Главная страница
Навигация по странице:

  • 9.Сәйкестiк белгiсi

  • Нарықтағы сәйкестік белгісі

  • 10.Аккредиттеу аттестатын алу жағдайлары

  • Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу

  • 11.ИСО стандарты бойынша сапаның негізгі элементтері.

  • Басшылықтың жауапкершілігі

  • Ресурстар менеджменті

  • 12. тәжірибелік зертханаларды аккредиттеу бойынша Халықаралық Конференцияның жұмысы (ИЛАК)

  • 13.Сертификатталған қызмет көрсетуді инспекциялық бақылау.

  • 14. Сертификаттау бойынша ұлттық ұйымдар

  • 15. Өлшеу құралдарын аттестаттау.

  • аккредиттеу. 1блок. Сапаа жетуді проблемалары


    Скачать 116.09 Kb.
    Название1блок. Сапаа жетуді проблемалары
    Анкораккредиттеу.docx
    Дата08.05.2018
    Размер116.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааккредиттеу.docx
    ТипДокументы
    #19035
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    8. Сәйкестiк туралы декларация

    Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

    Егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.

    Сәйкестiк туралы декларацияда:

    1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;

    2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;

    3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттің атауы;

    4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;

    5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттердебелгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;

    6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;

    7)техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

    Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:

    • сәйкестікті міндетті растау тәртібіне икемділік беруден;

    • базарда сатылатын өнімнің қауіп-қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан;

    • тауар айналымын арттырудан;

    • мемлекетаралық сауданы жақсартудан және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолайлы жағдай туғызудан. Дайындаушы сәйкестікті міндетті түрде дәлелдей алуы керек.

    Дайындаушы қабылдаған декларацияда белгіленген тәртіп бойынша аккредиттелген сертификаттау органында тіркелуі керек. Мұндай тіркеу декларация қабылдаған дайындаушыны біліп отыру үшін қажет. Осы мақсатта декларацияның көшірмесі сертификаттау органында сақталады, ал оны тіркеу нөмірі осы органның кодына енгізіледі. Тіркеуден өткен декларация өнімді сәйкестік белгісімен белгілеуге негіз болады.

    9.Сәйкестiк белгiсi

    Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.

    Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

    Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.

    Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.

    Нарықтағы сәйкестік белгісі Сәйкестікті растау органы жеміс-көкөніс өнімдерін сертификаттау кезінде мерзімі ресімделген сертификаттың қолдану мерзімінен аспайтындай сәйкестік белгісімен таңбалауды ұсынуы мүмкін және/немесе өніммен бірге жүруі үшін сәйкестік сертификатының көшірмесін ресімдейді. Сәйкестік белгісімен таңбалау нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

    10.Аккредиттеу аттестатын алу жағдайлары

    Аккредиттеу аттестаты - сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін, сәйкестікті растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгілі бір салада белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

    1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл. 

    2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

    3.Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.

    4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

    5. Аккредиттеу аттестатында:

    1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

    2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;

    3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

    4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;

    5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;

    6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.

    6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

    7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

    8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.  
    Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес  жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.

    Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу

    1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:

    1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;

    2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;

    3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;

    4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.

    2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі пайда болған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Заңның 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

    3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.

    4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:

    1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;

    2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.

    5.Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

    Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді. 

    6. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.

    7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады.

    8. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.

    11.ИСО стандарты бойынша сапаның негізгі элементтері.ИСО 9001 стандартына сәйкес сапа жүйесі келесі элементтерден тұрады:

    1. басшалақтың жауапкершілігі

    2. ресурстар менеджменті

    3. өмірлік цикл процестері

    4. өлшемдер, анализ, жақсартулар

    Басшылықтың жауапкершілігі: бұл бөлімше мекеменің сапаны қамтамасыз ету саласындағы әрбір қызметкердің жауапкершілігі мен өкілеттілігін анықтап, құжат түрінде рәсімдеуін талап етеді. Мекеме басшылығы сапаны жақсарту үшін қабылданатын шараларды анықтау үшін сапа жүйесін қолдану нәтижелерін қайта қарауы керек. Ресурстар менеджменті: ресурстармен қамтамасыз ету, өнімді идентификациялау және қадағалау, адами ресурстар мен инфрақұрылым т.б қызметті атқарады. Өмірлік цикл процестері: бұл бөлім өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің жаңа түрлерін жобалау кезінде тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуге арналған. Құжаттаманы , прцестерді басқару, тиеу түсіру жұмыстары, өндіріс және қызмет көрсетуге арналған. Өлшемдер, анализ, жақсартулар: мониторинг және өлшеу, бақылау, өлшеу, сынау құралдары, сынау дәрежесі, статистикалық әдістер, мәліметтерді талдау т.б қолдану арқыла жүзеге асырылады.

    12. тәжірибелік зертханаларды аккредиттеу бойынша Халықаралық Конференцияның жұмысы (ИЛАК)

    Сынақ лабораторияларын аккредиттеу бойынша Халықаралық конференция (ИЛАК) 1977жылы тұңғыш рет шақырылды (Дания). Конференция жұмысының мақсаты, саудадағы техникалық кедергілерді сынақ лабораторияларын аккредиттеу жолымен қысқартулар болып табылады, ал олар сынақ нәтижелеріне жетер жолда, халықаралық деңгейде өзара сенім үшін ең маңызды қадам болып табылады. Илак шегінде халықаралық келісімнің екі түрі көзделеді: -сынақ хаттамаларын, сертификаттарды лабраторияларды аккредиттеусіз өзара тану бойынша келісім; -сынақ лабораторияларын аккредиттеудің ұлттық жүйелерін өзара тану бойынша келісім. ИЛАК балық өзінің сипаттамаларымен- жарғымен, рәсімнің жөн-жосықтарымен, түпкілікті хатшылықпен, бютжетпен және т.с.с. халықаралық ұйым болып табылмайды, ол харықаралық форум болып есептеледі, оның жұмысына жеке елдердің мамандары, заң және техникалық аспект жөнінде ақпарат және тәжірибе алмасуда мақсат еткен халықаралық ұйымдар қатысады, олар сауда және өнімнің сынақ нәтижесіне өзара ықпалын тигізеді. ИЛАК- тың жұмысшы органдары болатын комитеттер: конференция өткізу, аккредиттеудің саудада қолданысы, аккредиттеудің практикасы, сынақ нәтижесін ұлттық аккредиттеу лабораторияларын жүргізген жұмыстар бойынша өзара тануға жәрдемдесу, сынақ лабораторияларын аккредиттеуге қатысты сұрақтар бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша. ИЛАК- тың тағы бір жүргізетін бағыты сынақ лабораториялары жүргізетін сынаудың сапасы бойынша ұсынымдамалар жасау.

    13.Сертификатталған қызмет көрсетуді инспекциялық бақылау. Инспекциялық бақылау сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі. Сәйкестік сертификатын берген орган сертификатталған қызметке инспекциялық тексеру жүргізеді, тексеруге:

    • сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау

    • инспекциялық тексеру жүргізу үшін комиссия ұйымдастыру

    • тексеру жүргізу

    • тексеру нәтижелерін рәсімдеу және шешім қабылдау кіреді.

    Инспекциялық тексерудің көлемі мен мерзімділігін сертификаттау органы сертификатталған қызметтің жағдайы мен сапасының тұрақтылығына байланысты анықтайды, бірақ жылына бір реттен кем емес. Көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану туралы ақпарат біпнеше рет түссе, кезектен тыс инспекциялық бақылау жүргізіледі. Инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша сертификаттау органы екі дана акт жазады, ал инспекциялық тексеру органы тексеру жүргізсе үш дана акт жазады. Бір дана серт. Ұстаушыға, екіншісі сертификаттау органына беріледі.инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша серт. Органы сертификаттың жұмыс жасауын тоқтатуына немесе жоюына, сәйкессіздік табылғанда, қызметке деген нормативтік құжаттың , көрсетілетін қызметтің технологиялық процесіне, тексеру мен сынау әдістеріне сапаны қамтамасыз ету жүйесіне

    14. Сертификаттау бойынша ұлттық ұйымдар

    «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы («ҰССО» АҚ) –стандарттау, метрология және өнімдерді, қызметтерді сетрификаттау, менеджмент жүйелері мен тұтынушылардың талаптары мен олардың сұранысын барынша алдын ала қамтамасыз ету саласында кешендік қызмет көрсету бойынша қазақстандық нарықтағы жалғыз кәсіпорын. 2008 жылы компания Еуропалық бизнес Ассамблеясының «Еуропалық сапа» номинациясы бойынша халықаралық жоғары сыйлыққа ие болды.

    Ол үшін компанияның Қазақстанның ірі әкімшілік орталықтарында орналасқан және өз құрамында сәйкестікті (сертификация) растайтын органдары, стандарттау және метрология қызметтері бар 18 филиалында барлық қажетті еңбек және техникалық қорларына ие. Өнімдердің, қызметтердің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау саласында жұмыстар жүргізу құқығы бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттеу аттестаттары аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде 2008 жылдың 30 желтоқсанында № KZ.0.01.0317 және № KZ.0.01.0318  сәйкесі бойынша тіркелген. Компания штатында 1 400-ден аса адам еңбек етеді, олардың 550-і өнімнің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудиторлар, олардың ішінде IRCA-де тіркелген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторлар, тауардың шығарылған елін анықтау бойынша сарапшы-аудиторлар, сонымен қатар өлшеудің 17 түрі бойынша 313 байқаушылар (поверитель), өлшеудің біркелкілігін қамтамасыз ететін 37 техникалық сарапшылар және өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтарды жөндеу және дәлдеу саласындағы 33 маман қызмет атқарады. Өнімдерді/қызметтерді сертификаттау бойынша жұмыстарды тиімді атқару үшін республиканың барлық аймақтарында компанияның сынақтық зертханалар желісі бар. Өтініш берушілердің қызметіне халықаралық талаптарға сай 28 аккредитивтелген зертханалар, азық-түліктердегі генетикалық модификацияланған көздерді анықтауға арналған ПТР-зертханаларымен қатар, бұзбай бақылау зертханасы ұсынылады. Сараптық тұжырымдамасымен гауһарлардың, меруерттердің, түсті асыл және өңдеуші тастардың диагностикасын жүргізетін сынама палата, бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік және тұрмыстық бұйымдарды сынау және таңбалау, автокөлік техникалық байқау орталықтары, полиграфия өтініш берушіге қосымша қызмет көрсетуге әрқашан дайын. Компанияның материалдық-техникалық базасы мемлекеттік және халықаралық нормативтердің талаптарына сай. Сынақтық және тексеру зертханалары сынақтар мен өлшеулер нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге арналған қажетті сынақтық және тексеру жабдықтарымен жабдықталған. Өлшеу құралдарын сынау мен тексерудің жаңа түрлері әрдайым игеріліп отырылады. Жаңа өлшеу және сынақтық зертханалар ашылады. «ҰССО» АҚ-ның Өнімдердің сәйкестігін растау органы әлемнің он бес елінен астамында өндірістерді сертификаттады, ол елдердің қатарында Ресей, Украина, Белоруссия, Германия, ҚХР, Түркия, Польша, Бельгия, Ұлыбритания, Чехия, Венгрия, Италия, Франция, Үндістан, АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея бар.  Жетілдіру және «басқаларға қарағанда жақсы атқаратын ісіңмен өзің айналыс» деген ұстанымдар компания қызметінің негізінде жатыр. Іске деген осындай көзқарасыты біздің клиенттеріміз жоғары бағалайды, ал олардың қатарында біз қадірлейтін «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл», «ТеңізШевройл» және өндіріс пен экономика салаларындағы 8 мыңнан астам басқа да компаниялар бар.  Компания өз қызметін Бірыңғай форма бойынша рәсімделіп берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар Бірыңғай реестрін қалыптастыру және жүргізу тәртібі жөніндегі Ереженің талаптарына сай жүргізе отырып, Кедендік одақтың Біріңғай реестріне кіреді. Ондаған жылдар бойы компания заңды және жеке тұлғаларға материалдық көмек көрсету арқылы қайырымдылықпен де айналысады.

    15. Өлшеу құралдарын аттестаттау.

    Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2.30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі

    Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

    −автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

    −республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

    −осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары;

    −сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

    Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.

    Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

    Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:

    −өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;

    −өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);

    −пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

    −өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;

    −өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);

    −әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

    Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:

    −жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

    −метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.

    Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

    Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта