әсер етуі мүмкін.

    1. Психологиялық теория. Кез келген өндірістің компоненті адам. Сондықтан адамдарға психологиялық көмек көрсету.

    2. Білім теориясы. Өндірістегі барлық шешімдерді нақты фактілерге сүйеніп қабылдау керек. Ақпараттарды талдау, басқарудағы жүйелердің өзгерістерін жүйеге қалай әсер ететіндігін түсіндіру.

    3. Жұмысшыларды үйретудің жоспарны жасау қажет.

    4. Ауытқу теориясы. Белгіленген диапазонда план бойынша тауарлар жасау керек. Бірдей детальдар жасау мүмкін емес, сондықтан кез келген өндірісте белгілі межеден аспаса сапалы өнім болады. Кез келген жұмыскер ауытқу теориясын білуі керек.

    Сапаны эффективтілігін басқарудың негізгі және бастапқы жағдайлары:

    1. кез келген өнімнің нақты қолданылуы

    2. өнімді стау және қызмет көрсету бағасы.

    2. Өнімнің және қызмет көрсетудің сапасы

    Сапа – объектіні  белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі. Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.

    3. Сапа басқару эволюциясы. Сапа басқару эволюциясының дамуын 1900- 1980жылдар аралығында көрсетуге болады. 1900ж- әрбір жеке адам үшін сапа басқару кезеңі болып табылады, яғни бұл кезде адамдардың әрқайсысының пайдаланған заттарымен ғана оны бағалау мүмкін болды. 1920ж- шағын, кішігірім цехтардың пайда болуымен сол жердегі жұмысшылар мен өндіріс деңгейімен, яғни өндірілетін тауарлар тек өндіріс ішінде бақыланды. 1930ж- бастап өндірістегі тауарларды сатуға шығару кезінде бақылана бастады, яғни өндірістен кейінгі оны пайдалану, тұтыну кезіндегі сапаны бағалау пайда болды. 1960ж- бастап өндірістен шыққан тауарларды пайдалану, тұтыну мүмкіндігіне байланысты статистика жүргізіле бастады, 1980ж- бастап сапаны комплексті бағалау пайда болды. Осылайша сапа басқарудың жаңа кезеңі пайда болды. Комплексті басқару дегеніміз өнімнің, көрсетілетін қызметтің күрделілігіне байланысты оны кешенді түрде басқару.

    4. Сапаның берілген деңгейі.

    Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

    Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

    өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);

    тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

    есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;

    органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

    социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

    сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

    Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

    Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

    •   сұрыптылығы;

    •    маркасы;

    •    жүктелімі;

    •     пайдалы заттың мазмұны;

    •  өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке  көрсеткіштер  тым  әр  түрлі  және  не  ол,  не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

    5. Аккредиттеу принциптері.

    Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім. Аккредиттеу принциптері:

    1) еріктілік;

    2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

    3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

    4) кемсітушілікке жол бермеу;

    5) құзыреттілік;

    6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

    7) тәуелсіздік;

    8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

    9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.

    6. Аккредиттеу мақсаттары.

    1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; 

    2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

    3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру ; 

    4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 

    5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.

    7. Аккредиттеу жүйесінің құрылымы.

    Аккредиттеу жүйесіне:

    1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

    2)уәкілетті орган;

    3)аккредиттеу жөніндегі орган;

    4) аккредиттеу субъектілері;

    5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:

    1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

    2)аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;

    3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

    Уәкілетті органныңқұзыреті

    Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

    1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау немесе оны осы мәртебеден айыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

    3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

    4) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

    Аккредиттеу жөніндегі орган

    1. Аккредиттеу жөніндегі орган - акциялары не жарғылық капиталындағы үлестері мемлекеттік меншікте болатын акционерлік қоғам не шаруашылық серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға. Акцияларға не жарғылық капиталындағы үлестерге иелік ету және оларды пайдалану құқығын уәкілетті орган жүзеге асырады.

    2.Аккредиттеу жөніндегі орган:

    1) мыналарға:

    аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға тартуға;

    аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;

    өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;

    инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы;

    2) мыналарға:

    аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;

    аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

    аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;

    аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;

    интернет-ресурсты жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;

    аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;

    аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;

    аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;

    аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.

    3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

    Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.

    Аккредиттеу субъектілері

    1. Аккредиттеу субъектілеріне:

    сәйкестікті растау жөніндегі органдар;

    сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

    өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

    2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.

    3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.

    4. Аккредиттеу субъектілері:

    1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;

    2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;

    3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға;

    4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.

    5. Аккредиттеу субъектілері:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;

    2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;

    3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға; 

    4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;

    5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;

    6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;

    7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;

    8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған не ол кері қайтарып алынған жағдайда аккредиттеу аттестатын осы Заңда белгіленген мерзімде қайтаруға;

    9) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, аккредиттеу аттестаты жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.

    Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

    1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.

    2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.

    Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.

    3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

    8. Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері.

    Аккредиттеу аттестаты

    1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

    2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

    3.Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.

    4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

    5. Аккредиттеу аттестатында:

    1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

    2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;

    3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

    4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;

    5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;

    6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.

    6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

    7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

    8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.

    Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері мынадай кезеңдер арқылы жүргізіледі:

    1. Аккредиттеу мынадай негізгі:

    1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;

    2)аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;

    3) ұсынылған құжаттарды сараптау;

    4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;

    5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

    6)аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта