Главная страница
Навигация по странице:

  • 10. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибелер.

  • 11. Аккредиттеу бойынша эксперттық орталықтар.

  • 12. Аккредиттеу және сәйкестікті бекіту нәтижелерін өзара тану.

  • 13.Аккредиттеу кезіндегі өткізілетін сертификациялық тәжірибелер.

  • 14.Аккредиттеу субъектілері.

  • 15.Аккредиттеу кеңесінің жұмысы.

  • 2-блок 1.Сертификаттау кезіндегі қолданылатын бақылау түрлері.

  • 2.Өнімнің, көрсетілетін қызмет, процесстердің сәйкестігін ерікті растау.

  • Сәйкестiктi бағалау объектiлерi

  • Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар

  • Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысы

  • 3.Шет мемлекеттердің сәйкестік растау нәтижелерін тану.

  • . «Бірінші жақ»

  • ИСО-ның негізгі қызметі

  • ИЛАК – 1977 ж. – халықаралық форум

  • ИЛАКтың ұсынысы

  • 1994 ж.

  • аккредиттеу. 1блок. Сапаа жетуді проблемалары


    Скачать 116.09 Kb.
    Название1блок. Сапаа жетуді проблемалары
    Анкораккредиттеу.docx
    Дата08.05.2018
    Размер116.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааккредиттеу.docx
    ТипДокументы
    #19035
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    9. Аккредиттеу критерийлері.

    АККРЕДИТТЕУ – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзіретін ресми танитын рәсім. Аккредиттеу критерийлері. Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге сай келуі тиіс: 1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы; 2)мәлімденген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы; 3)сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың , жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы; 4) Оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі. Осы заңда нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар түсініледі.

    10. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибелер.

    Шет мемлекеттерде аккредиттеу бойынша жұмыстар келесідей деңгейлерде жүргізіледі: ұлттық, аймақтық және халықаралық. Аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымдар: 1) ILAK; 2) МЭКСЭ; 3) МЭК, ЕЭК; 4) ООН МОЗМ. ILAK – лабораторияларда аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйым 1986 жылы ашылған. 1996 жылы – нақты дамыған құрылымы аяқталды. Меморандум қабылдаған барлық мемлекеттер құрамына кіретін 44 елді саудадағы мәселелермен сәйкестендіріп ДСҰ – ға кіргізу үшін құрылды.2003 жылы заңды түрде танылды. Мақсаты – аккредиттеу зертханаларының процедуралары мен тәжірибелерін өңдеу. Басқа мемлекеттермен келісімі: 1) Ұлттық аккредиттеу жүйелерін өзара тану. 2)Жүргізілген тәжірибе нәтижелерін өзара тану ( мемлекеттік деңгейде). 3) Халықаралық сертификаттау жүйесіне қатысу ( үкіметтік емес ұйымдар – МЭКСЭ. 4) Өзара түсінушілік жөніндегі меморандум. Аккредиттеу зертхана нәтижелерінің шешімдерін өзара тану, оларды гармонизациялау жөнінде жұмыс істейді. Осы бағытта ИЛАК келесідей ұйымдармен тығыз байланыста: ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ. IAF ( Аккредиттеу бойынша халықаралық форум) – аккредиттеу және сәйкестікті бағалау облысы, сонымен қатар менеджмент жүйесі, өнім , қызмет, персонал жөніндегі халықаралық ұйым. Негізгі міндеттері: 1) бүкіләлемдік сәйкестікті бағалау жүйесін дамыту,кәсіп үшін тәуекелділікті азайту. 2) Ішара ұйым мүшелерінің көпжақты келісімдерді мойындау, оның мақсаты- өзара сертификаттарды тануды қаматамасыз ету.

    11. Аккредиттеу бойынша эксперттық орталықтар.

    Эксперт-аудитор жоғары білімі бар,сол салада аккредиттеу, аттестаттау, сәйкестікті бағалау, экономика салаларында тәжірибелері бар мамандар. Эксперт- аудиторлар жұмысы мемлекеттік ұйым МемСТ бағыты бойынша жүргізіледі: 1) сапа жүйесін немесе өндірісті сертификаттау; 2) өнімді сертификаттау; 3) қызметті сертификаттау; 4) сертификаттау мен тәжірибелік лабораторияды аккредиттеуден өткізу. Эксперт аудитор білуі және қолданылуы тиіс: 1) ҚР ның заңының негізін білу;2) Стандарттау, сертификаттау ережелерін және басқа да нормативті құжаттарды білуі керек; 3) Өнім сапасын бағалау принциптерін, әдістерін игеру; 4) Тексеруді ұйымдастыру; 5) Этика мен психология негізін білуі тиіс; 6) Сертификация саласында халықаралық жұмыстарды білуі тиіс.7) Практикалық әрекеттердің экономикалық бағыттарын білу; 8) ҚР ГОСТ стандарт коммитеттерінің, ЕО инструкцияларын білуі тиіс; 9) Аудиторларды білімі үлкен, логикалық, аналитикалық ойлары бар, қабілеті бар төзімді, объективті талдайтын жеке қасиеттері болуы тиіс.

    12. Аккредиттеу және сәйкестікті бекіту нәтижелерін өзара тану.

    Сəйкестікті бекіту дайындаушының өнімнің белгіленген талаптарға сəйкестігін анықтайтын дəлелдер келтіруі. Осындай сəйкестікті бірінші, екінші жəне үшінші жақтар өткізуі мүмкін. «Бірінші жақ» - дайындаушыз өнімін өзі бағалауы мүмкін. «Екінші жақ» - тұтынушы өнімді өзі бағалайды. «Үшінші жақ» - дайындаушы мен тұтынушыға тəуелді емес үйым. Халықаралық практикада сəйкестікті бағалауда үшінші жақтың нəтижелері сенімді деп саналады. Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен өте тығыз байланысты. Сертификаттау халықаралық сауданы жақсартуға көмектеседі.Сертификаттаумен айналысатын халықаралық ұйымдар: Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), немесе сәйкестікті бағалау комитеті ИСО/КАСКО, Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) және бұл ұйыммен тығыз жұмыс істейтін Электр қондырғыларының Халықаралық сертификаттау комиссиясы (СЕЕ); Сауда мен тариф бойынша Бас келісім (ГАТТ); Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (ВТО); Еуропалық экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК ООН); Халықаралық сауда орталығы (МТЦ); БҰҰ - ның сауда және даму Конференциясы (ЮНКТАД); Тәжірибелік лабораторияларды аккредитациядан өткізудің Халықаралық конференциясы (ИЛАК) және т.б.ИСО өзінің жобаларымен сертификация процедураларының үндестігін қамтамасыз етуге себебін тигізу мен қатар әртүрлі ұлттық заңдардың нәтижелерін өзара тануға септігін тигізеді. ИСО сертификациясы жоқ елдерге сертификаттау жүйелерін және методикалық көмек көрсетеді. Сертификаттау саласында ИСО өзара ынтымақтасады МЭК ұйымымен. Сертификациялау саласындағы негізгі басшылыққа алынатын стандарттарда ИСО/МЭК - 28 «Өнімді сертификаттау жүйелерінің жалпы типтік ережелерін үшінші жақтың бағалауы», ұлттық сертификаттау жүйелерін құрудың рәсімі.ИСО өзара МЭК ұйымымен бірігіп сертификаттау саласында бірқатар құжаттар жасалынды: ИСО/МЭК - 2 «Жалпы терминдер мен стандарттау және ұқсас әрекеттер түрлерінің салаларындағы анықтамалар», басшылық ИСО/МЭК - 7 «Өнімдерді сертификаттаудағы қолданылатын стандартқа қойылатын талаптар», басшылық ИСО/МЭК - 16 «Белгілі стандарттарға сәйкес үшінші жақтың сертификаттау жүйелерінің ережелер жиынтығы», басшылық ИСО/МЭК - 22 «Стандартқа немесе техникалық жағдайларға байланысты дайындаушының берген ақпараты» және басқа басшылық (барлығы 20). Тәжірибелік лабораторияларды аккредациялау Халықаралық конференцияның берісі бойынша (ИЛАК) ИСО/МЭК басшылығы жасалған 43 «Лабораторияларды квалификациялық тәжірибеден өткізілуі», негізгі құжат ретінде барлық мемлекеттер қолданады, тәжірибелік лабораториялардың жұмыс деңгейін бағалау; техникалық қабілеттілік; қолданылатын тәжірибе әдістерінің құндылығын бағалау.МЭК ұйымы ИСО - ға қарағанда халықаралық сертификаттау жүйелерін және қауіпсіздік стандартын жасайды. МЭК - тің құрамында (МЭКСЭ) электр қондырғыларын сертификаттау немесе қауіпсіздік стандартына сәйкестігін анықтайтын ұйым. МЭК - тің құрамында электрондық техникаларды сертификаттау жүйелері құрылды.

    13.Аккредиттеу кезіндегі өткізілетін сертификациялық тәжірибелер. Тәжірибенің мақсаты шама мәнін берілген режимде және әрекет етуші факторларға сәйкес анықтау.Тәжірибе сапасы кезінде тәжірибе режимі және әрекет етуші факторлар сәйкес болу керек. Тәжірибе түрлері: стекеттік; полигондық; нақты; модельдік, қалыпты, үдерлі; қысқартылған; бұзбайтын; бұзатын болып бөлінеді.Кез келген объектінің сипатына сәйкес тәжірибе түрлері: функционалдық; сенімділік; беріктілік; орнықтылық; қауіпсіздік; тасымалдау қабілеттілігі; шектік; технологиялық болады. Анықтама тәжірибелер бес топқа б.ді:1)Сенімділік көрсеткіштерін бағалау арқылы көз жеткізіледі. 2)Ұйымның тәжірибе жүргізу жоспары.3)Тәжірибе жүргізудің жұмыстық жағдайы. 4)Алғашқы ақпараттардың сипатына байланысты. 5)Тәжірибе нәтижелерін алу әдісі бойынша. Сенімділік көрсеткіштерін бағалау арқылы көз жеткізуге орташа мәндер және сенімділік интервалы жатады. Ұйымның тәжірибе жүргізу жоспарының бес түрі бар:NUN,NUT,NUr,NRT,NRr. NUN – сынақтан өтетін өнімдер ішінен істен шыққан өнім.NUT – уақыт аралығындағы өнімдер ауыстырылмайды. NUr – істен шыққанға дейін жұмыс істейді(одноразовый). NRT,NRr – істен шыққан өнімдерді алмастыру арқылы сынақ өтіледі. Тәжірибе жүргізудің жұмыстық жағдайы екіге б.ді:қалыпты жағдайда және жеделдету(ускорение)жағдайында. Алғашқы ақпараттардың сипатына байланысты үшке б.ді:тікелей;жанама;ақпараттарды жинақтау.Тәжірибе нәтижелерін алу әдісі бойынша екіге б.ді:эксперименталдық-статистикалық;есептеу-эксперименталдық.

    14.Аккредиттеу субъектілері.1.Ак.у субъектілеріне:сәйкестікті растау жөніндегі органдар;сынақ,салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары(орталықтары)өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.2.Ак.у субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері ҚР.ң барлық аумағында танылады.3.ҚР.ң аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар,олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккрдиттеуге жатады.4.Ак.у субъектілері:1)ак.у белгісін пайдалануға;2)ак.у жөніндегі органға ак.у саласын кеңейту немесе қысқарту туралы,ак.у аттестатын кері қайтарып алу,қайтару және ак.у аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;3)ак.у жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс қимылына шағымдануға;4)ак.у мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.5.Ак.у субъектілері:1)ҚР.ң заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;2)аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;3)ак.у саласы шегінде ак.у аттестатына сілтеме жасауға;4)бекітілген ак.у саласындағы қызметінің тоқтатылғаны неиесе алдағы уақытта таралатыны туралы ак.у жөніндегі органға хабарлауға;5)анықталған ак.у критерийлеріне сәйкессіздіктерді ак.у жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;6)инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй жайға,жабдыққа,ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;7)өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салыстыруға қатысуға;8)ак.у аттестатының қолданысы тоқтатылған не ол кері қайтарып алынған жағдайда ак.у аттестатын осы Заңда белгіленген мерзімде қайтаруға;9)ак.у аттестаты кері қайтарып алынған,оның қолданысы тоқтатылған,ак.у аттестаты жойылған,тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда ак.уге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.

    15.Аккредиттеу кеңесінің жұмысы.EN 45003 бойынша аккредиттеудің типтік схемасы бір бірімен өзара тығыз байланысқан операциялық комиссиядан,басқарушы кеңестен,бақылаушы кеңестен,сапа жүйесін қамтамасыз етушіден,ұйымның дерекциясынан,ак.у комиссиясынан тұрады.Басқарушы кеңес – ұйымның жұмысына тәуелді министрлер,кәсіподақтар және құрылымдардан тұрады.Бақылаушы кеңес – ак.у ұйымын құрған мүшелерден тұрады,кеңес басқарады.Ұйымның басқарушы дирекциясы – басшы,эксперт және аудиторлар жатады.Олар сапаны басқару саласындағы тәжірибесі бар штаттық жұмыскерлер.Операциялық комиссия – ұсынушылардың тарапынан түскен арыздарды қарастырады.Аккредиттеу комиссиясы – аккредиттеуді жүргізетін эксперттің есептерін қарап шешім қабылдайды.Секторлық комитеттер – ак.у саласы бойынша әр түрлі ұйымдардан құралған.Ережелер мен процедураларды жобалауға қатысады.Аккредиттеу кезінде керек болса,сырттан эксперттер шақырылады.Осы ұйымның үш түрлі құжаттары болады:1)Ак.у ережелері бойынша жалпы құжаттар;2)Аккредиттеу процедураларына арналған ішкі құжаттар;3)Ұйым және оның жұмысы туралы ақпараттық мәліметтер.
    2-блок

    1.Сертификаттау кезіндегі қолданылатын бақылау түрлері. Бақылаудың мақсаты – өнімнің нормативтік құжаттарда көрсетілген тәжірибе нәтижелерімен сәйкестігін бекіту.Кейде бұл мақсаттарды эксперттер шешеді,мұны эксперттік бағалау д.а. Бақылаудың сапасы – белгіленген шекарада параметрлерді табудың сенімділік деңгейі болып табылады. Бақылау бойынша дәлдік көрсеткіші – 1 және 2 қателіктердің болу ықтималдылығы. Бақылау түрлері негізгі үш топқа бөлінеді: бақылау кешеніне тәуелділігі, бақылау құралдарына тәуелділігі,бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігі. Бақылау кешеніне тәуелділігі үшке бөлінеді:өнім,қызмет,сапа және өндіріс жүйелері. Өнімге: материалдар мен шикізаттарды бақылау;құрама бөлшектерді бақылау; тәжірибе және өлшеу құралдарын бақылау; техникалық қондырғылар, жабдықтар;өнімді қабылдау жатады. Қызметке: қызмет көрсетудегі технологиялық процесстерді бақылау;қызметтің нәтижесін бақылау жатады.Сапа және өндіріс жүйелеріне:өндірістік кезеңді және сапа жүйесінің элементтерін бақылау;персонал,мамандардың квалификациясын бақылау жатады.Бақылау құралдарына тәуелділігі үшке б.ді:сырттай бақылау;сезім мүшелері арқылы бақылау;инструменталды бақылау.Бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігіне байланысты үшке б.ді:1)Өнім көлеміне сәйкес:тұтас бақылау;таңдап бақылау.2)Кешенге әрекет ету сипатына байланысты: активтік; пассивтік; бұзатын; бұзбайтын. 3)Тексерілетін параметрлердің жиындығы: геометриялық; физикалық; механикалық; химиялық; металлографиялық және т.б.

    2.Өнімнің, көрсетілетін қызмет, процесстердің сәйкестігін ерікті растау. Сәйкестiктi бағалау - өнiмге, процеске, көрсетiлетiн қызметке, менеджмент жүйесiне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдердi орындау әдiстемелерiне қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестiктi растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргiзу арқылы дәлелдеу. Сәйкестiктi бағалау объектiлерi - сәйкестiктi растауға, зерттеуге, сынауға, өлшемге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға жататын өнiм, процестер, көрсетiлетiн қызметтер, менеджмент жүйелерi, персонал, өлшем құралдары, сынақ жабдығы, өлшемдердi орындау әдiстемелерi. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көр-сетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақ¬стан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

    1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өнiм (көрсетiлетiн қызмет) өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi (көрсетiлетiн қызметтi) берушiлерден және тұтынушылардан тәуелсiз болуға тиiс.

    2. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтiнiмi бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледi. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекiтiледi.

    3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың сәйкестiктi бағалау процесiнiң әдiлдiгiне және объективтiлiгiне әсер ететiн консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

    Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламенттерде айқындалады.Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi және міндетті расталады . Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi. Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi. Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысы бойынша өнімдердің адамның өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті және нормативтік құжаттарға сәйкес келетін және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті отандық өнімді қамтамасыз ету мақсатында өнім, көрсетілеті қызмет, процесс сәйкестігі міндетті расталады.

    3.Шет мемлекеттердің сәйкестік растау нәтижелерін тану. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану:

    1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

    2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

    Сəйкестікті бекіту дайындаушының өнімнің белгіленген талаптарға сəйкестігін анықтайтын дəлелдер келтіруі . Осындай сəйкестікті бірінші , екінші жəне үшінші жақтар өткізуі мүмкін . «Бірінші жақ» – дайындаушыз өнімін өзі бағалауы мүмкін . «Екінші жақ» – тұтынушы өнімді өзі бағалайды. «Үшінші жақ» – дайындаушы мен тұтынушыға тəуелді емес ұйым . Халықаралық практикада сəйкестікті бағалауда үшінші жақтың нəтижелері сенімді деп саналады . Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен өте тығыз байланысты . Сертификаттау халықаралық сауданы жақсартуға көмектеседі . Сертификаттау саласындағы ИСО-ның негізгі қызметі – ұйымдық-əдістемелік қамсыздандыру. 1985 ж. дейін бұл жұмысты СЕРТИКИ (Сертификаттау комитеті) атқаратын, 1985 ж. бастап - КАСКО (сапа жəне сертификаттау саласындағы комитет). ИСО–ның бірыңғай ұйымдық-əдістемелік сертификаттау құжаттары сертификаттау процедураларын сəйкестендіреді, сертификаттау нəтижелерін əртүрлі ұлттық ережелер үшін мойындайды., жəне сертификаттау жүйелері жоқ мемелекеттерде сондай жүйелерді жаңадан шығаруға көмек береді. КАСКО-ның жұмысына 50 мемлекет қатысады. Бұл ұйымның негізгі бағыттары: əр түрлі мемелекеттердегі өімнің сəйкестігін бағалау əдістерін зерттеу; қызмет көрсету, өнімді сертификаттау, инспекциялық бақылау жəне олрды сынау туралы нүсқауларды даярлау; халықаралық стандарттарды қолдану. МЭК- пен бірігіп жұмыс істейді. ИЛАК – 1977 ж. – халықаралық форум: аккредиттелген лабораториялардың сынақ нəтижелерін мойындау. ИЛАК сертификаттау саласындағы мамандар үшін жылнама шығарады. Халықаралық немесе регионалды аккредиттеу жүйесін құру үшін ИЛАКтың ұсынысы: аккредиттеу органдардың, лабортаориялардың сынақ нəтижелерін мойындау туралы екі жақты келісім жасау; шетел лабораторияның ұлттық жүйесінде аккредиттеу; аккредиттеу жүйелерін өзара мойындау. Халықаралық, мемлекетаралық немесе ұлттық стадарттар сертификаттаудың нормалық базасы болып табылады. Егер импортаушы-елде сертификаттаудің талаптары бұзылатын болса ұлттық сертификаттау органы өз елінде сертификаттың күшін тоқтатады, жəне сол елге СМС мемлекетаралық кеңесінің Техникалық секретариатына баяндау қажет. 1994 ж. сертификаттау саласындағы процедуралар мен талаптар туралы Келісім еңгізілді: 1) қызмет ету жəне өнімдердің сəйкестік белгілерін, сертификаттарын, сынақ протоколдарын өзара мойындау; ұлттық сертификаттау жүйелерін жəне олардың берілген сертификаттарын мойындау. 2) СО-ын СМС саласындағы ұлттық органдарымен аккредиттеу. 3) Сертификатталған өнімдерді инспекциялық бақылау құқықы. ТМД мүшелері екі жақты келісімдерге қол қойған. Бұл келісімдерде СЛ жəне СО өзары мойындаудың нақты мерзімі, шарттары жəне процедуралары; өнімнің қауіпсіздігн растау тəртібі; дайындаушының жауапкершілігі, сертификат берген органның жауапкершілігі; сертификаттың жарамдылығы анықталған. СМС саласындағы Келісімге қатысушылар: Біртекті тауарлар жəне бірнеше қызмет көрсетулер үшін біртұтас талаптарды анықтайтын нормативті құжаттар қабылдады. Мұнда маңызды орын алатын аккредиттеу саласындағы Еуро-азиаттық регионалды ұйымды құру. Мемлекетаралық кеңесі өлшеу құралдарын сертификаттау ережесін қабылдады. Мемлекетаралық кеңесі жұмысының басты жетістігі: Совет одағының нормативты құжаттары жəне эталондық базасының қорын сақтауы; СМС саласындағы ТМД мүшелерінің ұлттық заңдарының сəйкестігі; ортақ экономикалық кеңістікті бекіту жəне өндірісік сферадаға ықпалдасуға бағытталғанмемлекатаралық жəне ведомствоаралықкелісімдерді даярлау.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта