13-14-15 лек. Дріс 131415. Аккредиттеу жніндегі органны ызметі
Скачать 49.01 Kb.
|
Дәріс 13-14-15. Аккредиттеу жөніндегі органның қызметі. Дәрістің мақсаты: Аккредиттеу жөніндегі орган, сәйкестікті растау жөніндегі орган, өндіруші, жеткізуші, тұтынушы Қарастырылатын сұрақтар: Аккредиттеу жөніндегі органның қызметі. Аккредиттеу жөніндегі орган, сәйкестікті растау жөніндегі орган, өндіруші, жеткізуші, тұтынушы Аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер Кілті сөз: Аккредиттеу, орган, сәйкестікті растау, өндіруші, жеткізуші, тұтынушы Аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын Халықаралық талаптарға сәйкес және аккредиттеу облысындағы жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында төмендегі аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер құрылған: сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер; салыстырып тексеру және калибрлеу зерханаларын, метрологиялық қызметтерді аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер; сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер; зертханааралық сәне салыстырмалы сынақтар жөніндегі техникалық комитеттер. Техникалық комитеттер аккредиттеу жөніндегі орган болып табылатын ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы» негізінде құрылады және тиісті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті нормативтік база мен біліктілігі жоғары мамандар иесі болуы керек. Техникалық комитеттер өз жұмыстарын орындау кезінде Қазақстан Республикасында жүретін заңнамаға және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына, халықаралық және өңірлік нормативтік құжаттарға сүйенуі тиіс. Аккредиттеу жөніндегі орган техникалық комиттердің жұмысына әдістемелік басшылық етеді және оның жұмысың үйлестіреді. Әр техникалық комитет үшін әрекеттер облысы тағайындалады. Техникалық комитеті оның төрағасы басқарады және олт техникалық комитеттің бүкіл қызметіне жауапты болып табылады. Төрағасынан басқа техникалық комитеттің құрамына жауапты хатшы және мүшелері кіреді. Техникалық комитеттің құрамына аккредиттеу субъектілері, мүдделі тапсырыс беруші кәсіпорындардың (тұтынушы, зерттеп дайындаушы, шығарушылардың), қоғамдық ұйымдардың, ғылыми-техникалыұ және инженерлік қағамдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың (мекемелердің) жетекші мамандары және ғалымдары шақырылады. Техникалық комитеттің құрамында шағын комитеттер (подкомитеты) құрылуы мүмкін. Бұлар техникалық комитет үшін бекітілген жұмыстардың белгілі бөлігін орындайды. Техникалық комитет жұмысын жұмыстық жоспарға (бағдарламаға) сәйкес орындайды. Техникалық комитет органдары болып: уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелерінің жиналысы; техникалық комитет секретариаты; техникалық комитеттің шағын комитеттері табылуы мүмкін. Уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелері ретінде: ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы»; РМК «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты»; РМК «Қазақстандық метрология институты»; өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мекемелер; ғылыми мекемелер; зерттеп дайындаушы кәсіпорындар, өнім шығарушылар немесе қызмет көрсетушілер; мемлекеттік қадағалау органдары; сынақ орталықтары; басқа да мүдделі мекемелер, жеке тұлғалар кіруі мүмкін. Техникалық комитет мүшелілігіне ерікті түрде кіруге болады. Екі жылда бүр рет техникалық комитет мүшелері қайта түркеудеп өтуі, яғни техникалық комитеттегі өз жұмысын ары қарай да жүргізуге ниетті екендігін білдіруі тиіс. Техникалық комитеттердің функциялары: - мемлекеттік стандарттар жобаларын және аккредиттеу және сертификаттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды зерттеп дайындау, қарастыру, келістіру және бекітуге дайындау, оларға өзгертулерді, сондай-ақ олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; - жаңадан зерттеп дайындалатын және бұрыннан зерттеп дпйындалған нормативтік құжаттарды халықаралыұ стандарттар мен ережелердің талаптарымен сәйкестендіру; - үкімет тарапынан дайындалатын ғылыми-техникалық бағрарламалар мен ғылыми-зерртеу жұмыстар жобаларын зерттеп дайындау және қарастыру процестеріне қатысу; - тиісті шет елдердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарының, халықаралық және мемлекетаралық техникалық стандарттар зерттеп дайындаумен байланысты техникалық комитеттердің, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі теъхникалық комитеттерімен өзара байланыстар орнату; және т.б. Техникалық комитет мүшелерінің құқықтары. Техникалық комитет мүшелері осы техникалық комитет орындайтын барлық жұмыстарға қатысу құқығына ие болады: техникалық комитеттің және халықаралық (өңірлік) балама-комитеттің жұмыстар бағдарламасы туралы ақпарат алуға; сараптамасын техникалық комитет жүргізетін стандарттардың жобаларын қарастыру үшін алуға және олар бойынша тұжырымдама беруге; стандарттар жобаларын техникалық комитет (шағын комитет, жұмыстық тобы) отырысында талқылауға қатысуға және барлық сұрақтар бойынша дауыс беруге; стандарттарды зертеп дайындау жөнінде ұсыныстар енгізуге және оларды зерттеп дайындауға қатысуға; техникалық регламенттерді талқылауға қатысуға және т.б. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру өтініш берушінің біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады. Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуы керек, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады. Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар; - сәйкестікті растау жөніндегі сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлімдеген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін. Тексеру мерзімі бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап есептелетін он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтініш берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы қамтылуы керек. Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтініш берушіге ұсынылады. Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін жазбаша түрде аккредиттеу жөніндегі органға ұсына алады. Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтініш берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай: 1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материалдарды қарау туралы; 2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі. Өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оларды жойғаны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлайды, одан кейін аккредиттеу жөніндегі орган оған қайта тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топтың өтініш берушінің орналасқан жеріне келген күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі. Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге құжаттар жиынтығымен бірге дәлелді бас тарту жіберіледі. Аккредиттеуден кейінгі шарт Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады. Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары: 1) шарттың мәні; 2) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 3) жұмыстардың құны; 4) инспекциялық тексерулерді жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері; 5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі; 6) тараптардың жауаптылығы болып табылады. Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді. Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар: 1) заңды тұлғаның таратылуы; 2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы; 3) аккредиттеу аттестатынан айыруы; 4) аккредиттеу аттестатының жойылуы; 5) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда оны қайтарылмауы; 6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктерді жоймауы; 7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу негіз болып табылады. 5) және 6) тармақтарда көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтату датасы тиісінше аккредиттеу аттестатын қайтару датасы не сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі. Аккредиттеу нәтижелерін мойындауСертификаттау процедурасы енгізілгеннен бері сертификатталған тауарды импорттау үшІн рұқсат алуға жүмсалатын уақыт қыскаратын болды, өнімді қабылдаушы елде екінші рет тексеру (сынау) қажетсіз болатын болды. Мүндағы бір жағдай - сэйкестік сертификатының қабылдаушы мемлекетпен мойындалуы керек. Осыған орай импорттаушы мемлекеттің сэйкестік сертификатының мойындалуы өзара сауда байланыстарын нығайту сайманы болып табылады, яғни халықаралық саудаға жэрдемдеседі.Сонымен қатар үлттық сертификаттау жүйелерінің көбеюі олардың бір-бірінен ажырасылатынын анық көрсететін болды. Бүл айырмашалактар мемлекетте қабылданған сертификаттаумен байланысты стандарттармен, заңдармен, сертификаттау ережелері жэне процедраларымен байланысты. Осыған орай сертификаттаудың халыкаралык саудадагы екнші ролі -техникалық кедергі екендігі айқындалды. Сертификаттаумен байланысты кедергілердІң пайда болуы жоғарыда аталған себептерден ғана емес болып табылады. Ішкі ранокты импортталған тауарлардан корғау үшІн мемлекеттер импортталған тауарлар үшін арнаулы сертификаттау жэне бақылау ережелерІн, стандарттарды енгізеді. Бүл шетелдік сертификттарды мойындау тэртібіне эсерІн тигізеді. Бүл жерде тағы да техникалық кедергілер орын алатын болады. Саудадағы техникалык кедергілер деп тауар алмасушы мемлекеттердің замнамасының, нормалары мен ережелерінІң келіспеушілігін (эртүрі болуын) айтады. Тауар өндіруші эр мемлекетте шығарылатын өнІмдердін және көрсетілетін қызметтердің олардың нормаларға, заңдарға жэне үйғарымдарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтері жүмыс тстейді (қабылданады). Сәйкестікті растаудың техникалық жэне әкімшіліктік аспектілері де ажырасады. Басқа сөзбен айтқанда зертханаларда жүргізІлетін оақалаулар әдістерін жэне бақылау, сертификаттау, аккредиттеуді жүзеге асырушы мекемелердің жүмыс істеу принциптерін және олардың қүзыреттілігін бағалауда да айырмашылықтар кездеседі. Айтылған жағдайлардан саудадағы кедергілер болып өнімге қойылат^н талаптар ғана емес, сынау, сертификаттау жэне аккредиттеуге қойылатын талаптар да табылатынын көруге болады. Соңғысы тек халықаралқ деңғейде гармонизациялау арқылы ғана жоюға болады. Саудадағы кедергілердің үш түрі кездеседі: 1) заңды күші жоқ эртүрлі үлттық өнеркәсіптІк нормалар. Бүл нормалардан өнімді импорттау, сату немесе пайдалану тэуелді болып табылады; 2) әртүрлі мемлекет Ішінде жүмыс істейтін (жүретІн) үйғарымдар. Бүл үйғарымдар заң бойынша бекітІледі жэне денсаулык сақтау, кауіпсіздік емесе қоршаған ортаны қорғау мақсатын орындаиды; 3) сертификаттау жөніндегі қосымша сынау эдістері және процедуралары. Бүлар бұйымның ұлттық нормаға немесе үйғарымға сэйкестігін қамтамасыз ету керек. Бүгінгі күнге дейін кездесетін нормативтік құжаттармен байланысты техникалық кедергілер импорттаушы мемлекетте енгізілетін тауарларды нарыққа қосу процедурасын қайта (екІнші рет) жүргізу арқылы жойылып келедІ. Шығарушы мемлекетте онда жүретін ережелер бойынша бұндай процедуралар жүргІзгеніне қарамастан. Бұдан басқа, қиыншылықтар ортақ терминологияның болмауынан; сынау әдістері гармонизацияланбағанынан, сондықтан сынаулар әртүрлі мемлекеттерду бір-бірімен салыстыруға келмейтін эдістерІмен жүргізілетінінен туындайды. Екінші жағынан тауарлар мен кһрсетілетін қызметтердің стандарттарға жэне басқа нормативтік құжаттарға сэйкестігін тек қана сынау барысында алынған сандық мэліметтердІң көмегімен растауға болады. Қазіргі кезде тауар жөнінд ақпараттың көзі болып сертификат немесе сэйкестік БелгісІ табылады. Сертификат (сәйкестік БелгісІ) тауардың қауіпсІздігінің кепілІ болып табылады. Сондықтан жоғарыда аталған кедергілердің ішінен сынақ нәтижелерін және сертификаттарды мойындамауды ерекше айтып кету керек. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау жөніндегі келісімдер Өнімді сертификаттау кезінде орын алатын техникалық кедергілерді жою, оның нарыққа үздіксіз түсіп тұруын және сертификаттарға сенімділікту арттыру үшін сертификаттау нәтижелерін және аккредиттеуді өзара мойындау механизмін зерттеп дайындау мәселесі туындады. Осыған орай ұлттық органдар сертификаттау және акредиттеу бойынша жұмыстарды мойындау процедуралары тағайындалып жүзеге асырылады. Нәтижесінде шетелдік сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі органдармен берілген сертификаттар және аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тең құжаттар ұлттық органмен мойындалуы мүмкін, егер қолданылатын процедуралар мен талаптар бірдей болса. Сертификаттаулық кедергілерді жою мақсатында сертификатты шетелде мойындауға елдер арасында жасасатын өзара мойындау жөніндегі келісімдер көмектеседі. Бұл келісімдер сәйкестікті бағалау және оны мойындау процедураларын ауқымдайды. Өзара мойындауға бұдан басқа, өзара ақпарат бері, түсініктеме беру және кеңес беру кіреді. Мойындау жөніндегі келісім деп бір жақ екінші жақпен берілген сертификаттау жүйесінің бір немесе бірнеше бекітілген функционалдық элементтерін қолдану арқылы алынған нәтижелерді қабылдауында негізделген келісімді айтады. Импортталатын өнімдерге өз қнімдері үшін қолданылатын режимнен төмен емес режимдердің қолданылу принцибі мойындау жөніндегі келісімнің жалпы принцибі болып табылады. Саудадағы кедергілермен және оларды жою жолдарымен байланысты болып табылатын бұл принцип тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісімнің (ГАТТ/ВТО) Ережелерінде де жазылған. Келісімдер ұлттық, региондық немесе халықаралық деңгейде жасалады және басқа жақтың (жақтардың) қызметін мойындайтын мемлекеттердің санына байланысты бір жақтық, екі жақтық және көп жақтық болады. Бір жақтық келісім екінші бір жақтың нәтижелерін мойындау болып табылады. Екі жақтық келісім екі жақтың жұмыстарының нәтижелерінің өзара мойындалатынын көрсетеді (сурет). А сәйкестікті растау органы 1 - жеткізуші А мемлекеті В мемлекеті Сурет. Өзара мойындау жөніндегі екі жақтық келісім Екі жақтық келісімің кемшіліктері: келісімге отырған мемлекеттердің саны шамалы (екі мемлекетк қана) келісімге отыру және оны күшінде сақтауға көп уақыт және қаржы жұмсалады. Көп жақтық келісім – екіден көп жақ қатысатын жұмыстардың нітижелерін мойындау жөніндегі келісім. Еуропалық бірлестіктерде аккредиттеуді өзара мойындау бірлестікке мүшелікке кірумен бірге автоматты түрде пайда болмайды. Мойындау арнаулы келісім, мысалы сертификаттау жөніндегі органдарды өзара мойындау туралы көпжақтық келісім (MLA – Multilateral Recognition Arrangement) негізінде жүзеге асырылады. Өзара мойындау ұйымды, сапа жүйесі мен практикада қолданылатын процедураларды тексеру нәтижесінде осындай келісімдерге қол қойылғаннан кейін ғана орын алады. Тексеру арасына бірнеше жыл өткізіп қайталанатын болады. Халықаралық практикада көп жақтық келісім (MLA) арнайы құжаттардың көмегімен, мысалы өзара түсінушілік жөніндегі меморандум (MoU – Memorandum of Understanding) арқылы жүзеге асырылады. Көп жақтық келісімге кіру мүмкіндігін алу үшін, мысалы, мынадай талаптарға сай болу керек: ұлттық аккредиттеуші органның аккредиттеу облысында белгілі тәжірибесі болуы керек; бірегей аккредиттеу критерийлері қолданылуы керек; сынақ зертханаларында жүргізілетін салыстырмалы сынақтар бірдей техникалық базада орындалуы керк; өзара бағалау жұмыстарына қатысу керек; ашық болу керек. Бұндай келісімдер бойынша қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ мүмкіншіліктері бірдей болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда келісімге қатысушылардың қарым қатынастары дұрыс болмауы мүмкін. Әсресе екі жақтық келісімдерде. Аккредиттеу жөніндегі Халықаралық форумы (IAF) өзара мойындауды аккредиттеуші органдар деңгейіде жүргізуді ұсынады. Бұндай жағдайда қатысушылардың саны едәуір көп болуы мүмкін (сурет). А – аккредиттеуші орган; С – сәйкестігін растаушы орган; Ж – жеткізуші Сурет. Халықаралық өзара мойындау механизмі Бақылау сұрақтары: Аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер Техникалық комитеттердің функциялары Техникалық комитет мүшелерінің құқықтары Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау Аккредиттеуден кейінгі шарт Аккредиттеу нәтижелерін мойындау жөніндегі келісімдер Аккредиттеу нәтижелерін мойындауМойындау жөніндегі келісім Көп жақтық келісім Қолданылатын әдебиеттер: Негізгі 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с. 2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с. 3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с. Қосымша 1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008 2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі ережелер 3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі |