Главная страница
Навигация по странице:

  • 17. Сапа менеджментінің негізгі принциптері.

  • Сапа менеджментінің принціптері

  • 18. Сертификаттау кезінде қолданылатын бақылау түрлері.

  • 19. Өнiмнiң және қызметтердің белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

  • 20. Аккредиттеудің мақсаттары мен принциптері.

  • Аккредиттеу принциптері.

  • 21. Сертификаттау бойынша ұлттық ұйымдар

  • 22. Тәжірибелік зертханаларға қойылатын жалпы талаптар.

  • 23.Аккредиттеу және сәйкестікті бекіту нәтижелерін өзара тану.

  • аккредиттеу. 1блок. Сапаа жетуді проблемалары


    Скачать 116.09 Kb.
    Название1блок. Сапаа жетуді проблемалары
    Анкораккредиттеу.docx
    Дата08.05.2018
    Размер116.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааккредиттеу.docx
    ТипДокументы
    #19035
    страница6 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    16. Серификаттауға қатысатын тәжірибелік зертханалардың критерилері.

    Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

    1. Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

    2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

    3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

    4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

    5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

    6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

    Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.

    17. Сапа менеджментінің негізгі принциптері.

    Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді. СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.

    Сапа менеджментінің принціптері

    9000 ИСО сериялы халықаралық стандарттары 8 сапа менеджменті принціптеріне негізделеді:

    1. Тұтынушыға бейімделу;

    2. Басшылық жетекшілігі;

    3. Персоналды қызықтыру;

    4. Үрдістік тәсілдеме;

    5. Менеджментке жүйелі тәсілдеме;

    6. Ұдайы жақсарту;

    7. Факторларға негізделген шешімдерді қабылдау әдісі;

    8. Жеткізушілермен өзара тиімді орта құру.

    1 принціп: Тұтынушыға бейімделу. Кәсіпорын тұтынушыдан тәуелді болып табылады. Тұтынушының қазіргі болашақтағы қасиеттерін түсінуі керек. Олардың ойларынан асып түсуге ұмтылуы керек.

    2 принціп: Басшылар кәсіпорында бірыңғай мақсаттар, бағыттар болуын ондағы микроклиматты тағайындайды. Басшылар адамдардың кәсіпорын алдында тұрған мақсатқа жетуге тұтас бірадамдай қатысуына қол жеткізетіндей ішкі жағдайларды қалыптастыра бастауы қажет.

    3 принціп: Қызметшілерді қызықтыру. Адамдар барлық деңгейде кәсіпорынның негізгі күші болып табылады. Оларды жұмысқа толық тарту олардың қабілетін кәсіпорынға көптеп жұмсауға мүмкіндік береді. Жұмысшы- қызметкер тек ғана жалақы алу үшін ғана жұмыс істеуші емес кәсіпорынның жанашыры болатындай жағдай жасауы керек. Әр адамның жеке мақсатының кәсіпорын алдындағы мақсатпен үйлесуі керек.

    4 принціп:Үрдістік тәсілдеме. Ойлаған нәтижеге әрекет тиісті қорларды үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді түрде жетуге болды. Үрдіс бір немесе бірнеше оларды жүзеге асырғанда кірістер шығысқа айналатын әрекет түрлері болып табылады.

    5 принціп. Өзара байланысындағы үрдістерді жүйе ретінде шығарып алу, тану, басқару. Ұйымның мақсатқа жетуіне, нәтижелік тиімділігіне үлес қосады.

    6 принціп. Ұйымның тұрақты мақсаты оның әрекетін ұдайы жақсарғаны болып табылады. Бұл принціпті жүзеге асыру түзетуші, алдын алушы әрекеттер жүргізуі керек. Ұйымның сапа менеджментінің жүйенің тиімділігін жоғарылату өлшеу үрдісін кеңінен қолдау нәтижесінде алынған фактілерінде негізделу керек.

    7 принціп. Тиімді шешімдер, деректер, ақпараттар талдауына негізделген. Басқарушы шешімдер мен әрекеттер өнімдердің максимал және минимал шығындарын қамтамасыз етуі керек. Бұл әрекеттер шығындарды көбейтуді көрсетеді.

    8 принціп. Ұйым мен оның жеткізушілері өзара байланысты, олардың өзара пайда қатынасы екі тарап “ұйым-орта” құруға мүмкіндік береді. Бұл принціп екі жақтың арадағы бағдарлық-серіктестік қарым-қатынастар орнатуға негізделеді. Бұл қарым-қатынастар техникалық процестерді әзірлеу, жетілдіру жұмысына екі жақтың да қатысуын жеңілдетеді. Өзара сенімділік тудырады. Бұл процесті қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жеткізушілер алдында процестер құжаттанған талаптар қоюы керек. Сол жеткізушіге оған қойылған талаптарды орындауға қабілеттілігін талдау үшін баға беру процестерін жеткізу керек. Бұл жерде кәсіпорын мен жеткізуші бірлесіп жұмыс істеуі керек. Екі жақтың да әрекеттерінің бір мақсатпен басқарылуы нәтижесінде ұдайы жақсартуға қол жеткізуге болады.

    18. Сертификаттау кезінде қолданылатын бақылау түрлері. Бақылаудың мақсаты – өнімнің нормативтік құжаттарда көрсетілген тәжірибе нәтижелерімен сәйкестігін бекіту.Кейде бұл мақсаттарды эксперттер шешеді,мұны эксперттік бағалау д.а. Бақылаудың сапасы – белгіленген шекарада параметрлерді табудың сенімділік деңгейі болып табылады. Бақылау бойынша дәлдік көрсеткіші – 1 және 2 қателіктердің болу ықтималдылығы. Бақылау түрлері негізгі үш топқа бөлінеді: бақылау кешеніне тәуелділігі, бақылау құралдарына тәуелділігі,бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігі. Бақылау кешеніне тәуелділігі үшке бөлінеді:өнім,қызмет,сапа және өндіріс жүйелері. Өнімге: материалдар мен шикізаттарды бақылау;құрама бөлшектерді бақылау; тәжірибе және өлшеу құралдарын бақылау; техникалық қондырғылар, жабдықтар;өнімді қабылдау жатады. Қызметке: қызмет көрсетудегі технологиялық процесстерді бақылау;қызметтің нәтижесін бақылау жатады.Сапа және өндіріс жүйелеріне:өндірістік кезеңді және сапа жүйесінің элементтерін бақылау;персонал,мамандардың квалификациясын бақылау жатады.Бақылау құралдарына тәуелділігі үшке б.ді:сырттай бақылау;сезім мүшелері арқылы бақылау;инструменталды бақылау.Бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігіне байланысты үшке б.ді:1)Өнім көлеміне сәйкес:тұтас бақылау;таңдап бақылау.2)Кешенге әрекет ету сипатына байланысты: активтік; пассивтік; бұзатын; бұзбайтын. 3)Тексерілетін параметрлердің жиындығы: геометриялық; физикалық; механикалық; химиялық; металлографиялық және т.б.

    19. Өнiмнiң және қызметтердің белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

    Өнiм, процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:

    1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;

    2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;

    3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.

    3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

    4. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.

    5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.

    6. Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге тиіс.

    Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.

    2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:

    1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

    2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

    3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

    4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық тексеру) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады. Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.

    5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.

    20. Аккредиттеудің мақсаттары мен принциптері.

    Аккредиттеу мақсаттары.

    1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; 

    2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

    3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру ; 

    4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 

    5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.

    Аккредиттеу принциптері.

    Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.

    Аккредиттеу принциптері:

    1) еріктілік;

    2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

    3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

    4) кемсітушілікке жол бермеу;

    5) құзыреттілік;

    6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

    7) тәуелсіздік;

    8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

    9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.

    21. Сертификаттау бойынша ұлттық ұйымдар

    «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы («ҰССО» АҚ) –стандарттау, метрология және өнімдерді, қызметтерді сетрификаттау, менеджмент жүйелері мен тұтынушылардың талаптары мен олардың сұранысын барынша алдын ала қамтамасыз ету саласында кешендік қызмет көрсету бойынша қазақстандық нарықтағы жалғыз кәсіпорын. 2008 жылы компания Еуропалық бизнес Ассамблеясының «Еуропалық сапа» номинациясы бойынша халықаралық жоғары сыйлыққа ие болды.

    Ол үшін компанияның Қазақстанның ірі әкімшілік орталықтарында орналасқан және өз құрамында сәйкестікті (сертификация) растайтын органдары, стандарттау және метрология қызметтері бар 18 филиалында барлық қажетті еңбек және техникалық қорларына ие. Өнімдердің, қызметтердің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау саласында жұмыстар жүргізу құқығы бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттеу аттестаттары аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде 2008 жылдың 30 желтоқсанында № KZ.0.01.0317 және № KZ.0.01.0318  сәйкесі бойынша тіркелген. Компания штатында 1 400-ден аса адам еңбек етеді, олардың 550-і өнімнің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудиторлар, олардың ішінде IRCA-де тіркелген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторлар, тауардың шығарылған елін анықтау бойынша сарапшы-аудиторлар, сонымен қатар өлшеудің 17 түрі бойынша 313 байқаушылар (поверитель), өлшеудің біркелкілігін қамтамасыз ететін 37 техникалық сарапшылар және өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтарды жөндеу және дәлдеу саласындағы 33 маман қызмет атқарады. Өнімдерді/қызметтерді сертификаттау бойынша жұмыстарды тиімді атқару үшін республиканың барлық аймақтарында компанияның сынақтық зертханалар желісі бар. Өтініш берушілердің қызметіне халықаралық талаптарға сай 28 аккредитивтелген зертханалар, азық-түліктердегі генетикалық модификацияланған көздерді анықтауға арналған ПТР-зертханаларымен қатар, бұзбай бақылау зертханасы ұсынылады. Сараптық тұжырымдамасымен гауһарлардың, меруерттердің, түсті асыл және өңдеуші тастардың диагностикасын жүргізетін сынама палата, бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік және тұрмыстық бұйымдарды сынау және таңбалау, автокөлік техникалық байқау орталықтары, полиграфия өтініш берушіге қосымша қызмет көрсетуге әрқашан дайын. Компанияның материалдық-техникалық базасы мемлекеттік және халықаралық нормативтердің талаптарына сай. Сынақтық және тексеру зертханалары сынақтар мен өлшеулер нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге арналған қажетті сынақтық және тексеру жабдықтарымен жабдықталған. Өлшеу құралдарын сынау мен тексерудің жаңа түрлері әрдайым игеріліп отырылады. Жаңа өлшеу және сынақтық зертханалар ашылады. «ҰССО» АҚ-ның Өнімдердің сәйкестігін растау органы әлемнің он бес елінен астамында өндірістерді сертификаттады, ол елдердің қатарында Ресей, Украина, Белоруссия, Германия, ҚХР, Түркия, Польша, Бельгия, Ұлыбритания, Чехия, Венгрия, Италия, Франция, Үндістан, АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея бар.  Жетілдіру және «басқаларға қарағанда жақсы атқаратын ісіңмен өзің айналыс» деген ұстанымдар компания қызметінің негізінде жатыр. Іске деген осындай көзқарасыты біздің клиенттеріміз жоғары бағалайды, ал олардың қатарында біз қадірлейтін «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл», «ТеңізШевройл» және өндіріс пен экономика салаларындағы 8 мыңнан астам басқа да компаниялар бар.  Компания өз қызметін Бірыңғай форма бойынша рәсімделіп берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар Бірыңғай реестрін қалыптастыру және жүргізу тәртібі жөніндегі Ереженің талаптарына сай жүргізе отырып, Кедендік одақтың Біріңғай реестріне кіреді. Ондаған жылдар бойы компания заңды және жеке тұлғаларға материалдық көмек көрсету арқылы қайырымдылықпен де айналысады. Олар: Қазақ соқырлар қоғамы, Балалар үйіне, жетімханаларға, тыңдау қабілеті бұзылған, мүгедек және жетім балаларға арналған мектеп-интернатқа көмек көрсету және қолдау қоғамдық қорлары. Компанияның тарихы – тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихының бір бөлігі, Семей қаласында республика территориясындағы алғашқы тексеру мекемесі – Омбы өлшеуіштер мен таразыларды бақылау палатасының бөлімшесі ашылғаннан бастап өткен ғасырдың 1923 жылынан басталады. Осы жылдардың ішінде өзгерістер көп болды: атауы, меншік нысаны, бағыныштылығы, қызметкерлер саны, зертханалар мен бөлімдер саны, территориялық орналасуы өзгеріске ұшырады, бірақ шешетін мәселелерінің мәні – кешенді түрде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметтер көрсетуге дайын болу – бұрынғыша болып қалды.

    22. Тәжірибелік зертханаларға қойылатын жалпы талаптар.

    Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

    1. . Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

    2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

    3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

    4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

    5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

    6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

    Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.

    23.Аккредиттеу және сәйкестікті бекіту нәтижелерін өзара тану.

    Сəйкестікті бекіту дайындаушының өнімнің белгіленген талаптарға сəйкестігін анықтайтын дəлелдер келтіруі. Осындай сəйкестікті бірінші, екінші жəне үшінші жақтар өткізуі мүмкін. «Бірінші жақ» - дайындаушыз өнімін өзі бағалауы мүмкін. «Екінші жақ» - тұтынушы өнімді өзі бағалайды. «Үшінші жақ» - дайындаушы мен тұтынушыға тəуелді емес үйым. Халықаралық практикада сəйкестікті бағалауда үшінші жақтың нəтижелері сенімді деп саналады. Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен өте тығыз байланысты. Сертификаттау халықаралық сауданы жақсартуға көмектеседі.

    Техникалық барьер - тауар алмасатын мемлекеттердің арасындағы заңдардағы, ережелердегі, нормалардағы айырмашылықтар. Сертификаттаумен айналысатын халықаралық ұйымдар: Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), немесе сәйкестікті бағалау комитеті ИСО/КАСКО, Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) және бұл ұйыммен тығыз жұмыс істейтін Электр қондырғыларының Халықаралық сертификаттау комиссиясы (СЕЕ); Сауда мен тариф бойынша Бас келісім (ГАТТ); Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (ВТО); Еуропалық экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК ООН); Халықаралық сауда орталығы (МТЦ); БҰҰ - ның сауда және даму Конференциясы (ЮНКТАД); Тәжірибелік лабораторияларды аккредитациядан өткізудің Халықаралық конференциясы (ИЛАК) және т.б.

    ИСО өзінің жобаларымен сертификация процедураларының үндестігін қамтамасыз етуге себебін тигізу мен қатар әртүрлі ұлттық заңдардың нәтижелерін өзара тануға септігін тигізеді. ИСО сертификациясы жоқ елдерге сертификаттау жүйелерін және методикалық көмек көрсетеді. Сертификаттау саласында ИСО өзара ынтымақтасады МЭК ұйымымен. Сертификациялау саласындағы негізгі басшылыққа алынатын стандарттарда ИСО/МЭК - 28 «Өнімді сертификаттау жүйелерінің жалпы типтік ережелерін үшінші жақтың бағалауы», ұлттық сертификаттау жүйелерін құрудың рәсімі.

    ИСО өзара МЭК ұйымымен бірігіп сертификаттау саласында бірқатар құжаттар жасалынды: ИСО/МЭК - 2 «Жалпы терминдер мен стандарттау және ұқсас әрекеттер түрлерінің салаларындағы анықтамалар», басшылық ИСО/МЭК - 7 «Өнімдерді сертификаттаудағы қолданылатын стандартқа қойылатын талаптар», басшылық ИСО/МЭК - 16 «Белгілі стандарттарға сәйкес үшінші жақтың сертификаттау жүйелерінің ережелер жиынтығы», басшылық ИСО/МЭК - 22 «Стандартқа немесе техникалық жағдайларға байланысты дайындаушының берген ақпараты» және басқа басшылық (барлығы 20). Тәжірибелік лабораторияларды аккредациялау Халықаралық конференцияның берісі бойынша (ИЛАК) ИСО/МЭК басшылығы жасалған 43 «Лабораторияларды квалификациялық тәжірибеден өткізілуі», негізгі құжат ретінде барлық мемлекеттер қолданады, тәжірибелік лабораториялардың жұмыс деңгейін бағалау; техникалық қабілеттілік; қолданылатын тәжірибе әдістерінің құндылығын бағалау.

    МЭК ұйымы ИСО - ға қарағанда халықаралық сертификаттау жүйелерін және қауіпсіздік стандартын жасайды. МЭК - тің құрамында (МЭКСЭ) электр қондырғыларын сертификаттау немесе қауіпсіздік стандартына сәйкестігін анықтайтын ұйым. МЭК-тің құрамында электрондық техникаларды сертификаттау жүйелері құрылды.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта